Меню

Страницы

Статья

ДЕРБЕС ТӨЛЕУШІЛЕР МӘМС МӘРТЕБЕСІН СОҢҒЫ 12 АЙДА ТӨЛЕМ ЖАСАМАЙ-АҚ ҚАЛАЙ АЛА АЛАДЫ?

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру 2020 жылдан бастап жұмыс істейтініне және МӘМС төлемдері міндетті болып табылатынына қарамастан, шамамен 3,3 млн адам әлі күнге дейін сақтандырылмаған күйінде қалып отыр, оның ішінде 1,5 млн-ы ауыл тұрғындары. Бұл халықтың 17,4%-ы.

Көпшілігінде расталған тұрақты табысы және жұмыссыздардың әлеуметтік мәртебесі жоқ, осыған байланысты жарналарды бірде-бір рет төлемеген немесе мұны жүйесіз жасаған, бұл оларды сақтандыру мәртебесінен және МӘМС есебінен медициналық көмек алу мүмкіндігінен айырады. Ауырып қалған жағдайда мұндай адамдар ақылы медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болады, бұл оларды қаржылық қиындыққа әкеледі.

Бүгінгі таңда, қолданыстағы ережелерге сәйкес, МӘМС жүйесінде медициналық көмекке қол жеткізу құқығын алу және сақтандыру мәртебесін қалпына келтіру үшін алдыңғы 12 айға жарналарды төлеу және әрі қарай ай сайын төлем жасау қажет. Тәжірибе мен өтініштерді талдау көрсеткендей, бұл қазақстандықтардың отбасылық бюджетіне қатты әсер етеді. Сонымен қатар, жұмыс істемейтін адамдар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар медициналық көмек көрсетілмеген өткен кезең үшін жарналар төлеуге мүдделі емес.

Осы сәттерді және халықты МӘМС жүйесіне қатысуға тартудың маңыздылығын ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі дербес төлеушілер үшін баламалы және неғұрлым тартымды тетікті ұсынады – өткен 12 ай үшін жарналарды төлемей, оның орнына бір жыл бұрын жарналарды бірыңғай төлеммен төлеу және жарналарды жыл бойы төлеген күннен бастап сақтандыру мәртебесін алу.

Сақтандырылмаған халықтың шамамен 30% - ы осы тетікті пайдаланады деп күтілуде, тиісінше оларға МӘМС жүйесінде медициналық көмек қолжетімді болады.

Сонымен қатар, өткен кезеңде берешегі жоқ дербес төлеушілердің МӘМС жарналарын ай сайын төлеу құқығы сақталады. Ағымдағы жылы дербес төлеушілер үшін жарна мөлшері айына 3 мың теңгені, 12 айға 36 мың теңгені құрайды.

Мемлекет басшысының халықтың табысын арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында әзірленген бұл заң жобасы «Ашық НҚА» электрондық үкімет порталында орналастырылған және талқылау үшін ашық болып табылады. Айта кетейік, жарналарды дербес төлеушілердің 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін 12 ай бұрын төлеу мерзімін анықтау ұсынылады.

Дата публикации
25 апреля 2022
Дата обновления
25 апреля 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 июля 2026
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің жүйелері туралы жариялануға жататын мәліметтер
Хабарлама
05 июня 2026
Публичные слушания
Ақпарат
25 ноября 2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарованың Алматы қаласына жұмыс сапары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы