Меню

Страницы

Статья

ҚР Денсаулық сақтау министрінің Үкімет отырысындағы баяндамасы

Құрметті Әлихан Асханұлы!

Құрметті отырысқа қатысушылар!

2-cлайд

2021 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы бекітілді, оның негізгі мақсаты күтілетін өмір сүру ұзақтығын арттыру болып табылады.

Ұлттық жоба 4 бағыттан тұрады. Әрбір бағыт бойынша міндеттер, нәтижелердің көрсеткіштері және іске асыру іс-шаралары белгіленген.

2021 жылы 26 іс-шара іске асырылып, 17 көрсеткішке қол жеткізу қамтамасыз етілді.

Өз кезегінде, 2022 жылы ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде 34 іс-шараны орындау және 17 көрсеткішке қол жеткізу жоспарланған.

3-cлайд

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында іске асыру қорытындылары бойынша ақпарат ұсынуға рұқсат етіңіз.

Ұлттық жобаның бірінші бағыты бойынша қолжетімді медициналық көмекті қамтамасыз ету шеңберінде өткен кезеңде медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына қаралу саны 51 млн. қабылдауды құрады.

Жедел жәрдем қызметі 4 млн-ға жуық шақыртуға қызмет көрсетті, медициналық авиация 1 мыңнан астам ұшуды жүзеге асырды.

Стационарларда шамамен 1,5 млн. науқас емделді, 350 мыңнан астам операция жасалды, 200 мыңға жуық әйелді босандыру жүргізілді.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі жетілдірілді. Нәтижесінде ауылдарда 50 адамға дейін медициналық көмек көрсетуді мейіргер үй-жайсыз жүзеге асырады, ал 500 адам тұратын ауылдарда медицина қызметкерлерінің саны бірден үшке дейін ұлғайтылды.

Арнайы мамандарға кезектілікті азайту мақсатында Жалпы практика дәрігерінің жолдамасынсыз консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсету жөніндегі қағидалар бекітілді.

Өткен кезеңде күрделі және жоғары технологиялық медициналық қызметтердің 80 түрі бойынша 18 мыңнан астам қызмет көрсетілді.

Онкологиялық көмектің сапасын арттыру үшін Гамма-пышақ және ядролық медицина орталықтары жұмыс істейді, онда 300-ден астам операция жасалды және 400-ге жуық пациент емделді. Семей қаласының ядролық медицина орталығының бірегейлігін атап өткім келеді, онда өндірістен диагностика мен емдеуге дейін отандық радиофармпрепараттар толық циклде қолданылады.

Шалғайдағы ауылдардың 800 мыңнан астам тұрғыны үшін 149 жылжымалы медициналық кешен консультациялық-диагностикалық қызметтер, скрининг, дәрі-дәрмектер ұсына отырып, медициналық көмек көрсетті.

Биыл 10 өңірде (Атырау, Ақтөбе, Алматы, Абай, Жетісу, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Маңғыстау облыстары) 38 мың тұрғынға медициналық көмек көрсеткен                   2 «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздарының жұмысы қайта жанданды.

Ауылдық елді мекендерде 6 фельдшерлік-акушерлік, медициналық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы аяқталды, 17 объекті салынуда, ғимараттарды жалдау арқылы 8 объектіні ашу жоспарлануда.

Сонымен қатар, аудандық ауруханаларды заманауи компьютерлік томографтармен, рентген аппараттарымен жабдықтау 84,5%-ға дейін жеткізілді (жоспар-74%).

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған «Адамға бағдарланған тәсіл» медициналық-санитариялық алғашқы көмектің озық практикаларының жобалары енгізілуде.

Анықтама: инфекциялық емес ауруларды ерте анықтау, дұрыс тамақтануға, өмір салтына үйрету, қанайналым жүйесінің аурулары кезінде шұғыл көмек көрсету, сондай-ақ пациенттер мен халықтың медициналық қызметтер көрсету сапасын жақсарту бойынша өзара іс-қимылы, мейіргерлік қабылдау функциялары кеңейтілді.

