«COVID-19 коронавирусқа қарсы вакциналарды уақытша тіркеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына

«COVID-19 коронавирусқа қарсы  вакциналарды уақытша тіркеудің  кейбір мәселелері  туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына

Коронавирус инфекциясына қарсы вакциналарды әзірлеу  арнайы  вирусқа қарсы  терапияның болмауын және  бұл  індеттің  пандемиялық сипатын ескере отырып,  бүкіл әлем қоғамы үшін   сыни маңызды міндет болып табылады.

COVID-19 емдеуге арналған  болашақ вакциналарға, тесттерге және препараттарға  ерте қол жеткізуді қамтамасыз ету  қоғаның денсаулығын сақтауға   және   коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуының алдын алу  бойынша шараларды күшейтуге мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар    қоғам мен мемлекеттің  өмір тіршілігінің  барлық салаларында  оң әсер ете алады.     

Бұл ретте  Еуропа елдерінде COVID-19 жұқтырудың жаңа жағдайлары жан-жақта  өршуде екенін атап өту қажет. Мәселен  ДДҰ Еуропалық өңірінде   COVID-19 жұқтырудың жаңа жағдайлары  10 күннің ішінде     6 млн. бастап 7 млн. дейін өскен. Күн сайын   коронавирусты  өңірдің 700 000 тұрғыны жұқтыруда – бұл пандемия басталғаннан бері  ең жоғары көрсеткіш.   9-10 қазан аралығында COVID-19  120 000 астам  адамда  диагностикаланған, бұл рекорд.  

Қазіргі уақытта барлық әлемде  әртүрлі медициналық мекемелерде және фармацевтикалық компанияларда  196 әлеуетті вакцина   әзірленуде,  он вакцина-кандидат клиникалық сынақтың   III  фазасын өтуде.

Қазақстанда  коронавирустық  инфекциядан   екі вакцина  әзірленуде. Оның біреуі QazCovid-in Қазақстан Республикасының Білімминистрлігінің  Ғылым комитетінің   биологиялық қауіпсіздік  проблемалары ғылыми-зерттеу институты әзірленді және клиникалық зерттеудің I-II фазаларын өтуде.  

ҚазАТУ  Халықаралық  вакционология  орталығы мен М. Айқымбаев атындағы  Аса қауіпті инфекциялар  ұлттық ғылыми орталығымен (АҚИҰҒО)  бірлескен  әзірлемесі болып табылатын   коронавирусқа қарсы   екінші қазақстандық  вакцина  Дүниежүзілік денсаулық сақтау  ұйымының кандидат вакциналар  тізіміне қосылды және  қазіргі уақытта  клиникаға дейінгі зерттеулерден  өтуде.  

Қазақстан Республикасында  коронавирустық инфекция бойынша  эпидемиологиялық      назарға алатын болсақ, сондай-ақ   оның өсу  үрдісі орын алуда, Денсаулық сақтау министрлігі   Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп    вакциналардың ҚР нарғыныа шығуын   жеделдету мақсатында    коронавирустан  вакциналарды уақытша тіркеу тәртібін  әзірледі.

Жобаға сәйкес  коронавирустық инфекцияның профилактикасы және емдеуге арналғанвакциналарды  уақытша мемлекеттік тіркеу бойынша рәсімді сараптама комиссиясы  жүзеге асырады, оның құрамына  медицина, биология, микрбиология,  иммунология және эпидемиология саласында қызетті жүзеге асыратын ғалымдар мен  медициналық ұйымдардың  мамандары енгізілген.   

Құжаттарды қарау  және вакциналарды уақытша тіркеу бойынша шешім қабылдау  тәуелсіздік, адалдық, алқалық және ашықтық қағидаттары сақтала отырып  жүргізілетін болады.

Оң шешім қабылданған жағдайда   тіркеу куәлігі    клиникалық зерттеудің III фазасын жүргізу кезінде пайдаланылатын  вакциналардың тәжірбиелі-өнеркәсіптік партияларының  өндірісі үшін  6 айға берілетін болады.