Меню

Страницы

Статья

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 10 қарашадағы баяндамасы

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

2-слайд

Әлемде КВИ-дің 251 миллионнан астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 400 мыңнан астам жағдай тіркеледі. 5,0 миллионнан астам адам қайтыс болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа өңірінің деректері бойынша соңғы екі аптада 54 елдің 40-ынды сырқаттанудың өсуі байқалады.

Соңғы 14 күнде сырқаттану Венгрияда барынша ұлғайған, онда ауру 180%-дан артық, Польшада – 150%-дан артық, Австрияда – 120%-дан артық, Германияда – 90%-дан артық өскен.

Сырқаттанудың өсуі Еуропаның 14 елінде төмендегені байқалады, оның ішінде Израильде 54%-ға, Молдовада 16%-ға, Ұлыбритания, Испанияда 15%-ға, Түркияда 7%-ға, Беларусьте және Қырғызстанда 3%-ға төмендеген. Қазақстанда соңғы екі аптада ауру 17%-ға төмендеді.

3-слайд

Әлемдік рейтингке сәйкес 222 елдің ішінде Қазақстан сырқаттану көрсеткіші бойынша 105-орында, өлім көрсеткіші бойынша 101-орында.

4-слайд

Бүгінгі күні халықтың тестілеуге қолжетімділігі қамтамасыз етілді. Зертханалар санын 165-ке дейін ұлғайту есебінен зертханалардың қуаты тәулігіне 126 мыңнан астам зерттеуді құрайды, күн сайын 60 мыңға дейін зерттеу жүргізіледі.

КВИ-ге жүргізілген тесттердің саны бойынша Қазақстан әлемнің 222 елінің ішінде 47-орында.

5-слайд

Бүгінгі күні қызыл аймақта 3 өңір бар (Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары).

Қазақстан Республикасы және 4 өңір – сары аймақта (Қарағанды, Ақмола облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары).

Қалған 10 өңір жасыл аймақта. 

Репродуктивтік саны – 0,90-ды құрайды.

6-слайд

Жалпы Қазақстанда соңғы екі айда сырқаттану 3,4 есе), ал өлім 4,0 есе азайды.

7-слайд

Республика бойынша 1 тамыздан бастап инфекциялық төсектердің қамтылуы 56%-дан 30%-ға дейін, реанимациялық төсектердің қамтылуы 45%-дан 26%-ға дейін төмендеді. Резервте 30 мыңнан астам төсек-орын бар.

Емдеуді жалғастырушылар саны азайды, соңғы үш айда науқастар саны 2,3 есе азайды (90 767 науқастан 38 380 науқасқа дейін).

 

8-слайд

Халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялау жалғасуда.

1-компонентпен 8,5 миллионнан астам адам егілді, егілуге тиісті халықтың 74%-ы немесе жалпы халықтың 44,8%-ы қамтылды, екінші компонентпен 7,7 миллионға жуық адам егілді, егілуге тиісті халықтың 67,8%-ы немесе жалпы халықтың 40,9%-ы қамтылды. 

9-слайд

Әлемдік рейтингке сәйкес коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жүргізіліп жатқан 205 елдің ішінде Қазақстан халықты КВИ-ге қарсы екі дозамен вакцинациялаумен қамту бойынша 105-орында тұр және халық санының 41%-ға жуығын вакцинациялаумен қамтуға қол жеткізді.

ТМД елдерінің ішінде тек Қазақстан мен Әзірбайжан ғана халықты вакцинациялаумен қамту бойынша 40%-дан артық көрсеткішке жетті.

10-слайд

Балалардың, жүкті және бала емізетін әйелдердің коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 4 млн 230 мың доза сатып алынды, бұл 2 млн 115 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді.

12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, жүктіліктің 16-37 аптасындағы жүкті әйелдер және босанғаннан кейін 42 күннен кейін емізетін әйелдер вакцинацияланады.

Comirnaty (Pfizer) вакцинасын сақтау ерекшеліктерін ескере отырып, 34 бірлік тоңазытқыш жабдық сатып алынды, 16 өңірге жеткізілді. Бұдан басқа, қосымша 51 бірлік тоңазытқыш жабдық сатып алынды, ағымдағы жылғы  қараша айының соңына дейін жеткізу жоспарланып отыр.

15 қарашаға дейін 379 мың доза көлемінде Сomirnaty (Pfizer) вакцинасының бірінші партиясын жеткізу жоспарлануда

Бұрыннан балаларды вакцинациялау оқу орнындағы егу пункттерінде, яғни білім беру ұйымдарында жүргізілетін, КВИ-ге қарсы вакцинациялау да білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандардың, жасөспірімдердің ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің ақпараттандырылған келісімінен кейін жүзеге асырылады.

Осыған байланысты облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдіктеріне ақпарат және қоғамдық даму, білім, денсаулық сақтау министрліктерімен бірлесіп:

  • КВИ-ге қарсы вакцинациялау мәселелері бойынша педагогтарды, кәмелетке толмағандардың, жасөспірімдердің ата-аналарын немесе өзге де заңды өкілдерін хабардар етуді
  • бұқаралық ақпарат құралдарын, әлеуметтік желілерді тарта отырып, КВИ-ге қарсы вакцинация мәселелері бойынша халық арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсыруды сұраймын.

         Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдіктері:

  • Санитариялық қағидаларға сәйкес егу пункттерін дайындауды;
  • вакцинаның бірінші партиясы келіп түскенге дейін мұздатқыш жабдығын орнатуды;
  • вакциналарды тасымалдау, сақтау және қолдану қағидаларын сақтауды;
  • медицина қызметкерлерін даярлауды қамтамасыз етсін.

 

11-слайд

ҚР халқын иммундау жөніндегі консультативтік комиссияның ұсынымдарына сәйкес бұрын халықты ревакцинациялау тәсілдері баяндалған болатын.

Ревакцинация 2 кезеңмен 22 қарашада басталады.

Бірінші кезекте тәуекел тобындағы адамдардың вакцинацияланғанын ескере отырып, тиісінше алғашқы вакцинациялау мерзімдерін ескере отырып, ағымдағы жылдың соңына дейін халықтың осал топтары (медицина қызметкерлері, педагогтар, МӘМ, жабық балалар мекемелерінің персоналы мен контингенті, күш құрылымдарының қызметкерлері) ревакцинация алады.

60 жастан асқан адамдар, сондай-ақ өз бетінше зерттеуден өткен және КВИ-ге қарсы антиденелерге тесттің теріс нәтижесі бар адамдар белгіленген мерзімдерді есепке алмай ревакцинациялауға жіберіледі.

Сәуір айында жаппай алғашқы вакцинацияның басталуын ескере отырып, алғашқы вакцинацияны аяқтаған республиканың барлық азаматтары (вакцинацияның толық курсы аяқталғаннан кейін 6-9 айдан кейін) 2022 жылдың қаңтарынан бастап ревакцинацияланады.

Осыған байланысты екінші кезеңде алғашқы вакцинацияны аяқтаған және ревакцинация мерзімі жеткен қалған азаматтар ревакцинацияланады.

Осыған байланысты облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдіктерінен ағымдағы жылғы 22 қарашадан бастап тәуекел тобындағы адамдарға, бұдан әрі 2022 жылы халықтың басқа тобындағы адамдарға ревакцинация жүргізуді ұйымдастыруды сұраймын.

 

Назарларыңызға рақмет!

Дата публикации
10 ноября 2021
Дата обновления
06 декабря 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
01 июля 2026
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің жүйелері туралы жариялануға жататын мәліметтер
Хабарлама
05 июня 2026
Публичные слушания
Ақпарат
25 ноября 2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарованың Алматы қаласына жұмыс сапары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы