Меню

Страницы

Статья

АЛЬЦГЕЙМЕР АУРУЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Жыл сайын, 21 қыркүйекте әлемде Халықаралық Альцгеймер ауруы туралы ақпарат тарату күні аталып өтіледі.

Бұл күні бүкіл дүниежүзіндегі ұйымдар Альцгеймер және деменция ауруы жайында халықты хабардар ету үшін күш біріктіреді.

Альцгеймер ауруы – үдемелі ұмытшақтық пен ми қыртысындағы бұзылыстар салдарынан болатын жаппай дименция арқылы білінетін кәріліктен алжудың бір түрі. Аурудың негізінде мидың, негізінен оның қыртысының диффузияланған атрофиясы жатыр, ол кәріліктен алжудың басқа түрлеріне қарағанда табиғи ошағының үлкендігімен ерекшеленеді.

Статистика бойынша адам Альцгеймер ауруына шалдыққаны анықталғаннан кейін орта есеппен 7 жылға жуық өмір сүреді, тек 3%-ы ғана 14 жылдық межеден асады.

Деменцияға қатысты ақпараттың тапшылығы өзекті проблема саналады. Көп адамдар, бұл аурудың қартаюдың қалыпты бөлігі деп жансақ ойлайды.

Альцгеймер аурыныың өршуіне әсер ететін ең маңызды қауіп факторы – адамның жасы. Альцгеймер ауруына шалдыққандарды көбінің жасы 65-тен жоғары. Әйтсе де, бұл ауру 65-тен кіші жастағы адамдарда да кездеседі.

Альцгеймер ауруы қартаюдың қалыпты күйі емес екенін түсіну маңызды. Есте сақтау қабілетінен айырылу, әдетте, Альцгеймер ауруның алғашқы ескерту білгілері болып табылады. Есте сақтау қабілетінен айырылудан бөлек аурудың алғашқы сатысында мынадай белгілер кездеседі: адам таныс жерлерде адасып қалады, ақша санағанда, шот төлегенде қиналады, бір сұрақты бірнеше рет қояды, күнделікті істеп жүрген ісін орындауға көбірек уақыт жұмсайды, заттарын жоғалтып алады, табан астынан көңіл-күйі нілдей бұзылады.

Бұған қоса,гипертония, жоғары мөлшердегі холестерин (дислипидемия), атеросклероз, қант диабеті, cеміздік, дұрыс тамақтанбау, аз қимылдау, бастың жарақаты, тыныштандыратын дәріні көп ішу, шылым шегу, әсіресе ара-тұра шылым шегу, лас ауа, пестицидтер – осының бәрі Альцгеймер ауруын тудыруы мүмкін қауіпті факторларға жатады.

Деменцияны неғұрлым ерте анықтап, дәрі-дәрмексіз емделуді бастау өте маңызды. Бұл дәрі қабылдауды 4,3 жыл кейінге қалдырады әрі госпитализация мерзімін 4 есе қысқартады.

Қазіргі таңда еліміздегі жетекші медициналық оқу орындарындағы жүйке аурулары, психиатрия, геронтология кафедралары дәрігерлерді когнитивті дисфункция, дименция туралы хабардар ету үшін үлкен оқу-ағарту қызметін жүзеге асырады.

Егде және қартаң жастағы неврологиялық және психикалық бұзылыстар, нақтырақ айтқанда Альцгеймер типіндегі дименция Қазақстандағы медициналық жоғары оқу орындарының барлық білім беру сатысында оқытылады.

Қазақстанда уақытынан бұрын қартаю белгілері бар егде жас тобындағы пациенттерге гериатриялық және геронтологиялық көмек амбулатория-емхана, стационар, стационар алмастырушы деңгейлерінде ұйымдастырылады.

Жалпы тәжірибе дәрігерлері, терапевтер, неврологтарға арнап «Егде жастағы орташа когнитивтік бұзылыстардың диагностикасы және профилактикасы» атты әдістемелік ақыл-кеңес жинағы жарық көрді. Ол жерде орташа когнитивті бұзылысты диагностикалау алгоритмі жазылған. Сонымен когнитивті бұзылыс мәселелері бойынша семинарлар, вебинарлар, интерактивті шеберлік сағаттары, «Нейродегенеративті аурулар» біліктілікті арттыру циклі, нейродегенеративті үдерістерге екпін қоя отырып, неврологтар мектебі тұрақты өткізіледі.

Ауру белгілерін ерте анықтап, қауіп факторын бағалау үшін мамандар тобы Қазақстан үшін MyMind тестін бейімдеді. Бұл халықаралық сауалнама кез келген адамға дәрігерге көріну қажеттілігін анықтауға көмектеседі.

С.Асфандияров атындағы ҚазҰМУ жүйе аурулары кафедрасының қызметкерлері Алматыдағы персоналы оқытылған және деменция мен когнтивті бұзылыстардың негізгі қауіп факторлары анықталған №15 емханада 60 жас және одан жоғары жастағы адамдар арасында жүргізген когнитивті бұзылыстар скринингі орташа когнитивті бұзылыстың таралу ауқымы өте жоғары – 30%-дан жоғары екенін көрсетті. Бұл 5-10 жылдан кейін деменцияның дамуына әкелетін жағымсыз болжамға себеп болуы мүмкін.

Дата публикации
22 сентября 2022
Дата обновления
22 сентября 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 июля 2026
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің жүйелері туралы жариялануға жататын мәліметтер
Хабарлама
05 июня 2026
Публичные слушания
Ақпарат
25 ноября 2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарованың Алматы қаласына жұмыс сапары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы