Меню

Страницы

Статья

Денсаулық сақтау министрлігінде "Омикрон" штаммымен ауыратын науқастарға көмек көрсету бойынша өңірлердің дайындығы талқыланды

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният "Омикрон" КВИ-мен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету бойынша өңірлердің дайындығы жөнінде кеңес өткізді.
Іс-шараға ҚР ДСМ департаменттері мен комитеттерінің басшылары, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері және өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының басшылары қатысты.

ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Азамат Дүйсенов өңірлерде COVID-19 ауруының күрт өскені туралы баяндады.

Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында соңғы 4 күнде КВИ жұқтырудың жаңа жағдайларының саны 170-тен 1442 жағдайға дейін артты.

"Аурудың күрт өсуіне байланысты өңірлер "Омикрон" КВИ - мен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге жедел дайындалуы қажет", - деп атап өтті А.Дүйсенов.

Айта кететін жайт, бүгінде республикада барлық МСАК ұйымдарында КВИ бар пациенттерге уақытылы медициналық көмек көрсету мақсатында МСАК деңгейінде COVID-19-бен ауыратын науқастарды бақылау бойынша мобильді бригадалар ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңда 3270 мобильді бригада жұмыс істейді, оның 1752-сі ауылда, 160-ы резервте.

Шұғыл медициналық көмек көрсету үшін 1486 жедел медициналық жәрдем бригадасы, 33 әуе кемесі, оның ішінде: 20 ұшақ және 13 тікұшақ бар. 149 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді.

Ағымдағы жылдың 10 қаңтарындағы жағдай бойынша 14696 төсек-орны бар, төсектердің жұмыспен қамтылуы 16%-ды құрайтын 256 медициналық ұйым республикада коронавирустық инфекциясы бар пациенттерге медициналық көмек көрсетуде.

Эпидемиологиялық жағдай ушыққан жағдайда КВИ емдеу үшін 50 мыңға дейін инфекциялық төсек-орын беру мүмкіндігі бар.
Өз кезегінде денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният сырқаттанушылық күрт өскен жағдайда COVID-19-ға байланысты көмек көрсету бағыты бойынша ден қоюды қамтамасыз ету үшін және халықтың басқа да медициналық қажеттіліктеріне байланысты МСАК негізгі қызметтерін ұсыну үшін МСАК-ның қызметтер режимін жедел өзгертуді тапсырды.

Сонымен қатар, МСАК ұйымдарына COVID-19 жағдайларын ерте анықтауды қамтамасыз ету, тестілеуге қолжетімділік беру, карантиндегілермен байланыста болғандарды және үйде оқшауланған COVID-19 пациенттерін мониторингтеу қажет.

Сондай-ақ, вице-министр коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Мәселен, МСАК деңгейінде:
1) Сүзгі-кабинеттердің жұмысын күшейту, қажет болған жағдайда қосымша кабинеттер ашу;
2) МСАК ұйымдарына барудың шыңы сағаттарында пациенттер легінің бөлінуін ерекше бақылауға алу;
3) Call-орталықтардың жұмысын жандандыру;
4) ахуалдық орталықтардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
5) үйдегі пациенттерді динамикалық бақылау бойынша жұмысты күшейту;
6) қашықтықтан медициналық қызметтерді белсенді пайдалану;
7) диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес пациенттерді жүргізу;
8) мобильді бригадалардың резервін дайындау;
9) МАЖ дәрігерлерді қабылдау кестесін өзектендіру.
Стационарлық деңгейде:
1) күн сайынғы негізде инфекциялық төсектердің жұмыспен қамтылуына мониторинг жүргізу;
2) ауыр науқастардың саны өскен жағдайда резервтік төсектердің (инфекциялық және реанимациялық) жұмыс істеуі бойынша ұдайы дайындықта болу.

Дата публикации
11 января 2022
Дата обновления
21 января 2022
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
01 июля 2026
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің жүйелері туралы жариялануға жататын мәліметтер
Хабарлама
05 июня 2026
Публичные слушания
Ақпарат
25 ноября 2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарованың Алматы қаласына жұмыс сапары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы