Меню

Страницы

Статья

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы баяндамасы

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

2-слайд

Әлемде КВИ-дің 261 млн.астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 300 мыңнан астам жағдай тіркелуде. 5,0 миллионнан астам адам қайтыс болды.

Дүниежүзілік денсаулықсақтау ұйымының Еуропалық өңірінде сырқаттанудың өсу тенденциясы әліде жалғасуда.

3-слайд

Республикада ПТР тесттің оң нәтижесімен коронавурстық инфекцияның 971 541 жағдайы, және ПТР теріс нәтижесімен 82 550 жағдай тіркелген, науқастардың 95%-дан астамы емделіп шықты.

Жалпы республика боинша вирустың Репродуктивтік саны - 0,91 құрайды және тамыз айымен салыстырғанда 1,2 есе төмендеу байқалады.

4-слайд

Бүгінгі күні қызыл аймақта Солтүстік Қазақстан облысы қалып отыр.

5 өңір – (Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Павлодар және Нұр-Сұлтан қаласы) сары аймақта тұр.

Қазақстан Республикасы және қалған 11 өңір жасыл аймақта орналасқан.

Анықтама үшін: Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары, Алматы және Шымкент қалалары.

5-слайд

Жалпы Қазақстанда соңғы айда сырқаттанушылық 2,8 есеге, стационарлық науқастар 1,5 есеге, амбулаториялық науқастар 2,0 есеге төмендеді.

6-слайд

Республика бойынша 1 тамыздан бастап инфекциялық төсектердің қамтылуы 56%-дан 29%-ға дейін, реанимациялық төсектердің қамтылуы 45%-дан 23%-ға дейін төмендеді. Резервте 30 мыңнан астам төсек-орын бар.

Емдеуді жалғастырушылар саны азайды, соңғы үш айда науқастар саны 4,2 есе азайды (113 155 науқастан 26 472 науқасқа дейін).

7-слайд

Халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялау жалғасуда.

1-ші компонентпен 8,7 млн.адамнан астам адам егілді, егілуге тиісті халықтың 76,6%-ы немесе жалпы халықтың    46,2%-ы қамтылды. Екінші компонентпен тиісті халықтың 70,8%-ын немесе жалпы халық санының 42,7 %-ын қамти отырып, 8,0 млн. астам адам егілді.

8-слайд

Қазақстанға Comirnaty (Pfizer) вакцинасының 645 мың дозасы келіп түсті.

Бүгінгі күні 62 мың 707 бала және 17 мың 015 жүкті және бала емізетін әйелдер егілді.

Вакцинаны жеткізу апта сайын жалғасуда.

9-слайд

22 қарашадан бастап республикада халықты КВИ-ға қарсы ревакцинациялау кампаниясы басталды. Ревакцинациялаумен бірінші кезеңде халықтың осал топтары (медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің және жабық балалар мекемелерінің персоналы мен контингенті, күш құрылымдарының қызметкерлері), 60 жастан асқан адамдар, өз бетінше зерттеуден өткен және КВИ-ге қарсы антиденелерге теріс нәтижесі бар адамдар қамтылады.

Екінші кезеңде: вакцинацияны екі дозамен аяқтаған адамдар.

Бүгінгі күні ревакцинация алған адамдардың саны 9 мың 412 адам құрады.

10-слайд

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Коронавирустық инфекцияның «Омикрон» штамының жаңа нұсқасының пайда болуын ескере отырып, оны республика аумағына әкелуге жол бермеу мақсатында ведомство аралық комиссияда ағымдағы жылғы 3 желтоқсаннан бастап мынадай шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылданды:

  1. Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Онтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуін шектеу.
  2. «ОМИКРОН» нұсқасынан туындаған КВИ жағдайлары анықталған елдерден, бүгінгі күні бұл елдер - Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Египет. Осы елдерден келетін адамдар үшін вакцинациясы бар-жоғына қарамастан міндетті ПТР тестілеудің бар болуын енгізу.
  3. «Омикрон»-нан туындаған КВИ жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге үй карантинге оқшаулануы тиіс.

Осыған орай, санитарлық-эпидемиологиялық комитетінің департаменттары, шетелден келген азаматтар туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға уақтылы беруді, ал әкімдіктер бұл тұлғаларды поликлиникалар деңгейінде қашықтықтан бақылауды қамтамасыз етуі қажет.

  1. Бельгияда, Египеттен келген адамнан «Омикрон» штаммынан КВИ жағдайының анықталғанын және Египеттен келетін жолаушылар санын (қараша 13 мыңнан астам адам) ескере отырып, Египетпен әуе қатынасын тоқтата тұру.
  2. ҚР-да айналымда жүрген короновирустық инфекция штамдарын секвенерлеу зерттеу жұмыстарын жалғастыру.

Баяндама аяқталды

Назарларыңызға рахмет!

 

 

Дата публикации
30 ноября 2021
Дата обновления
06 декабря 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
01 июля 2026
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің жүйелері туралы жариялануға жататын мәліметтер
Хабарлама
05 июня 2026
Публичные слушания
Ақпарат
25 ноября 2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарованың Алматы қаласына жұмыс сапары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы