Меню

Страницы

Статья

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы баяндамасы

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!
Құрметті жиналысқа қатысушылар!


2-слайд
Әлемде COVID-19 бойынша сырқаттанушылық пен өлім жағдайы әлі де күрделі. Бүгінгі күні әлемде КВИ-дің 167 млн. астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 450 мыңнан астам жағдай тіркелуде. 3,4 млн. астам адам қайтыс болды, өлім көрсеткіші –  екі бүтін оннан бір пайыз (2,1 %).
       
Слайд 3
221 елден тұратын әлемдік рейтингке сәйкес Қазақстан сырқаттанушылық көрсеткіші бойынша 104-орында, ал өлім көрсеткіші бойынша 111-орында.


Слайд 4
Қазақстанда 25 мамырдағы жағдай бойынша COVID-19-ға оң нәтиже берген 376 572 науқас және КВИ- 54 716 жағдай тіркелген.
Анықтама үшін: оның ішінде соңғы тәулікте КВИ+ 1 558 жағдайы және КВИ- 10 жағдай тіркелген, оның ішінде 24-і өліммен аяқталған (23-і КВИ+, 1-уі КВИ -).
Слайд 5
Қазақстан Республикасы сары аймақта орналасқан.
Қызыл аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды, Атырау облыстары орналасқан. 
Батыс Қазақстан облысы қызыл және сары аймақтардың шекарасында орналасқан.
Сары аймақта 6 өңір бар: Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары және Шымкент қаласы.
Қалған 5 өңір жасыл аймақта.


Слайд 6
Қазіргі уақытта аурудың төмендеуінің оң динамикасы және эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады. 
Соңғы аптада анықталған КВИ жағдайларының саны сәуірдің аяғында - мамырдың басында (26.04-тен 02.05-ке дейін) апталық сырқаттанушылықпен салыстырғанда 4 мыңға төмендеді.
Жалпы, соңғы айда ауру 20%-ға төмендеді.
Слайд 7
25 мамырдағы жағдай бойынша республика бойынша инфекциялық төсектердің қамтылуы 33%-ды (12 452 төсек) құрайды және ағымдағы жылғы мамырдың басымен салыстырғанда 8%-ға (1 мамырға – 41%) төмендеді, реанимациялық төсектердің қамтылуы 2%-ға (1 мамырға - 28%) төмендеді және 26%-ды (873 төсек) құрады.
Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында төсектердің қамтылуының оң динамикасы байқалады - мамырдың (4 мамыр) басымен салыстырғанда төсектердің қамтылуының үлес салмағы 60%-дан 47%-ға дейін (1020 төсек), Алматы қаласында 57%-дан 35%-ға дейін (2 079 төсек) және Алматы облысында 56-дан 36%-ға дейін (1 592 төсек) төмендеді.
 
Слайд 8
Емделіп жатқан науқастар санының 15 мамырдағы жағдай бойынша 38 мыңнан 25 мамырдағы жағдай бойынша 32 мың адамға дейін азаюы байқалады, оның ішінде стационарлық емделіп жатқан науқастар саны 14 мыңнан 12 мыңға дейін, амбулаториялық ем алып жатқан науқастар саны 24,5 мыңнан 20 мыңға дейін азайды.
Бұл ретте 5 мамырдан бастап бір тәулікте сауыққан науқастардың саны бір тәуліктегі жағдайлардың санынан асып түсетінін атап өткім келеді, бұл да эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтану үрдісін көрсетеді. 
Халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялау жалғасуда.
Бүгінгі таңда вакцинаның шамамен 3,0 млн дозасы пайдаланылды, оның ішінде 1 компонентпен 2 015 053 адам егілді, бұл тиісті халықтың 20%-ын құрайды. Екінші компонентпен 949 802 адам қамтылған.
Бүгінгі таңда егу пункттерінде вакцинаның жеткілікті мөлшері бар: бірінші компоненттің шамамен 320 мыңы және екінші компоненттің 650 мыңы.
Вакцинаны жеткізу кестеге сәйкес жүзеге асырылады.  


Слайд 9
Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!


Жаңа мутацияларды анықтау мақсатында біз тұрақты негізде республика аумағында ғында айналымдағы коронавирус штаммдарына генетикалық зерттеу жүргізіп жатырмыз.
Осылайша, ағымдағы жылдың сәуір айында анықталған үлгілерді зерттеу нәтижелері бойынша үлгілердің 30%-ында «Британдық штамм» айналымы анықталды.
Республика аумағында Үнді штаммының айналымы анықталған жоқ.
Эпидемиологиялық жағдайды және вакцинациямен қамтуды ескере отырып, Министрлік эпидемиологиялық жағдайдың болжамын жаңартты. 
Мәселен, вакцинациялаудың тиімділігі 60% – дан кем болмайтын пессимистік сценарий кезінде 2021 жылғы маусым-қыркүйекте тіркелген жағдайлардың саны шамамен 95 мың адамды құрайды (орташа есеппен маусым айында 1,5 мыңнан тәулігіне қыркүйекте 500 жағдайға дейін). 
Екінші реалистік сценарий бойынша вакцинациялаудың тиімділігі кемінде 80% – ды құрайтын болса, 2021 жылғы маусым-қыркүйекте тіркелген жағдайлардың болжамды саны шамамен 69 мың адамды құрайды (орташа есеппен маусым айында 1,3 мыңнан тәулігіне қыркүйекте 200 жағдайға дейін).
Вакцинациялаудың тиімділігі 95% – дан кем болмайтын оптимистік сценарийде 2021 жылғы маусым-қыркүйекте тіркелген жағдайлардың саны шамамен 61 мың адамды құрайды (орташа есеппен маусым айында 1,25 мыңнан тәулігіне қыркүйек айында 100 жағдайға дейін). 
Бұл ретте, қандай да бір сценарийдің іске асырылуы азаматтардың вакцинация мәселесіндегі белсенділігіне тікелей байланысты болатынын атап өткен жөн.
Осыған байланысты, вакцинациялаумен қамтуды арттыру үшін жергілікті атқарушы органдарға вакцинациялаумен қамтуды ұлғайту бойынша шаралар қабылдау және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет деп санаймыз.


Баяндама аяқталды.
Назарларыңызға рақмет.

 

Дата публикации
08 декабря 2021
Дата обновления
08 декабря 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
01 июля 2026
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің жүйелері туралы жариялануға жататын мәліметтер
Хабарлама
05 июня 2026
Публичные слушания
Ақпарат
25 ноября 2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарованың Алматы қаласына жұмыс сапары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы