
Бүгін еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған делегация құрамымен Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында елдің бас санитарлық дәрігері аймақтағы қазіргі эпидемиологиялық ахуал бойынша өткен жиынға қатысты. Қостанай облысының әкімі Ерлан Спанов 2020 жылдың 3 сәуірі мен 5 қарашасы аралығында аймақта коронавирус инфекциясының 3753 жағдайы тіркеліп, 3225 азамат сауығып шыққанын айтты. Соңғы тәулікте 49 жаңа жағдай анықталды, оның ішінде Қостанай қаласында – 23, Қостанай ауданында - 7, Жітіқара қаласында - 6, Лисаковск қаласы мен Қарабалық ауданында -3, Ұзынкөл ауданында 2 жағдай, Арқалық қаласында, Әулиекөл, Меңдіқара, Федоров және Денисов аудандарында 1 жағдайдан тіркелген. Аймақ басшысы жағдай үнемі бақылауда деп сендірді.
COVID-19-ға қарсы іс-қимыл бойынша Қостанай қаласында жоғары технологиялық медициналық жабдықтармен (компьютерлік томография, сандық рентген) жабдықталған 200 төсектік инфекциялық орталық ашылды, барлық төсектерге оттегі консольдері жеткізілді. Жыл басынан бері жабдықтар компьютерлік томографтармен, сандық рентгенмен және желдеткіштермен қамтылды. Қазір оттегі жеткіліксіздігін болдырмау бағытында жұмыстар жасалып, 712 оттегі концентраторы іске қосылған. Сонымен қатар, жедел жәрдем машиналары мен реанимациялық көліктердің жабдықталуы жүйеленіп, 10 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды.
Сонымен бірге, вице-министр Е.Қиясов Қостанай қаласының дәріхана желілерін аралады. Айта кетейік, дәріханаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында 538,0 млн.теңгеге тұрақтандыру қоры ұлғайтылды. Дистрибьюторлармен белсенді жұмыс жүргізіліп, фармацевтикалық ұйымдарға қаржылық көмек көрсетіледі.
Бас мемлекеттік дәрігер «СК-Фармация» ЖШС-нің қоймасында болып, Қостанай облыстық көпсалалы ауруханасының жұмысын тексерді.
«Соңғы 2 аптада республиканың барлық аймақтарында коронавирус инфекциясының жиілігі байқалды. Қостанай облысында - 3 жағдай. Сондықтан облыстық әкімдіктер күшейтілген шараларды қабылдауда. Айталық, қоғамдық тамақтану объектілеріне келушілер коэффициентін төмендетуге, іскерлік және басқа да мекемелердің жұмыс уақытын, демалыс күндері қоғамдық көліктерді тоқтатуға бағытталған шектеулер іске асырылады. Халық пен бизнес өкілдері жағдайды барынша жауапкершілікпен қарау керек, инфекция жұқтырмау және басқаларға таратпау үшін бәрін жасауы керек, бұл үшін барлығымыз белгіленген карантиндік шаралар мен қарапайым профилактикалық шараларды сақтауымыз керек », - деді Е.Қиясов.
Еске салайық, COVID-19-дың одан әрі таралуын болдырмау үшін ведомствоаралық комиссия 2020 жылдың 9 қарашасынан бастап 2 апта мерзімге Қостанай облысында карантиндік шараларды күшейту туралы шешім қабылдады. Соның ішінде:
-санитарлық блок-бекеттер КВИ ауруының күн сайынғы өсімі 10-нан астам жағдайды құрайтын елді мекендерде орнатылатын болады;
- жүк көлігі мен жолаушылардың ПТР анықтамасынсыз облысқа кіруге тыйым салынады, олай болмаған жағдайда адамдар тексеру үшін 2 күнге дейін карантиндік госпитальға жіберіледі;
- әуе қатынасы жолаушыларына теріс нәтижесі бар ПТР-анықтамалардың міндетті түрде болуы (берілген сәттен бастап 3 тәуліктен артық емес);
- Қостанай облысы елді мекендерінің аумағы бойынша тұрғындардың қозғалысы сағат 21:00-ден сағат 06:00-ге дейін шектелген.