Вице-министр Қарағанды облысындағы бірқатар медициналық мекемелерді аралап шықты.

Вице-министр Қарағанды облысындағы бірқатар медициналық мекемелерді аралап шықты.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Қарағанды облысындағы бірқатар медициналық нысандарды аралады. Атап айтқанда, коронавирустың екінші толқынына дайындық барысын тексерді.

Ең әуелі Қарағандыдағы  №3 емхананың жұмысымен танысты. Қажетті құрылғыларды, тонометрлер мен тепловизорларды тексерді. Ажар Ғинаят балалар дәрігері болып  жұмыс істегені мәлім. Сондықтан, осы мекемедегі балаларды тамақтандыру жөнінде өтіп жатқан шеберлік сабағына қызығушылық білдіріп, мамандармен тілдесті. Сонымен қатар, вице-министрге жаңа туған нәрестелердің есту қабілетін тексеретін аппаратты және балаларды дамыту бөлмесін таныстырды.

Осыдан соң Ажар Ғиният Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасындағы инфекциялық-провизорлық  госпитальде болды. Вице-министр мекемедегі емдеу бөлімшелерін аралап көрді. Сондай-ақ, Х.Ж.Мақажанов атындағы инфекциялық госпитальдің жұмысын қадағалады. Бұл мекеме пандемия кезінде құрылған.

Ажар Ғиният осыдан кейін ситуациялық орталықта болды. Мұнда коронавирустық инфекцияға мониторинг жасайтын құрылғылар көрсетілді.

Сонымен бірге, жедел штабтың жұмысы баяндалды. Мұнда да жедел жәрдем хабарламаларына және тұмау маусымына мониторинг жүргізіледі және науқастарды ауруханаға жеткізу барысы пысықталады. Жұмыс қорытындысы бойынша вице-министр Облыстық Денсаулық сақтау басқармасында жиын өткізді.

-Дәрігердің қоғамдағы рөлі жоғары бағалана бастады, - деп атап өтті өз сөзінде. Медқызметкелердің беделі артты. Президенттің өзі айрықша назар аударуда. Жоғары жалақы тағайындап, орден беріп жатыр,- деді.

Қарағанды облысы індеттің екінші толқынына дайын екенін жеткізді. Емханалар мен ауруханалар халыққа сапалы қызмет көрсетуге тас-түйін әзір,- деді вице-министр.