Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!
Құрметті жиналысқа қатысушылар!
Слайд 1
Қазақстандағы коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы хабардар етуге рұқсат етіңіз.
Слайд 2
Әлемде КВИ-дің 213 млн.астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 480 мыңнан астам жағдай тіркеледі. 4,4 млн. астам адам қайтыс болды.
ДДҰ-ның алты өңірінің төртеуінде (Америка, Еуропа, Тынық мұхитының батыс бөлігі, Шығыс Жерорта теңізі) шілде айының екінші онкүндігінен бастап сырқаттанушылықтың өсу үрдісі байқалады.
Соңғы аптада аурудың барынша өсуі Әзірбайжанда байқалды, онда бір апта ішінде ауру 63%–ға, Жапонияда 34%-ға және Израильде 33%-ға өсті.
Қазақстанда бір апта ішінде өсім 7%-ға төмендеді.
Анықтама үшін: Грузияда 3%, АҚШ-та - 2%. Түркияда өсім 16%-ға, Иранда 7%-ға төмендеді.
Слайд 3
Әлемдік рейтингте Қазақстан 1 млн тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық пен өлім-жітім бойынша 222-нің ішінде 101-орында тұр.
Слайд 4
24 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда covid-19-ға оң нәтиже берген 748 851 науқас және КВИ- 67 870 жағдай тіркелген.
Анықтама үшін: Оның ішінде соңғы тәулікте КВИ+ 5 631 жағдай және КВИ- 38 жағдайы тіркелді, оның ішінде 120-ы өліммен аяқталды (97-і КВИ+, 23-і КВИ-).
Слайд 4
Түркістан облысын қоспағанда барлық өңірлер қызыл аймақта орналасқан.
Слайд 5
Соңғы екі апта ішінде Қазақстанда коронавирустық инфекция жағдайларының саны біртіндеп төмендегені байқалады. Соңғы 2 аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді (53 933-тен 48 744-ке дейін).
1 тамыздан бастап ҚР-да коронавирустық инфекцияның таралу индексі 1,2 есеге, 1,11-ден 0,93-ке дейін төмендеді.
Анықтама үшін: 7 өңірде (Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары және Алматы қаласы) R 1,0-ден жоғары.
Слайд 6
Инфекциялық төсектердің қамтылуы 49%-ды (28 577), реанимациялық төсектер 46%-ды (2 379) құрайды.
Соңғы екі аптада инфекциялық төсектердің жүктемесі 12%-ға (55-тен 49%-ға дейін) төмендеді.
Инфекциялық төсектердің ең көп қамтылуы Ақтөбе облысында - 68%, Алматы қаласында – 61% және Алматы облысында – 59% байқалады.
Слайд 7
Бүгінгі күні 1-компонентпен 6,4 млн. адам егілді, тиісті халықты қамту 64%-ды құрады, 2-компонентпен тиісті халықты қамту 50%-ды құрап, 5,0 млн. астам адам егілді.
Ең көп қамту 9 өңірде: Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола және Атырау облыстарында байқалады.
Бірінші дозамен вакцинациялаумен қамтудың ең аз пайызы Маңғыстау облысында (38%) байқалады.
Егу пункттерінде барлығы 1 млн 400 мың бірінші компонент және 940 мың екінші компонент бар.
Слайд 8
Ауруды талдау КВИ-мен ауырғандардың және ауыр ағымы бар науқастардың негізгі үлесі вакцинацияланбаған халыққа тиесілі екенін көрсетті.
Осылайша, 1 ақпаннан бастап ауырған вакцинацияланбағандардың үлес салмағы КВИ-мен тіркелген науқастар санына шаққанда 97,5%-ды құрайды, ал вакцинацияланған азаматтар арасында 2,5%-ы ғана ауырды.
Осындай жағдай КВИ-дің ауыр ағымында да байқалады, мұнда реанимация мен өкпені жасанды желдетудегі адамдардың 95%-ы вакцинацияланбаған адамдар.
Ұсынылған деректер вакцинацияның тиімділігін тағы бір рет айқын көрсетеді.
Осыған байланысты тағы да осы уақытқа дейін вакцинацияланбаған азаматтарды вакцинацияның алу туралы дұрыс шешім қабылдауға шақырамын.
Бұл бәрімізге өз денсаулығымызды ғана емес, жақындарымыз бен әріптестеріміздің денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.
Слайд 9
Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!
Министрлік коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың болжамын қараша айына дейін жаңартты.
Мәселен, пессимистік сценарийде қыркүйек айында тіркелген жағдайлардың орташа тәуліктік саны 6 300 жағдайға дейін, қазан айында 2 400 жағдайға дейін болады.
Реалистік сценарий бойынша қыркүйекте 5 300 жағдайға дейін, қазан айында 1 800 жағдайға дейін болады.
Оптимистік сценарийде: қыркүйекте тәулігіне 4 200 жағдайға дейін, қазанда 1 300 жағдайға дейін болады.
Назарларыңызға рақмет!