ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ: МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК САПАСЫН БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУДЕ

ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ: МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК САПАСЫН БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУДЕ

 ️Астанада Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыларына арналған алқа отырысы өтті.


Отырыс барысында Комитеттің негізгі бағыттар бойынша атқарған жұмысының нәтижелері қаралды. Атап айтқанда, медициналық көмектің сапасы, пациенттердің құқықтарын қорғау, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау, дәрілік заттардың қауіпсіздігі және бақылаудың цифрлық құралдарын дамыту мәселелері талқыланды.


«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындай отырып, біз «Заң және тәртіп» қағидатын мүлтіксіз іске асыруды қамтамасыз етудеміз. Анықталған әрбір заң бұзушылық тиісті бағасын алуы тиіс, ал азаматтардың сапалы әрі қауіпсіз медициналық көмек алу құқығы сенімді қорғалуы қажет. Осыған байланысты Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің рөлі күшейтіліп, оның қадағалау функциялары қайта қалпына келтірілді», – деп атап өтті А. Әлназарова.


Министрдің айтуынша, мемлекеттік бақылаудың басты мақсаты – тек заң бұзушылықтарды анықтау ғана емес, олардың алдын алу, себептерін жою және медициналық ұйымдардың жауапкершілігін арттыру.
2025 жылдан бастап қажетті рұқсат құжаттарынсыз қызмет көрсететін медициналық ұйымдарға мемлекеттік қадағалау күшейтілді. Ал 2027 жылдан бастап осындай тәсілді дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласында да енгізу жоспарланып отыр.


Алқа отырысында Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов Комитеттің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыларын таныстырды.
Баяндамасында ол мемлекеттік бақылауды дамыту, қадағалау процестерін цифрландыру, қауіпге бағдарланған тәсілді енгізу, медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін жетілдіру және дәрілік қамтамасыз етудің қауіпсіздігін арттыру бағыттарында қол жеткізілген негізгі нәтижелерге тоқталды.


Комитет жоспардан тыс тексерулерді, ана өлімі жағдайларын тергеп-тексеруді, медициналық ұйымдарды кешенді тексеруді және денсаулық сақтау саласының жекелеген бағыттарына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында медициналық қызмет көрсету саласындағы тексерулер саны 21,7%-ға артып, 769-дан 936-ға жетті.


Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласында жүргізілген тексерулердің саны 56%-ға өсіп, 117-ден 182-ге дейін көбейді.


Есептік кезеңде ана өлімінің 9 жағдайы бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп, денсаулық сақтау саласындағы 28 нысан тексерілді. Әкімшілік жауапкершілікке 12 субъект тартылып, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 18 ұсыным берілді.
Сонымен қатар наркологиялық қызметтің жұмысына мониторинг жүргізу және пластикалық хирургия қызметін көрсететін ұйымдарды тексеру жалғасуда.