Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!
Слайд 2
Әлемде КВИ-дің 254 млн.астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 340 мыңнан астам жағдай тіркеледі. 5,0 миллионнан астам адам қайтыс болды.
ДДҰ Еуропалық өңірінің деректері бойынша соңғы екі аптада 54 елдің 36 елінде сырқаттанушылықтың өсуі байқалады.
Соңғы 14 күнде аурудың барынша өсуі Венгрияда, Австрияда, Польшада байқалды.
Анықтама үшін: Швейцарияда – 63%, Италияда - 62%, Францияда – 52%, Черногорияда - 24%, Грузияда – 14%, Испанияда - 9%, Ресейде - 7%, Украинада – 3%, Әзірбайжанда – 2%,
Аурудың өсуі ДДҰ-ның Еуропалық өңірінің 14 елінде, оның ішінде Израильде 48%-ға, Молдовада 28%-ға, Қырғызстанда 23%-ға, Арменияда 22%-ға, Ұлыбританияда 18%-ға, Эстонияда 16%-ға және Беларусьте 3%-ға төмендеді. Қазақстанда соңғы екі аптада сырқаттану 23%-ға төмендеді.
Слайд 3
222 елден тұратын әлемдік рейтингке сәйкес Қазақстан сырқаттанушылық көрсеткіші бойынша 105 орында, ал өлім көрсеткіші бойынша 101 орында.
Слайд 4
Бүгінгі таңда қызыл аймақта 2 өңір (Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары) қалып отыр.
5 өңір – сары аймақта (Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Атырау және Нұр-Сұлтан қаласы).
Қазақстан Республикасы және қалған 10 өңір жасыл аймақта орналасқан.
Анықтама үшін: Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары, Алматы және Шымкент қалалары.
Репродуктивті саны - 0,96.
Слайд 5
Жалпы Қазақстанда соңғы екі айда сырқаттану 3,8 есеге (айына 222032-ден 57274 жағдайға дейін), ал өлім-жітім 2,4 есеге (аптасына 2497-ден 1050 жағдайға дейін) төмендеді.
Слайд 6
Республика бойынша 1 тамыздан бастап инфекциялық төсектердің қамтылу деңгейі 56-дан 30%-ға дейін, реанимациялық төсектер 45-тен 27%-ға дейін төмендегені байқалады.
Емдеуді жалғастырушылар санының азаюының оң динамикасы байқалады, соңғы үш айда науқастар саны 2,6 есеге азайды (90 767-ден 34 068 науқасқа дейін).
Слайд 7
Халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялау жалғасуда.
1 компонентпен 8,5 млн. астам адам егілді, егілуге тиісті ересек адамдарды қамту 75,1%-ды немесе халық санының 45,3%-ын құрады, екінші компонентпен 7,8 млн. жуық адам егілді, егілуге тиісті халықтың 68,8%-ын немесе халық санының 41,5%-ын қамтыды.
Слайд 8
Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жүргізілетін 207 елден тұратын әлемдік рейтингке сәйкес Қазақстан халықты КВИ-ға қарсы екі дозамен вакцинациялаумен қамту бойынша 104-орында және халық санының 41,5%-дан астамын вакцинациялаумен қамтуға қол жеткізді.
ТМД елдері арасында Қазақстан, Ресей және Әзірбайжан 40%-дан астам халықты вакцинациялаумен қамту көрсеткішіне қол жеткізді.
Слайд 9
Қазақстанға 379 мың доза мөлшерінде Сomirnaty (Pfizer) вакцинасының бірінші партиясы келіп түсті. Екінші партияны жеткізу 20 қарашаға дейін жоспарланған. Вакцинация республиканың 7 өңірінде басталды, олар Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстары, Алматы қаласы, Нұр-Сұлтан қаласы, Шымкент қаласы.
Бүгінгі күні 13 бала, 247 жүкті және бала емізетін әйел егілді.
Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!
ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың тапсырмасына сәйкес ҚР халқын қалауы бойынша ақылы негізде вакцинациялау үшін коммерциялық нарықта COVID-19-ға қарсы Comirnaty (Pfizer) вакцинасын өткізу мүмкіндігі туралы ҚР Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді.
Қолдауды сұраймын.
Слайд 10
Ауруды талдау КВИ-мен ауырған және ауыр ағымы бар науқастардың негізгі үлесі вакцинацияланбаған халыққа тиесілі екенін көрсетті.
Сонымен, 1 ақпаннан бастап тіркелген КВИ-мен ауыратын науқастардың санына вакцинацияланбағандардың үлес салмағы 95%-ға жуық, ал вакцинацияланған азаматтардың 5,0%-ы ғана ауырған.
Осыған ұқсас жағдай өкпені жасанды желдетудегі науқастар санына да байланысты, олардың 96%-ы вакцинацияланбаған адамдарға тиесілі.
Ұсынылған мәліметтер вакцинацияның тиімділігін тағы бір рет айқын көрсетеді.
Осыған байланысты тағы да осы уақытқа дейін вакцинацияланбаған азаматтарды вакцинация қабылдауға шақырамын.
Бұл бәрімізге өз денсаулығымызды ғана емес, жақындарымыз бен әріптестеріміздің денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.
Назарларыңызға рақмет!