
2020 жылғы 14 желтоқсанда Астана декларациясының қабылданғанына екі жыл толуына орай МСАК-тың Операциялық тетігін іске қосу және COVID-19 пандемиясы жағдайында аталған көмек түрін тиімді ұйымдастыру мәселелері қаралады.
Іс-шараны ДДСҰ, ЮНИСЕФ және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырады.
Іс-шара бағдарламасы:
16: 00-17: 00 ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросы директорының төрағалығымен жоғары деңгейдегі пленарлық отырыс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің, ДДСҰ Бас директоры мен орынбасарының, ЮНИСЕФ атқарушы директоры, сондай-ақ бүкіл әлемнің Денсаулық сақтау министрлерінің қатысуымен өтеді.
17:00 - 17:45
Қатысушылар 5 тақырып бойынша өтетін дөңгелек үстелдің бірін таңдайды, оның барысында жоғары лауазымды тұлғалар Операциялық механизмнің тетіктерін талқылайды.
1 дөңгелек үстел: Басқару және саясат негіздері
2 дөңгелек үстел: Күтім жасау модельдері
3 дөңгелек үстел: Адами ресурстар
4 дөңгелек үстел: Денсаулыққа арналған сандық технологиялар
5 дөңгелек үстел: Қаржыландыру / стратегиялық сатып алу
Тікелей эфир және іс-шара туралы толық ақпарат сілтемеде
Іс-шара туралы бейне ақпарат сілтемеде