Әсем Нүсіпова ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

Әсем Нүсіпова ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Нүсіпова Әсем Бекқызы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Әсем Нүсіпова 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Экономика» мамандығы бойынша, 1998 жылы аталған университеттің магистратурасын бітірген.

2001-2003 жж. — Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, сектор меңгерушісі.

2003-2005 жж. — ҚР Қаржы министрінің кеңесшісі.

2005 ж. — ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі.

2005-2007 жж. — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің қорытынды сараптау бөлімінің меңгерушісі.

2007-2008 жж. — ҚР денсаулық сақтау вице-министрі.

2008-2016 жж. — «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.

2016-2019 жж. — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2020 ж. — «Астана» Халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ бас консультанты.

2020 жылғы шілдеден бастап қазірге дейін — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы.