27 жыл бойы өз мамандығына адал қызмет етіп, талай жанның өмірін арашалап қалған, ана болу бақытына жол ашқан жан

27 жыл бойы өз мамандығына адал қызмет етіп, талай жанның өмірін арашалап қалған, ана болу бақытына жол ашқан жан

Сіздерді №1 перзентхана анестезиология және реанимация бөлімшесінің меңгерушісі - Намазбаев Ержан Абдураимовичпен таныстырамыз.

Ержан Абдураимовичтің бүкіл еңбек жолы жансақтау және қарқынды терапиямен тығыз байланысты. Ол жылдар бойы жүкті әйелдер мен босанушы аналардың өміріне төнген аса ауыр жағдайда жанқиярлықпен еңбек етіп, олардың денсаулығын қалпына келтіруге, ең бастысы - аналық бақытты сезінуіне жол ашып келеді.

Медицина саласын таңдауы ата-анасының ақыл-кеңесінен басталғанымен, бұл мамандық оның өмірлік миссиясына айналды. Алғашқы тәжірибеден-ақ жүрек қалауымен ұштасқан жол екенін терең сезінген.

Ержан Абдураимовичтің еңбек өтілі - 27 жыл. Бүгінде оның дәрігерлік жолы отбасында жалғасын тапты: ұлы медициналық жоғары оқу орнында білім алып, кардиохирург болуды мақсат етеді.

Ержан Абдураимович, өз ісіңізге деген адалдығыңыз бен табанды еңбегіңіз үшін алғыс білдіреміз.
Өмірге келген талай тағдырдың бақытқа ұласуына қосқан үлесіңіз өлшеусіз.