Биылғы жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында озық практикалар көрсету бойынша  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірінің 53 мүше-мемлекеті үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша әлемдегі алғашқы демонстрациялық алаң ашылды.

Анықтама: Бұл алаң Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірінің үш елінде: Қазақстан, Испания және Швецияда бастамашылық етіледі.

«Алтын сағат» принципін шұғыл пациенттерге қамтамасыз ету үшін көпбейінді аудандық орталық ауруханалардың деңгейінде Жамбыл облысының Шу қаласында жұмыс істеп тұрған 12 ауруханаға ауданаралық аурухана ұйымдастырылды.

Астана және Алматы қалаларында екі ғылыми-инновациялық көпбейінді клиника салынуда.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде халыққа қымбат тұратын медициналық қызметтердің қолжетімділігі артты. Қазіргі уақытта 886 мыңға жуық (885 701) қымбат медициналық қызмет көрсетілді.

Медицина қызметкерлерін ынталандыру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдан бастап медицина қызметкерлерінің жалақысын 2023 жылға қарай экономикадағы орташа жалақыдан 2 есе жоғары деңгейге дейін жеткізу мақсатында жыл сайын арттыру бойынша шаралар қабылдануда. 2022 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 421 мың теңгеге дейін жеткізілді. Бұл ретте орта медицина қызметкерінің жалақысы шамамен 235 мың теңгені құрады.

Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асырудың арқасында ауылдық елді мекендерді медициналық-санитариялық алғашқы көмекпен және консультациялық-диагностикалық қызметтермен қамту жоспар бойынша 47,5% болғанда, 49,3%-ға дейін жеткізілді. Жылжымалы медициналық пункттердің қызметтерімен (жоспарлы мәні 1,2 млн.адам) 822 мың 325 адам қамтылды. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде амбулаториялық деңгейдегі медициналық көмектің көлемі 56% - ға дейін жеткізілді.

 

4-cлайд

Жүкті әйелдердің денсаулығын сақтау және балалардың денсаулығын нығайту үшін жүкті әйелдерді жеке және пәнаралық босануға дейінгі бақылаумен қамту 2%-ға ұлғайды және 81,6%-ды (2021 ж. - 80%) құрады, жүктілікті ерте анықтау коэффициенті 10 аптаға дейін 11%-ға өсіп, 40,4%-ға (2021 Ж. - 36%) жетті, бұл жүктілікті уақтылы анықтауға және жүктіліктің мүмкін асқынуларын болжауға мүмкіндік берді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында 2021 жылдан бастап 2026 жылға дейін экстракорпоралдық ұрықтандыруға жыл сайын 7000 квота бөлуді көздейтін «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы іске қосылды. Бағдарламаны іске асыру кезінде 3 мыңнан астам әйелде жүктілік басталды, көптен күткен   2 300 бала дүниеге келді.

Балалар мен жүкті әйелдерді, оның ішінде қауіп топтары бар балаларды зерттеп-қарау және консультация беру үшін Пренаталдық ультрадыбыстық зерттеу скринингін жүргізуді ұйымдастырудың жаңа стандарты бекітілді, 18 Ұрықты сақтау орталығы ұйымдастырылды. Нәтижесінде жүкті әйелдерді пренаталдық скринингпен қамту 6%-ға артып, 79%-ды құрады (2021ж-75%).

Сонымен қатар, зат алмасудың тұқым қуалайтын 49 ауруына (тандемді масс-спектрометрия әдісімен) жаңа туған нәрестелерге скрининг жүргізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды, қауіп тобындағы барлық балалар зерттеліп-қаралды (177 бала жатқызылды).

1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингпен қамту 81,5%-ға дейін артты.

