«Әлеуметтік медициналық сақтандыру» жобасы (бұдан әрі – жоба) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (бұдан әрі – Дүниежүзілік Банк) бірлесіп қаржыландырады, және аталған жоба 2017-2021 жылдар кезеңінде жүзеге асырылып отыр. Оның мақсаты - қызмет көрсету жүйесінің қол жетімділігін, сапасын және экономикалық тиімділігін арттыруға жәрдемдесу және денсаулыққа байланысты елеулі проблемаларға байланысты халық үшін қаржылық тәуекелдерді азайту болып келеді. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Атқарушы агенттік болып табылады.
Елде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Министрлік өкпені жасанды желдету аппараттарын, пациенттің төсек жанындағы мониторларын, пульсоксиметрлерді, перфузорларды, экстракорпоралдық мембраналық оксигенация аппараттарын сатып алуға арналған қаражаттың бір бөлігін пайдалануды ұйғарады.
Нарықты зерттеу және сатып алу мүмкіндігі мақсатында осы хабарлама арқылы келесі ақпаратты ұсынуды сұраймыз:
Ақпаратты 2020 жылдың 18 наурызына дейін электрондық пошта арқылы төмендегі мекен-жайға жіберуді сұраймыз: kazhealth.procurement@gmail.com