Меню

Страницы

Статья

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы баяндамасы

Құрметті Әлихан Асханұлы!

Құрметті Үкімет мүшелері!

 

2-cлайд 

Әлемде КВИ-инфекцияның өсуі байқалады, оның ішінде соңғы аптада Америкада ауру жүз пайызға (100%), Еуропада алпыс бес пайызға (65%), Оңтүстік Шығыс Азияда жетпіс сегіз пайызға (78%), Тынық-Мұхит өңірінде отыз сегіз пайызға (38%) өсіп отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) деректері бойынша Еуропада соңғы екі аптада елу төрт (54) елдің ішінде отыз сегіз (38) елде ауру өскен.

Қазақстанда соңғы екі аптада ауру қырық бір пайызға (41%) артты.

 

3-слайд

Коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлап отыр. Соңғы тәулікте ПТР-тесттің оң нәтижесімен төрт мың сегіз жүз он  (4 810) жағдай және ПТР-тесттің теріс нәтижесімен жетпіс төғыз (79) жағдай тіркеліп отыр.

1 қаңтардан бастап репродуктивті сан  2,4 есе өсті.

 

4-слайд 

Эпиджағдайды бағалау матрицасына сәйкес қызыл аймақта – Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан,  Шымкент, Алматы қалалары және Атырау облысы, сары аймақта – 6 өңір – Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Маңғыстау облыстары.

7 өңір жасыл аймақта орналасқан.

 

  5-слайд

          Соңғы 2 аптада коронавирус инфекциясы ауруы он екі (12) өңірде екі бүтін оннан сегіз (2,8) есе өсті.

 

  6-слайд  

Бұл ретте соңғы аптада ауру Нұр-Сұлтан қаласында тоғыз   бүтін оннан тоғыз (9,9) есе, Шымкент қаласында үш бүтін оннан жеті (3,7) есе, Алматы қаласында екі (2,0) есе өсті.

 

 

7-слайд

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы коронавирустың «Омикрон» түрінің анықталуына тікелей байланысты.

Генетикалық зерттеулердің нәтижесі бойынша қаңтардың басында «Омикрон» Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында анықталды.

«Омикронның» ерекшеліктері – ауру жылдам жұғады (қайта жұқтыру қаупі жоғары. «Омикрон» жоғарғы тыныс алу жолдарында «Дельтаға» қарағанда жетпіс (70) есе жылдам көбейеді.

Ауру жағдайлары 2-3 күнде екі есе өседі, бұл аурудың жылдам көбеюіне әкеледі.

Бұл ретте, алдын ала аралық зерттеулер ревакцинация аурудың ауыр түрлерінен, ауруханаға жатқызудан және өлімнен жетпіс пайызға (70%) дейін қорғайтынын көрсетеді.

 

8-слайд

Сонымен қатар, республикада соңғы аптада вакцинация қарқыны бірнеше есе төмендеді және қаңтар айының он (10) күнінде егілген адамдардың саны желтоқсанмен салыстырғанда нөл бүтін оннан екі пайызға (0,2%) артқан.

Бүгінгі күні 1-компонентпен тоғыз бүтін оннан төрт миллионнан (9,4 млн.) астам адам егілді, халықтың жетпіс тоғыз бүтін оннан екі пайызы (79,2%) қамтылды, екінші компонентпен сегіз бүтін оннан жеті миллионнан (8,7 млн.) астам адам егілді, халықтың жетпіс бес бүтін оннан бір пайызы (75,1%) қамтылды. Жалпы халық арасында бірінші компонентпен – қырық тоғыз бүтін оннан үш пайыз (49,3%), екінші компонентпен – қырық бес бүтін оннан сегіз пайыз (45,8%) егілді.

Омикронның анықталуына байланысты қосымша шаралар енгізіліп, іске асырылуда.

Сондай-ақ халықты вакцинациялау және ревакцинациялау деңгейін арттыру керек.

Халықтың осал тобын қорғау үшін ревакцинациялауға  арналған вакциналар саны көбейтілді. Тек балалар мен жүкті әйелдер емес 60 жастан асқан адамдарға ревакцинация үшін Комирнати («Пфайзер») вакцинасы ұсынылады.

Бұдан басқа, КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты, қызыл аймақтағы өңірлерде ұжымдарды тарату және инфекцияның таралуын азайту бойынша қосымша профилактика шаралары Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына шығарылады.

 

Құрметті Әлихан Асханұлы!

 

9-слайд

Министрлік коронавирустың «Омикрон» түрінің анықталғанын  ескере отырып, коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады.

Оптимистік сценарий кезінде: ревакцинациямен жүз пайызға (100%) дейін қамтылғанда, профилактика шараларын жаппай сақтағанда тәулігіне он жеті бүтін оннан бес мың (17,5) жағдайға дейін тіркеледі.

Реалистік сценарийге сәйкес ревакцинациямен жетпіс пайыздан (70%) аз қамтылғанда, профилактика шараларын ішінара сақтағанда тәулігіне жиырма бес бүтін оннан бес мың (25,5) жағдайға дейін тіркеледі.

Пессимистік сценарий кезінде – ревакцинациямен қырық пайыздан (40%) аз қамтылғанда, профилактика шараларын сақтамағанда тәулігіне қырық мыңға (40) дейін жағдай тіркеледі.

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға халық көп жиналатын орындарға бармауға, ұжымдық іс-шараларды өткізбеуге және оларға қатыспауға кеңес береді.

Туыстарға бармау, үйде қонақ шақырмау керек. Қоғамдық орындарда, көшеде маска режимін сақтау керек.

Вакцинация алмаған азаматтарды алғашқы вакцинация курсын алуға шақырамын, ал 6 ай бұрын вакцинация алған адамдарды ревакцинация алуға шақырамын.

Жақындарымыздың, әріптестеріміздің, достарымыз бен таныстарымыздың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін негізгі профилактика шараларын сақтауымыз керек. 

Назарларыңызға рақмет!

Дата публикации
20 января 2022
Дата обновления
20 января 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
01 июля 2026
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің жүйелері туралы жариялануға жататын мәліметтер
Хабарлама
05 июня 2026
Публичные слушания
Ақпарат
25 ноября 2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарованың Алматы қаласына жұмыс сапары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы