Меню

Страницы

Статья

ҚР ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК БРИГАДАЛАРЫ 2022 ЖЫЛДЫҢ 7 АЙЫНДА 234 МЫҢНАН АСТАМ ПАЦИЕНТТІ ҚҰТҚАРДЫ

    Қазақстанда 2022 жылдың 7 айында жедел жәрдем шақыртуларының жалпы саны – 4 746 633. Бұл ретте шұғыл медициналық көмек көрсетуді қажет ететін ауыр жағдайдағы пациенттерге жеделдіктің 1 санаты бойынша 234 065 қоңырау қабылданды.

    2 санаттағы жеделдік бойынша 1 310 279 шақырту, 3 санаттағы жеделдік бойынша - 1 407 344, 4 санаттағы жеделдік бойынша 1 794 945 шақырту қабылданды.

    Өз кезегінде, тамыз айында COVID-19 белгілеріне байланысты шақыртулар саны 3209-ды құрады, 1476 адам ауруханаға жатқызылды.

    Қоңыраулардың жалпы санының 4,3%-ға өскені байқалады. Жедел жәрдемнің 2022 жылы 7 ай ішінде келуінің орташа уақыты 13,1 минутты құрады.

   Жалпы, Қазақстанда жедел медициналық жәрдем қызметі 18 дербес станциядан, 121 қалалық қосалқы станциядан және 291 аудандық бөлімшеден тұрады.

   Облыстық / қалалық станцияларда бір ауысымда 1483 көшпелі жедел медициналық жәрдем бригадалары жұмыс істейді, оның ішінде 279 (18,8%) мамандандырылған (дәрігерлік) және 1204 (81,2%) фельдшерлік бригада бар.

 Бүгін күні ЖМЖС балансында 2 249 бірлік санитарлық автокөлік бар, оның ішінде 1 392 бірлік қалада және 857 бірлік ауылда орналасқан.

   Сондай-ақ, ҚР ДСМ Шұғыл медицинаны ұлттық үйлестіру орталығының құрылымында Ахуалдық орталық тәулік бойы жұмыс істейді, оның мамандары 2022 жылдың тамыз айында ауыр науқастарға 2044 консультация жүргізді.

Дата публикации
06 сентября 2022
Дата обновления
06 сентября 2022
Тип
Инфографика

Сейчас читают

Ақпарат
01 июля 2026
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің жүйелері туралы жариялануға жататын мәліметтер
Хабарлама
05 июня 2026
Публичные слушания
Ақпарат
25 ноября 2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарованың Алматы қаласына жұмыс сапары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы