Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда COVID-19 ауруының өсуіне байланысты жаңа алдын алу шаралары енгізілуде

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және "Омикрон" штаммының айналымына байланысты Қазақстанда коронавирустық инфекцияға жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның тапсырмасы бойынша 2022 жылғы 14 қаңтардан бастап COVID-19 профилактикасының қосымша шаралары енгізіледі.

Осылайша, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен сауда орталықтары, сауда үйлері және сауда желілерінен басқа, жұмыс және демалыс күндері спорттық-сауықтыру және фитнес-орталықтарға, йога-орталықтарға, бассейндерге, сауналарға, моншаларға (вакцинацияның, сынамалар алынған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесттің болуы, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде жазылған адамдар) жұмыс режимі бойынша шектеусіз кіру үшін "жасыл" қауіпсіз мәртебесі болуы тиіс.

Қабылданған шаралар Омикрон коронавирусының таралу және берілу жылдамдығының жоғары деңгейіне байланысты негізделген.

Айта кететін жәйт, ғалымдар "Омикрон"-ның жоғары жұқпалы, таралу және берілу жылдамдығы "Дельта" штаммынан 5 есе жоғары, жұқтырғандардың саны әр үш-төрт күн сайын екі есе артуы мүмкін екенін атап өтті.

Қазақстанда коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалатынын естеріңізге саламыз. Соңғы тәулік бойынша республикада КВИ+ бойынша 9122 жағдай тіркелді.

Енгізілетін шаралар елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға, аурулар санының ұлғаю қаупін азайтуға, неғұрлым қатаң шектеу шараларын енгізуге жол бермеу үшін бағытталғанына назар аударамыз.

Дата публикации
13 января 2022
Дата обновления
21 января 2022
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
01 июля 2026
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің жүйелері туралы жариялануға жататын мәліметтер
Хабарлама
05 июня 2026
Публичные слушания
Ақпарат
25 ноября 2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарованың Алматы қаласына жұмыс сапары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы