А. Цой отандық фармацевтика мен 2025 жылға дейінгі Кешенді даму жоспары туралы баяндады

А. Цой отандық фармацевтика мен 2025 жылға дейінгі Кешенді даму жоспары туралы баяндады

Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан Республикасындағы фармацевтика саласының дамуы туралы, сондай-ақ фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары туралы айтты.

«Отандық өндірушілермен 10 жылға  ұзақ мерзімді шарт жасау бағдарламасы қазақстандық фармацевтика өндірісінің артуына негіз болады. Бірыңғай дистрибьютордың 2009 жылдан  2019 жылға дейінгі жұмыс кезеңінде дәрі-дәрмектің  3 600 атауын жеткізу үшін 32 отандық тауар өндірушімен 63 ұзақ мерзімді шарт жасалды. Оның 586-сы 2020 жылы жеткізіледі», - деді министр.

Ол COVID-19 ауруына қарсы қолданылатын дәрілік заттардың 48%  Қазақстанда өндірілетінін, бұл эпидемиологиялық жағдайда өңірлердегі сұранысты жедел жабуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Жалпы, министр келтірген  ақпарат бойынша, 10 жыл ішінде шамамен 300 млрд.теңгегеотандық  өнім сатып алынды, ал оның ТМККК шеңберіндегі үлесі бүгінде шамамен 70%  жетті.

А. Цой  министрлік отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын қабылдағанын хабарлады: тіркеу кезінде дәрілік заттар жедел сараптамадан өтеді (210 күннің орнына 70); дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бағалау 3 жұмыс күні ішінде жеделжүргізіледі; ТЖ жағдайда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қолжетімділігі оңайлатылды.

Сонымен қатар, фармацевтикалық білім берудің міндеті халықаралық сапа стандарттарының талаптарына сәйкес заманауи фармацевтикалық ұйымдар мен кәсіпорындар үшін елдің фармацевтика саласын жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрмен қамтамасыз ету. Осыған байланысты елімізде фармацевтика саласы үшін «Фармация» мамандығы даярлануда.

«Бұл мамандық еліміздегі  41 колледжде оқиды, сегіз жоғары оқу орнындағы бакалаврлар, 5 магистр және 2 ғылым докторы (PhD) бар. 2020 жылы «Фармация» мамандығы бойынша 277 фармацевт бакалавры, 16 магистр және 5 PhD докторы, «Фармация»  мамандығы бойынша орта медициналық білімі бар 853 түлек бітірді. Фармацевтика саласына барлығы 17150 маман тартылған», - деді А.Цой.

Министрдің пікірінше, үкімет отырысында қаралған фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың 2020 -2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын бекіту медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту үшін, әсіресе, жаңа дәрілік заттарды шығару, ТЖ және карантин кезеңінде жұмыс істеп тұрған өндірістердің қуатын арттыру үшін маңызды.

Кешенді жоспарда фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті қолдау мен дамытудың негізгі бағыттары көзделген: фармацевтикалық қызметті, ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысын реттейтін заңнамалық және нормативтік актілер, мемлекеттік қолдау шаралары, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, инвестиция тарту, саланы кадрмен қамтамасыз ету, дәрілік заттарды таңбалау, оларды қадағалау  және отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің қуатын арттыру.Кешенді жоспарда белгіленген іс-шараларды  іске асыру шығарылатын дәрілік заттар желісін 297 атауға және медициналық бұйымдар желісін 2348-ге арттыруды көздейді, бұл Қазақстан Республикасының дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар нарығындағы отандық өндірушілердің үлесін 2025 жылға қарай ақшалай 17 пайыздан 30 пайызға  дейін, ал заттай 39 пайыздан 50 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

«Қазақстан Республикасы нарығында отандық өндірушілердің үлесін 50%  жеткізу ұлттық дәрілік қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, ал ДДСҰ әрбір елде отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың үлесін кемінде 30 пайызға жеткізуді ұсынады», - деді А.Цой.