ЖЫЛЫНА 300 МЫҢНАН АСТАМ ОПЕРАЦИЯ: АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ӨТКЕН ПЛЕНУМДА ХИРУРГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖЫЛЫНА 300 МЫҢНАН АСТАМ ОПЕРАЦИЯ: АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ӨТКЕН ПЛЕНУМДА ХИРУРГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Семей медицина университетінде Қазақстан Республикасы хирургтарының «Abai Surgery Plenum» атты Ұлттық ғылыми-практикалық пленумы «Хирургияның өзекті мәселелері» тақырыбында өтті.

Іс-шараға Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Муратов, Абай облысының әкімі Берік Уәли, сондай-ақ отандық жетекші хирургтар мен қазіргі заманғы медицина саласының сарапшылары қатысты.

«Елімізде жыл сайын 250–300 мыңнан астам хирургиялық операция жасалады, оның ішінде жекеменшік клиникалардағы операциялар да бар. Бұл ретте жоғары технологиялық медициналық көмектің үлесі айтарлықтай артып келеді. Заманауи аз инвазивті технологиялар, лапароскопиялық және эндоскопиялық емдеу әдістері сәтті енгізілуде, сондай-ақ кардиохирургия, нейрохирургия және трансплантология салалары белсенді дамып келеді», – деді Т. Муратов өзінің кіріспе сөзінде.

Хирургиялық бейіндегі кадрмен қамтамасыз ету 1666 маманды құрайды. Кадрлық әлеуетті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 2026 жылы 400-ден астам жас дәрігерді шығару жоспарлануда.

Осы бағытта Қазақстанның медицина университеттері мен ғылыми орталықтары мамандар даярлауда халықаралық стандарттарды белсенді енгізіп, шетелдік клиникалар және ғылыми ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейтуде.

Ауқымды кәсіби іс-шара еліміздің барлық өңірлерінен келген медициналық қауымдастық өкілдерін, Қазақстанның жетекші хирургтарын, ғалымдарды, хирургиялық қызметті ұйымдастырушыларды, тәжірибелі мамандарды, жас зерттеушілер мен резиденттерді біріктірді.

Іс-шара барысында бірқатар жетекші хирургтар «Абзал жан», «Адал еңбегі үшін» марапаттарымен, «Құрметті профессор» атағымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Пленумның шеңберінде жалпы, абдоминалдық, тамырлық, торакалдық және шұғыл хирургияның өзекті мәселелері, заманауи технологияларды енгізу, медициналық көмектің сапасын арттыру және өңіраралық кәсіби ынтымақтастықты дамыту мәселелері кеңінен талқыланды.

Қатысушылар хирургия дамуының қазіргі үрдістерін, ғылым мен практикалық денсаулық сақтаудың ықпалдасу перспективаларын талқылап, алдыңғы қатарлы клиникалық тәжірибемен алмасты.

Денсаулық сақтау министрлігінің маңызды бағыттарының бірі – өңірлер мен ауылдық жерлерде мамандандырылған хирургиялық көмектің қолжетімділігін арттыру болып қала береді.