Анықтама:

Неонаталдық скринингпен қамту 99,6% (445 212 бала); аудиологиялық - 75,6% (1,6 млн бала); психофизикалық 85,2% (1,7 млн бала); офтальмологиялық 88,2% (6532 бала) құрады.

Биыл жылына 5 мыңға жуық баланы қамтитын 8 балаларды оңалту орталығы (Түркістан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Ақмола және Ақтөбе облыстары) ашылды. Сондай-ақ, 3 жасқа дейінгі дамуында ауытқушылықтары бар және олардың туындау қаупі бар балаларға арналған 2 ерте араласу орталығы ашылды (Алматы және Шығыс Қазақстан обл.) және 2023 жылдың соңына дейін 10 мыңнан астам баланы қамтитын 13 орталық ашу жоспарланған.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге байланысты медициналық оңалтуды қаржыландыру 2019 жылмен салыстырғанда 7 есеге (2019 жылы – 6,7 млрд.теңге), оның ішінде балалар үшін 27% - ға ұлғайды. 2022 жылы балаларды оңалтуға 15,2 млрд. теңге (мүгедек балалардың саны– 98,2 мың) бөлінді.

Анықтама:

62 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі бала (факт - 23%, жоспар – 30% ) медициналық оңалтудан өтті.

Дәрілік заттардың тізбесіне балалардың орфандық және ауыр ауруларын емдеуге арналған 17 препарат енгізілді, 16,4 млрд.теңге бөлінді.

Ағымдағы жылдың 6 айында ана өлім-жітімінің көрсеткішін 2,4 есеге төмендетуге қол жеткізілді (100 мың тірі туғандарға шаққанда 26,4-тен 11,0-ге дейін (29жағдай)).

Сонымен қатар, ана өлімінің ең жоғары көрсеткіштері Павлодар, Қарағанды, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында байқалады.

Себептер құрылымында-акушерлік асқынулар 70%, соматикалық аурулар-30% құрады.

Нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші 1000 тірі туғандарға шаққанда 8,3-ті құрады. Нәрестелер өлімінің ең жоғары көрсеткіштері Шымкент қаласы, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында байқалады. 33% жағдайда 1 000 граммға дейін шала туған, салмағы аз балалар шетінеген (сәбилер өлімінің себептері құрылымында негізгілері – перинаталдық кезеңде туындайтын жағдайлар, туа біткен даму ақаулары және инфекциялық аурулар).

Медициналық ұйымдардың кадрлық әлеуетін нығайту үшін резидентурада медицина кадрларын, оның ішінде акушер-гинекологтар, неонатологтар және анестезиолог-реаниматологтар сияқты арнайы және тапшы мамандықтарды даярлауға арналған гранттардың саны бір жарым мыңға дейін ұлғайтылды.

Анықтама:

Педиатриялық бейіндегі резидентураның білім беру гранттары екі есе көп бөлінді – 292 («Балалар хирургиясы» - 39, «Неонатология» - 87, «Педиатрия» -146 және «Балалар онкологиясы мен гематологиясы» - 20), акушер-гинекологтар – 108, анестезиолог-реаниматологтар – 170.

 

5-cлайд

«Дені сау ұлт» ұлттық жобасының екінші бағыты бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар іске асырылуда.

Жалпы республикада инфекциялық аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

2022 жылдың өткен кезеңінде 25 инфекциялық ауру жағдайлары, оның ішінде тырысқақ, оба, туляремия, паратиф, іш сүзегі, сіреспе, дифтерия, полиомиелит, қызамық бойынша тіркелген жоқ.

2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12 нозология бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуіне қол жеткізілді.

Ағымдағы жылғы 21 мамырда Мемлекет басшысы биологиялық қатерлерді ерте анықтауға, уақтылы ден қоюға және оның алдын алуға бағытталған «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Заңға қол қойды.

2021 жылдан бастап біз инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалаудың заманауи моделіне көштік, коронавирус инфекциясын болжау және оған ден қою жүйесі құрылды, бұл инфекцияның ден қою және алдын алу шараларын жедел түзетуге мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылы біз вакцинамен басқарылатын инфекцияларды үлгілеуге, болжауға және ден қоюға кірістік.

