Құрметті Әлихан Асханұлы!
Құрметті әріптестер!
2-слайд
Бүкіл әлемде коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуі жалғасуда.
Елімізде пандемия басталғаннан бері ресми статистикаға сәйкес коронавирустық инфекциямен 1 млн 400 мыңнан астам адам ауырып, аурудың 5 толқыны болды.
Маусымның 20-сынан бастап республика бойынша КВИ-нің келесі көтерілуі басталды.
Соңғы екі аптада ауырған адамдардың саны (10 714 жағдайдан 34 550 жағдайға дейін) 3,2 есеге өсті.
Өткен тәулікте КВИ-дің оң нәтижесімен 2021 жағдай, КВИ-дің теріс нәтижесімен 1 жағдайы тіркелді, өлім-жітім тіркелген жоқ.
3-слайд
Эпидемиологиялық жағдайды бағалау үшін Омикронның нұсқасының сипаттарын, денсаулық сақтау жүйесіне жүктемені және саланың дайындығын ескере отырып, Министрлік 15 шілдеден бастап сырқаттанушылық көрсеткішін 100 мың тұрғынға шаққандағы ауруханаға жатқызу көрсеткішіне ауыстыра отырып, ағымдағы матрицаны өзектендірді.
Бағалау матрицасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы сары аймақта, Қазақстан Республикасы және қалған өңірлер жасыл аймақта тұр.
4-слайд
КВИ-дың өсуіне байланысты өңірлерде эпидемиологиялық бақылау мен профилактикалық жұмыс күшейтілді.
Аурудың ең көп өсуі еліміздің 6 өңірінде байқалады, онда соңғы екі аптада сырқаттанушылық 5 есе және одан жоғары өсті, оның ішінде Ақтөбе облысында – 8,2 есе, Батыс Қазақстан облысында – 6,7 есе, Қарағанды облысында – 6,4 есе, Павлодар облысында – 6,3 есе, Ақмола облысында – 6 есе, Қостанай облысында – 5 есе көтеріліп отыр.
Ауру 3-тен 5 есеге дейін өскен өңірлердің екінші тобына республиканың 5 өңірі жатады. Өңірлер слайдта көрсетілген.
Анықтама үшін: СҚО – 4,5 есе, Нұр-Сұлтан – 3,8 есе, Маңғыстау, Қызылорда облыстарда – 3,7 есе, Атырау – 3,3 есе.
Аурудың 3 есеге дейін өсуі еліміздің 6 өңірде байқалады.
Анықтама үшін: Жамбыл – 2,6 есе, Түркістан облысы – 2,4 есе, Алматы қаласы – 2,2 есе, ШҚО – 2,1 есе, Алматы облысы, Шымкент қаласы – 1,4 есе.
Соңғы аптада Алматы қаласында КВИ-ның эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтандыруы байқалады.
5-слайд
Бүкіл әлемдегі сияқты, Омикрон ВА.5 штамының нұсқасы тудырған COVID-19-дың кезекті толқыны ағымдағы жылғы шілдеде елімізде жүргізілген генетикалық зерттеу нәтижелері бойынша зерттелген үлгілердің 70%-да анықталды. Бұл нұсқа жоғары жұқпалығымен сипатталады және Дельта нұсқасымен салыстырғанда әлдеқайда ауру жеңіл өтеді.
Бұл науқастардың 94%-дан астам амбулаториялық жағдайда емделетіндігімен де расталып отыр.
Стационарлық ем қабылдайтын пациенттерді талдау кезінде 36%-ы 18 жасқа дейінгі балалар, 64%-ы ересектер екені, ал ауырған барлық адамдардың 52%-нда қосалқы созылмалы аурулары бар екені анықталды.
Өткен жылмен салыстырғанда КВИ-ға күдікті жедел медициналық көмекке шақырулар саны 3,7 есеге азайғанын атап айтқым келеді, бұл көрсеткіш те аурудың жеңіл түрде өтіп жатқанын айқындайды.
6-слайд
Құрметті Әлихан Асханұлы!
Денсаулық сақтау саласына түскен жүктемеге келетін болсақ, бүгінгі күні инфекциялық төсек-орынмен қамту 30%-ды, реанимациялық төсек-орынмен қамту 7%-ды құрайды.
