Меню

Страницы

Статья

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 қарашадағы баяндамасы

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

 

2-слайд

Әлемде КВИ-дің 248 миллионнан астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 300 мыңнан астам жағдай тіркеледі. 5 миллионнан астам адам қайтыс болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа өңірінің деректері бойынша соңғы екі аптада 53 елдің 45-інде сырқаттанудың өсуі байқалады.

Соңғы 14 күнде сырқаттану Венгрияда барынша ұлғайған, онда ауру 230 пайыздан артық, Польшада – 200 пайыздан артық, Австрияда – 100 пайыздан артық, Әзірбайжан және Германияда – 80 пайыздан артық өскен.

Анықтама үшін: Украинада – 58%, Италияда – 51%, Арменияда – 47%, Черногорияда – 29%, Ресейде – 27%, Францияда – 26%, Қырғызстанда – 25%, Грузияда – 22%, Швейцарияда – 18%, Молдовада – 10%, Финляндияда – 3%, Беларусьте – 1%.

Сырқаттанудың өсуі Еуропаның 9 елінде төмендеді, оның ішінде Израильде 57 пайызға, Түркияда 9 пайызға, Испанияда 7 пайызға. Қазақстанда соңғы екі аптада ауру 11 пайызға төмендеді.

 

3-слайд

Әлемдік рейтингке сәйкес 222 елдің ішінде Қазақстан сырқаттану көрсеткіші бойынша 105 орында, өлім көрсеткіші бойынша 102 орында тұр.

 

4-слайд

Бүгінгі күні елімізде жасыл аймақта 9 өңір бар: Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы облыстары және Шымкент қаласы.

Қазақстан Республикасы және 4 өңір – сары аймақта (Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары).

Қызыл аймақта 4 өңір (Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары).

Репродуктивтік саны – 0,93 құрайды.

 

5-слайд

Жалпы Қазақстанда соңғы екі айда сырқаттану 2,8 есе (аптасына 33 346 жағдайдан 11 709 жағдайға дейін), ал өлім 4,1 есе (аптасына 761 жағдайдан 184 жағдайға дейін) азайды. Бұл жалпы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуын көрсетеді.

6-слайд

Мектепке дәстүрлі форматта баратын оқушылар арасында 15  028 жағдай тіркелді, оның ішінде байланыста болған адамдар арасында –                    1 317 науқас анықталды, бұл ауырған оқушылардың жалпы санының 8,7 пайызды құрайды.

Қазан айының соңғы екі аптасында оқушылар арасында сырқаттану 1,3 есе төмендеді.

 Сонымен қатар Павлодар, Ақмола, Маңғыстау, Түркістан облыстарында сырқаттанудың 1,4 есеге дейін өсуі байқалады.

Ошақтарда 159 мың байланыста болған адам анықталды, оның ішінде 0,8 пайызында (1317) ковидтің оң нәтижесі анықталды.

7-слайд

Республика бойынша 1 тамыздан бастап инфекциялық төсектердің қамтылуы 56%-дан 33%-ға дейін, реанимациялық төсектердің қамтылуы 45%-дан 27%-ға дейін төмендеді. Резервте 30 мыңнан астам төсек-орын бар.

Емдеуді жалғастырушылар саны азайды, соңғы үш айда науқастар саны 2 есе азайды (90 767 науқастан 43 397 науқасқа дейін).

 

8-слайд

Халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялау жалғасуда.

1-компонентпен 8 миллион 300 мыңнан астам адам егілді, егілуге тиісті халықтың 73,4%-ы немесе жалпы халықтың 44,3%-ы қамтылды, екінші компонентпен 7 миллион 600 мыңға жуық адам егілді, егілуге тиісті халықтың 66,6%-ы немесе жалпы халықтың 40,2%-ы қамтылды.  

 

Баяндама аяқталды, Назарларыңызға рақмет!

Дата публикации
04 ноября 2021
Дата обновления
07 декабря 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
01 июля 2026
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің жүйелері туралы жариялануға жататын мәліметтер
Хабарлама
05 июня 2026
Публичные слушания
Ақпарат
25 ноября 2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарованың Алматы қаласына жұмыс сапары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы