Бүгінде Қазақстанда перинаталдық орталықтардың базасында 22 «Бір күндік клиника» жұмыс істейді.

Бүгінде Қазақстанда перинаталдық орталықтардың базасында 22 «Бір күндік клиника» жұмыс істейді.

 Ағымдағы жылдың алты айында онда шамамен 66 мың жүкті әйел бастапқы скринингтен өтті. Мұндай формат жүктілікке байланысты қауіптерді уақтылы анықтауға және қажет болған жағдайда болашақ аналарды қосымша тексерулерге жіберуге мүмкіндік береді.

«Жүргізілген пренаталдық диагностиканың нәтижелері бойынша оң динамика байқалады. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында ультрадыбыстық зерттеу кезінде ұрықтың туа біткен даму кемістіктерін анықтау көрсеткіші 13,8%-ға артты, ал туа біткен кемістіктермен және хромосомалық бұзылыстармен дүниеге келген балалардың саны 25,6%-ға төмендеді», – деп атап өтті өз есебінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас генетигі, профессор Гүлшара Әбілдинова.

Бір күннің ішінде жүкті әйел биохимиялық пренаталдық скринингтен өтіп, Даун синдромына күдік тудыратын көрсеткіштерді анықтау үшін қажетті заттардың концентрациясын айқындай алады. Сонымен қатар сол күні әйел ультрадыбыстық зерттеуден өтіп, генетик дәрігердің консультациясын алады. Қауіп деңгейі жоғары немесе шекті деңгейде болған жағдайда жүкті әйелге инвазивтік пренаталдық диагностикадан өту ұсынылады. Бүгінде Қазақстанның «Бір күндік клиникаларды» дамыту тәжірибесі Орталық Азия елдерінде оң бағасын алды. Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан сияқты елдер туа біткен даму кемістіктермен дүниеге келетін балалардың санын азайту мақсатында осы әдістемені өз елдерінде енгізуді жоспарлап отыр.