Төсек-орын қорының қозғалысын бақылау онлайн режимде жүргізіледі, орынмен қамтылуды қадағалау үшін интерактивті карта онлайн режимде өңірлер бойынша медициналық ұйымдар деңгейіне дейін ахуалды бағалауға және жедел ден қою шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.
Бұл Әкімшіліктерге, денсаулық сақтау басқармаларына қолжетімді, және күнделікті шешім қабылдауға ыңғайлы.
7-слайд
Министрлік коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу және тұрақты негізде уақтылы эпидемияға қарсы шаралар қабылдау мақсатында өңірлермен ахуалды бағалау бойынша штабтар жүргізілуде және жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шараларды қабылдануда. Сондай-ақ халықты ақпараттандыру мақсатында брифингтер, бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде медицина саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен кездесулер де барлық өңірлерде өткізілуде.
КВИ-ға медициналық ұйымдардың дайындығы тұрақты негізде қамтамасыз етілуде, бүгінгі күні 189 медициналық ұйымда 4900-ден астам ковидтік төсек-орын, 620 реанимациялық төсек-орын, резервте 20 мыңнан астам төсек-орны бар.
Емханалар деңгейінде 5 700 ұйым және 2 400-ге жуық көшпелі мобильді бригада, оның 1000-нан астам ауылда медициналық көмек көрсетуде. Резервте 1 610 мобильді бригадалар бар.
8-слайд
Ауырған адамдардың 80%-ы егілмеген адамдар немесе 6 ай бұрын егілген адамдар екенін ескерсек, уақытылы КВИ-ға қарсы ревакцинациямен қамту қажет екендігін көрсетеді.
Бүгінгі күні ревакцинацияны 5,0 млн.астам адам алды (ревакцинацияға 7 млн 430 мың адам жатады), бұл тиісті контингенттің 68% - ын құрайды.
Ревакцинацияны одан әрі жалғастыру қажет.
Құрметті Әлихан Асханұлы!
9-слайд
Елімізде коронавирустық инфекцияның өсуіне байланысты, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының өзектенуін ескере отырып, аймақтар бойынша шектеу шаралары қайта қаралды және бұл шараларды Ведомствоаралық комиссия мақұлдады.
Мәселен, жасыл және сары аймақтарда шектеу шаралары бизнес объектілерінің қызметін шектемей, инфекция көзін оқшаулауға бағытталған. Яғни объектілерде санитарлық-дезинфекциялық тәртіпті күшейту, қоғамдық орындарда, қоғамдық көлікте медициналық масканы қолдануды ұсынылады.
10-слайд
Қызыл аймақта шектеу шаралары денсаулық сақтау жүйесінің жүктемесіне байланысты екі кезеңмен қабылданады.
Бірінші кезеңде – R - бірден артық болғанда және 100 мың тұрғынға шаққанда ауруханаға жатқызу көрсеткіші 25,0-ден 50,0-ге дейін болған кезде:
- бизнес шектеусіз жұмыс жасайды;
- міндетті түрде маскалар жабық үй-жайларда, көліктің барлық түрлерінде пайдаланады.
Екінші кезеңде R-ға қарамастан, 100 мың тұрғынға шаққанда ауруханаға жатқызу көрсеткіші 50,0-ден астам болған кезде:
- объектілерде «Ashyq» қосымшасы міндетті түрде пайдаланады;
- көпшілік іс-шараларды өткізуге байланысты бизнес объектілерінің толымдылығы 50% - ға дейін шектеледі .
- білім беру ұйымдарына қосымша шектеулер енгізіледі;
- ұйымдар қызметкерлері 30%-ы қашықтықтан жұмыс істеуге ауысады;
11-слайд
Қызыл аймаққа көшу және шектеу шараларын енгізу бизнестің және халықтың профилактикалық шараларды ұстану жағдайына байланысты болады.
Алайда, слайдта көріп отырғанымыздай, сары аймақтағы Нұр-Сұлтан қаласында үй-жайларда көп адам қатысатын көпшілік іс-шаралар жүргізіледі және медициналық масканы кию, әлеуметтік қашықтық талаптары сақталмайды, бұл астанада инфекцияның одан әрі таралуына алып келіп отыр.
Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және бизнестің шектеусіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін бизнес объектілерде санитариялық-дезинфекция режимін сақтау және халықтың қызметтер алу кезіндегі қауіпсіздігін сақтау қажеттілігі туралы тағы да қайта еске саламыз.
Назарларыңызға рахмет!