Ұлттық жобаның шеңберінде түрлі өнімдердің – тамақ өнімдерінің, ойыншықтардың, балаларға арналған өнімдердің, құрылыс материалдарының және басқа да өнім түрлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар іске асырылады.

Мәселен, тауарлар қауіпсіздігін мониторингтеу шеңберінде ағымдағы жылы тамақ өнімдерінің 23 мыңға жуық үлгісі зерттелді, оның ішінде 3 мыңнан астам сынама немесе                  13,2%-ы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді.

Өнімнің қауіпсіздігін бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында зертханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту жүргізілуде.

Ағымдағы жылы бірқатар өңірлерден дәлдігі жоғары жабдықтар сатып алынды.

Түрлі өнімдердегі бояғыштарды, хош иістерді, дәрумендерді, ауыр металдардың тұздарын анықтау бойынша жаңа зерттеу әдістемелері енгізілуде, сондай-ақ мамандарды оқыту жүргізілуде.

Бұл шаралар ағымдағы жылдың өзінде техникалық регламенттерде белгіленген айқындалатын көрсеткіштер тізбесін 84%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

 

6-cлайд

«Отандық өндірістің қолжетімді дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары» үшінші бағыт бойынша 2021 жылы фармацевтикалық нарықтың жалпы көлемі 820,2 млрд.теңгені құрағанын атап өткен жөн, мұнда жергілікті фармацевтикалық нарықтағы отандық өндірістің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарының үлесіне 198,8 млрд. теңге келеді, бұл 24%-ды құрайды.

Бүгінгі таңда елімізде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 89 өндірушісі жұмыс істейді.

Анықтама:

33 дәрілік заттарды өндіруге мамандандырылған, 41 медициналық бұйымдарды өндіруші және 15 медициналық техниканы өндіруші. Өндірілетін өнімнің саны 1021 - ДЗ атауы және 1087-МБ атауы.

Отандық өндірушілерді қолдаудың негізгі тетігі 10 жылға дейінгі мерзімге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу болып табылады. Бірыңғай дистрибьютор 92 ұзақ мерзімді шарт жасады.

Анықтама:

2025 жылға дейін 804-тен астам жаңа дәрілік зат пен 3944 медициналық бұйымды жеткізу жоспарланған. Қолданыстағы ұзақ мерзімді шарттар бойынша дәрілік заттардың 316 түрін және медициналық бұйымдардың 428 түрін өндіру жолға қойылған.

ДЗ 33 өндірісінің 27 өндірушісі GMP стандартына сәйкес келеді (85%), бұл ретте отандық 2 ірі өндіруші өндірілген дәрілік препараттарды («Химфарм» АҚ және «Нобель АФФ» АҚ) шетелге экспорттай алады.

Елімізде дәрілік заттар бойынша 3 сынақ зертханасы жұмыс істейді.

Анықтама:

Клиникаға дейінгі зерттеулерді, генериктердің биоэквиваленттілігін жүргізу және медициналық бұйымдарды сынау жөніндегі зертханалар.

Министрлік қымбат бағалы инновациялық өнімдер өндірісін дамытуға, саланы технологиялар трансфері, оны цифрландыру бағытында ілгерілетуге, сондай-ақ кластерлік бастаманы дамытуға негізгі мән береді.

Қазіргі уақытта Министрлік Ақтөбе, Астана және Шымкент қалаларында осы аумақтарда өндірістік алаңдар мен озық медициналық жоғары оқу орындарының болуына, сондай-ақ еркін экономикалық және индустриялық аймақтардың болуына байланысты 3 кластерлік аймақ құруда.

