Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!
2-слайд
Әлемде КВИ-дің 270 млн-нан астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 400 мыңнан астам жағдай тіркеледі. 5,0 млн-нан астам адам қайтыс болды.
ДДҰ Еуропалық өңірінің деректері бойынша соңғы екі аптада 54 елдің 19 елінде сырқаттанушылықтың өсуі байқалады.
Соңғы 14 күнде Францияда аурудың барынша өсуі байқалды, онда ауру 100%-дан астам, Португалияда 50%-дан астам, Швецияда 60%-дан астам, Италияда 50% шамасына өсті.
Қазақстанда соңғы екі аптада сырқаттанушылық 31%-ға төмендеді.
3-слайд
Әлемдік рейтингте 1 млн. тұрғынға шаққанда 222 ел ішінде Қазақстан сырқаттанушылық бойынша 110-орында, өлім-жітім бойынша 102-орында тұр.
4-слайд
Республикада оң ПТР тестімен коронавирустық инфекцияның 980 372 жағдайы және теріс ПТР тестімен 83 437 жағдай тіркелді, науқастардың 96%-дан астамы сауығып шықты.
Репродуктивті сан – 0,89 және тамыз айымен салыстырғанда 1,2 есе төмендегені байқалады.
5-слайд
Жалпы Қазақстанда соңғы айда ауырған адамбарды саны 3,1 есеге азайды, стационарлықжәне амбулаториялық ем алып жатұандардың саны 1,7 есеге азайды.
6-слайд
Инфекциялық төсектердің қамтылуы 23%-ды, реанимациялық төсектер 20%-ды құрайды.
7-слайд
Халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялау жалғасуда.
1-компонентпен 8,8 млн-нан астам адам егілді, егілуге тиісті ересек халықты қамту 77,8%-ды құрады, егілуге тиісті ересек тұрғындардың 72,9%-ын қамти отырып, екінші компонентпен 8,3 млн-нан астам адам егілді.
ҚР халқын бірінші компонентпен қамту 47,6%–ды, екінші компонентпен қамту 43,8%-ды құрады.
8-слайд
Бүгінгі таңда Comirnaty (Pfizer) вакцинаның 1 компонентімен 188 906 адам қамтылды, оның ішінде 150 669 жасөспірім және 38 237 жүкті және бала емізетін әйел вакцинацияланды. Екінші компонентпен 19 386 адам егілді.
Вакцинация жалғасуда.
Ревакцинацияны 136 мың ҚР азаматтары алды.
Назарларыңызға рақмет!