Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!
Құрметті кеңеске қатысушылар!
1-слайд
Қазақстанда 2020 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша мүгедек адамдардың саны 705 500 адамды, оның ішінде балалар - 93 900 құрайды.
Елімізде медициналық оңалту көрсету үшін 500-ден астам медициналық ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 37-сі ересектерге арналған және 23-і балаларға арналған Оңалту орталықтары.
Мүмкіндігі шектеулі жандар басқалармен қатар профилактикалық, диагностикалық, емдік медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектерді қамтитын ТМККК-мен қамтамасыз етілген.
2020 жылы медициналық оңалтуды 567 жеткізуші көрсетеді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 8,9 есе көп (64). Ағымдағы жылы жеткізушілермен 638 мың қызмет көрсетуге шарттар жасалды, бұл 2019 жылға қарағанда 15%-ға артық.
2020 жылы медициналық оңалту қызметтерімен мұқтаж адамдардың 60%-ы қамтылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға жоғары.
2021 жылы көрсетілетін қызметтермен қамтуды 75%-ға дейін ұлғайту, ал 2025 жылы мүгедектігі бар барлық мұқтаж адамдарға медициналық оңалту қызметтерін ұсыну жоспарланып отыр.
2-слайд
2020 жылдың 10 айында амбулаториялық-емханалық көмек шеңберінде жалпы сомасы 11 млрд.теңгеден астам 6,4 млн. қызмет, стационарлық медициналық көмек шеңберінде – 90 млрд. теңгеден астам сомаға 384 мың қызмет көрсетілді.
Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға 5,1 млрд. теңге сомасына 21 737 рецепт, оның ішінде балалар үшін – 2,2 млрд. теңге сомасына 6 859 рецепт, ересектер үшін – 2,8 млрд. теңге сомасына 14 878 рецепт жазып берілді
3-слайд
Балалардың мүгедектігінің алдын алу үшін неонаталдық хирургияны, Балалар кардиохирургиялық қызметін, онкогематологияны дамыту шаралары іске асырылуда. Есту қабілетін қалпына келтіру бойынша операциялар жасалады. Қант диабетінің асқынуын болдырмау үшін 2018 жылдан бастап жаңадан анықталған науқастар инсулин помпаларымен тегін қамтамасыз етіледі.
4-слайд
Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мүгедектерге медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру шаралары көзделген.
Балаларды оңалту орталықтарын ашу жоспарлануда
Мемлекеттік жеке меншік әріптестік тетіктерін тарту арқылы 10 өңірде (Алматы, Ақтөбе, Атырау, ШҚО, БҚО, Қостанай, Маңғыстау, СҚО, Түркістан, Нұр-Сұлтан қ.).
5-слайд
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының балаларға арналған Оңалту орталықтары желісін кеңейтудегі белсенді рөлін атап өту қажет. Осы жылдың соңына дейін мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 8 балалар орталығы іске қосылады.
18 оңалту орталығын пайдалануға беру 45 мыңнан астам балаға (немесе мүгедек балалардың жалпы санының 48%-ына) медициналық оңалту көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осылайша, Министрлік жүргізетін шаралар кешені мүгедек адамдарға медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Назарларыңызға рахмет!