Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Тұңғыш Президент Күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл Тәуелсіздік тарихындағы айтулы мемлекеттік мереке. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегендігі мен дана саясатының арқасында Қазақстан басты құндылықтардың бірі халық денсаулығы саналатын әлеуметтік мемлекетті дамыту жолына түсті.
Елбасының денсаулық сақтау саласын реформалауға қатысты батыл бастамаларының нәтижесінде озық технологиялар енгіздік, заманауи медициналық кластер құрдық және қазақстандық дәрігерлер шетелдік үздік клиникаларда білімін жетілдіріп жүр.
Елімізді, бүкіл әлемді әбігерге салған пандемия басталғанда Елбасының сарабдал саясаты коронавирус инфекциясының таралуын бақылауға, кадрлық, қаржылық, ауруханалық ресурстарды жұмылдыруға мүмкіндік берді.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жаңа індетке қарсы күресу үшін қысқа мерзімде жаңа 13 инфекциялық аурухана салынды, ал 2025 жылға қарай 20 заманауи көпбейінді денсаулық сақтау нысаны пайдалануға беріледі. Президенттің тапсырмасы бойынша COVID-19 науқастарын емдеуге тартылған медицина қызметкерлеріне үстмақы төленеді, ал дәрігерлердің жалақысы 2023 жылға қарай экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есе жоғары болады.
Біз жаңа қауіп-қатерлерге төтеп беруге және денсаулық сақтау саласын дамыту үшін бар күш-жігерімізді салып, осы бағыттағы жұмысты тоқтатпаймыз.
Тұңғыш Президентіміз үнемі ұлттық бірлік пен жалпы тұрақтылыққа шақырады, бұл кез келген қиындықты жеңіп, ел дамуының жаңа кезеңіне шығуға септігін тигізетіне сенімдімін.
Мереке күні Отанымызға тыныштық және әрбір қазақстандыққа денсаулық пен амандық тілеймін!

Құрметпен, ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой