Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!
2-слайд
Әлемде КВИ-дің 267 млн-нан астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 500 мыңнан астам жағдай тіркеледі. 5,0 млн-нан астам адам қайтыс болды.
ДДҰ Еуропалық өңірінің деректері бойынша соңғы екі аптада 54 елдің 25 елінде сырқаттанушылықтың өсуі байқалады.
Соңғы 14 күнде Францияда аурудың барынша өсуі байқалды, онда ауру 154%-дан астам, Португалияда 80%-дан астам, Швецияда 60%-дан астам, Италияда 50%-дан астам өсті.
Қазақстанда соңғы екі аптада сырқаттанушылық 28%-ға төмендеді.
3-слайд
Әлемдік рейтингте 1 млн. тұрғынға шаққанда Қазақстан сырқаттанушылық бойынша 108-орында, өлім-жітім бойынша 222 ел ішінде 102-орында тұр.
4-слайд
Республикада оң ПТР тестімен коронавирустық инфекцияның 977 714 жағдайы және теріс ПТР тестімен 83 209 жағдай тіркелді, науқастардың 95%-дан астамы сауығып шықты.
Репродуктивті сан – 0,92 және тамыз айымен салыстырғанда 1,2 есе төмендегені байқалады.
5-слайд
Бүгінгі таңда қызыл аймақта Ақмола облысы.
5 өңір сары аймақта (Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы).
Анықтама үшін: Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары, Алматы және Шымкент қалалары.
Қазақстан Республикасы мен 11 өңір жасыл аймақта орналасқан.
6-слайд
Республикада сауыққан адамдардың саны ауырған адамдардың санынан басым. Мәселен, қараша айында қазан айымен салыстырғанда сауыққан адамдардың саны ауырған адамдардың санынан 1,6 есе көп.
6-слайд
Инфекциялық төсектердің қамтылуы 24%-ды, реанимациялық төсектер 21%-ды құрайды.
Емдеуді жалғастырушылар санының азаюы бойынша оң динамика байқалады, соңғы үш айда науқастар саны 3,7 есе азайды (84 268 науқастан 22 353 науқасқа дейін).
7-слайд
Халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялау жалғасуда.
1-компонентпен 8,8 млн-нан астам адам егілді, егілуге тиісті ересек халықты қамту 77,5%-ды құрады, егілуге тиісті ересек тұрғындардың 72,5%-ын қамти отырып, екінші компонентпен 8,2 млн-нан астам адам егілді.
ҚР халқын бірінші компонентпен қамту 47,2%–ды, екінші компонентпен қамту 43,3%-ды құрады.
8-слайд
Бүгінгі таңда Comirnaty (Pfizer) вакцинасымен 128 174 жасөспірім және 31 747 жүкті және бала емізетін әйел вакцинацияланды. Екінші компонентпен 5 592 адам егілді.
Вакцинация жалғасуда.
9-слайд
Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!
Әлемде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссия халықты ревакцинациялау тактикасын қайта қарады.
Осылайша, 8 желтоқсаннан бастап 6 айдан кейін вакцинацияны екі дозамен аяқтаған барлық адамдар, сондай-ақ коронавирустық инфекциямен ауырған адамдар ревакцинацияланады.
Бүгінгі күні ревакцинациямен 44 702 адам қамтылды.
10-слайд
Денсаулық сақтау министрлігі тұрақты негізде коронавирустық инфекция штамдарының айналымдағы нұсқаларына мониторингті жүзеге асырады.
Мәселен, коронавирустың «Омикрон» штамының жаңа нұсқасының пайда болуын ескере отырып, Алматы қаласында коронавирустың «Омикрон» штамының нұсқасына тән мутацияның болуына алдын ала ПТР скринингі жүргізілді.
Коронавирустың «Омикрон» штамы нұсқасының айналымы анықталған жоқ.
ҚР барлық өңірлерінде алынған оң сынамалардың үлгілерін толық геномдық секвенирлеу жалғасуда.
Назарларыңызға рақмет!