7 жетекші фармацевтикалық компаниямен (Hoffmann-La Roche (Швейцария), Novo Nordisk (Дания), AstraZeneca (Ұлыбритания), Sandoz (Швейцария), TAKEDA (Жапония), Pfizer (АҚШ), ATABAY (Түркия) келісімшарт өндірісінің 13 инвестициялық жобасы бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын атап кеткен жөн.

Бұл ретте тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жергілікті мазмұндағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу үлесі жоспар бойынша 37% болғанда 33%-ға жетті.

 

7-cлайд

Төртінші бағытты іске асыру шеңберінде саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында қант диабеті, жүрек-қан тамырлары аурулары, онкология, созылмалы респираторлық аурулар сияқты инфекциялық емес аурулардың профилактикасы және азайту жөніндегі шаралар, сондай-ақ алкоголь мен темекі бұйымдарын тұтынуды қысқарту жөніндегі шаралар іске асырылуда.

Психикалық және репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелері бойынша жастар орталықтарының қызметтерімен 315 мыңға жуық жасөспірімдер мен жастар қамтылған.

Сонымен қатар, профилактикалық шараларды одан әрі дамыту үшін 13-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің арасында балалардың семіздігі мен темекі өнімдерін тұтыну бойынша зерттеулер аяқталуда.

 

8-cлайд

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Ұлттық жобаның іс-шараларын іске асыру халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік бергенін атап өткен жөн.

Қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімнің 16,8%-ға, қатерлі ісіктерден 7,9%-ға, тыныс алу ағзаларының ауруларынан 16,7%-ға және туберкулезден 11,8%-ға төмендеуі халықтың жалпы өлім-жітімінің 10,7%-ға (2022 жылы-1000 тұрғынға шаққанда 7,25, 2021 жылы-8,12) төмендеді. Сондай-ақ, ана өлімі 58,3%-ға төмендеп, 100 мың тірі туғандарға шаққанда 11,0-ді құрады.

Алайда, сәби өлімі жоғары деңгейде қалып отыр. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда бұл көрсеткіштің 6,5%-ға өсуі байқалады.

Көрсеткіштердің ең нашар мәндері Қостанай облысында (1000 тірі тулғанға шаққанда 12,58) және Шымкент қаласында (1000 тірі туғанға шаққанда 13,58) байқалады.

 

9-cлайд

2021 жылдың қорытындысы бойынша біз ұлттық жобаның барлық іс-шараларын орындауды, сондай-ақ көрсеткіштердің жоспарлы мәндеріне қол жеткізуді қамтамасыз еттік.

Жамбыл, Павлодар, Алматы облыстары мен Астана қаласында іс-шаралардың ең көп орындалуы және көрсеткіштерге қол жеткізуі байқалады.

Ұлттық жоба өткен жылдың күзінде бекітілгенін және 2021 жылы іске асыру қысқа мерзімде жүзеге асырылғанын айта кеткен жөн. Сондықтан бірқатар өңірлер жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізе алмады.

Соған байланысты өңірлердің басшыларынан көрсеткіштерге қол жеткізуді және 2022 жылғы іс-шаралардың орындалмауына жол бермеуді сұраймын.

 

Құрметті Әлихан Асханұлы!

«Дені сау ұлт»  ұлттық жобасын Министрлік әкімдіктермен бірлесіп, жобалық тәсілді қолдана отырып іске асыруда. Ұлттық жобаны іске асыру халық денсаулығының көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған. Біз ел азаматтарының өмір сүру ұзақтығын арттыру жобасының негізгі мақсатына қол жеткізу үшін барлық күш-жігерімізді саламыз – бұл біздің стратегиялық мақсатымыз және оған міндетті түрде қол жеткіземіз.

 

Назарларыңызға рахмет!

Дата публикации
03 октября 2022
Дата обновления
03 октября 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
01 июля 2026
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің жүйелері туралы жариялануға жататын мәліметтер
Хабарлама
05 июня 2026
Публичные слушания
Ақпарат
25 ноября 2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарованың Алматы қаласына жұмыс сапары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы