Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!
Слайд 2
Әлемде КВИ-дің 244 млн.астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 300 мыңнан астам жағдай тіркеледі. 4,9 млн. астам адам қайтыс болды.
ДДҰ Еуропалық өңірінің деректері бойынша соңғы екі аптада 54 елдің ішінде 35 елде сырқаттанушылықтың өсуі байқалады.
Соңғы 14 күнде аурудың ең көп өсуі Польшада байқалды, онда ауру 160%-дан астам, Венгрияда – 120%-дан астам, Грузияда - 110%-дан астам, Әзірбайжанда - 104%-ға өске.
Анықтама үшін: Арменияда – 67%, Украинада – 53%, Австрияда – 42%, Германияда – 37%, Ресейде – 32%, Қырғызстанда, Молдовада - 20%-дан астам, Түркияда, Беларусьте және Францияда - 2-ден 10%-ға дейін.
Аурудың өсуі ДДҰ-ның Еуропалық өңірігнің 19 елінде, оның ішінде Израильде 58%-ға, Испанияда 28%-ға, Швейцарияда 16%-ға, Черногорияда 4%-ға, Италияда 3%-ға төмендеді.
Қазақстанда соңғы екі аптада сырқаттану 11%-ға төмендеді.
Слайд 3
Бүгінгі таңда жасыл аймақта 8 аймақ бар: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы облыстары және Шымкент қаласы.
Қазақстан Республикасы және 5 өңір – сары аймақта (Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары).
Қызыл аймақта 4 өңір (Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары) бар.
Репродуктивті саны - 0,96.
Слайд 4
Жалпы Қазақстанда соңғы екі айда сырқаттану 4,5 есеге (аптасына 56120-дан 12266 жағдайға дейін), ал өлім-жітім 4,8 есеге (аптасына 957-ден 197 жағдайға дейін) төмендеді.
Слайд 5
Қазақстан бойынша 1 тамыздан бастап инфекциялық төсектердің қамтылу деңгейі 56-дан 37%-ға дейін, реанимациялық төсектер 45-тен 30%-ға дейін төмендегені байқалады. Резервте 30 мыңнан астам төсек-орын бар.
Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты уақытша инфекциялық объектілерді жабу бойынша жұмыстар жалғасуда.
Ағымдағы жылғы 25 тамыз бен 18 қазан аралығында барлық өңірлерде 103 объекті (30 881 инфекциялық төсек) жабылды.
Слайд 6
1-компонентпен 8,2 млн. адам егілді, егілуге тиісті халықты қамту 71,9%-ын немесе халық санының 43,4%-ын құрады, екінші компонентпен 7,3 млн.астам адам егілді, егілуге тиісті халықтың 64,6%-ын немесе халық санының 39%-ын қамтыды.
КВИ-ге қарсы халықты вакцинациялау жалғасуда.
Слайд 7
Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!
Министрлік алдағы 3 айға коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың болжамын жаңартты.
Мәселен, пессимистік сценарийде қараша айында тіркелген жағдайлардың орташа тәуліктік саны 1 800-ге дейін, желтоқсанда 2 350-ге дейін болады.
Реалистік сценарий бойынша қараша айында 1 650 жағдайға дейін, желтоқсанда 1 600 жағдайға дейін болады.
Оптимистік сценарийде: қарашада 1 500 жағдайға дейін, желтоқсанда тәулігіне 1 100 жағдайға дейін болады.
Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп КВИ бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды мониторингтеуді және іске асыруды жалғастыруда.
Назарларыңызға рақмет!