Меню

Страницы

Статья

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 29 маусымдағы баяндамасы

Құрметті Асқар Ұзақпайұлы!

Құрметті жиналысқа қатысушылар!

2-слайд

Әлемде КВИ-дің 182 млн-нан астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 309 мыңнан астам жағдай тіркелуде. 3,9 млн-нан астам адам қайтыс болды, өлім көрсеткіші – екі бүтін оннан бір пайыз (2,1 %).    

3-слайд

Қазақстанда 29 маусымдағы жағдай бойынша COVID-19-ға оң нәтижемен 421 121 науқас және КВИ- 56 942 жағдай тіркелді.

Анықтама үшін: оның ішінде соңғы тәулікте КВИ+ 1321 жағдай және КВИ- 2 жағдайы тіркелді, оның ішінде 23 адам қайтыс болды (20-ы - КВИ+, 3-уі - КВИ-).

4-слайд

Қазақстан Республикасы 26 маусымнан бастап қызыл аймақта.

Қызыл аймақта Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Атырау және Қарағанды облыстары орналасқан.

Қалған аймақтар сары және жасыл аймақтарда орналасқан.

5-слайд

Соңғы аптада короновирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың 39%-ға өскені байқалады.

6-слайд

29 маусымда республика бойынша инфекциялық төсектердің қамтылуы 27%-ды (7 125 төсек), реанимациялық төсектер 24%-ды (589 төсек) құрайды. 

7-слайд

Республика бойынша сырқаттанушылықтың өсуі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында сырқаттанушылықтың 1,7 есе өсуіне байланысты, бұл республика бойынша жалпы сырқаттанушылықтың 43%-ын құрайды.

Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласында инфекциялық төсектердің қамтылуы 65%-ды, реанимациялық төсектер 74%-ды, Алматы қаласында - 32%-ды, реанимациялық төсектер 31%-ды құрайды. 

8-слайд

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты слайдта келтірілген қосымша шектеу шаралары енгізілді, олар халық көп жиналатын орындардың қызметін шектеуге бағытталған.

 

Сондай-ақ Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында аталған өңірлердің эпидемиологиялық тәуекелі жоғары аймаққа немесе қызыл аймаққа көшуіне байланысты қосымша шектеу шаралары қабылданды.

9-слайд

 Халықты вакцинациялау жалғасуда, шамамен 5,2 млн. доза вакцина пайдаланылды, оның ішінде 1-компонентпен 3 246 795 адам егілді, бұл тиісті халықтың 32,8%-ын құрайды. Екінші компонентпен 1 954 372 адам қамтылды.

Бүгінгі күні егу пункттерінде вакцина дозаларының жеткілікті саны бар: шамамен бірінші компоненттің 800 мын. дозасы және екінші компоненттің 1,4 млн. дозасы бар.

Өткен аптада вакцинациялау қарқынының 1,6 есе, өткен аптада 254 мыңнан 405 мыңға дейін өскенін атап өткен жөн.                                                   

Құрметті Асқар Ұзақпайұлы!

10-слайд

Вакцинациялаудың тиімділігіне талдау жүргізілді, елімізде вакцинацияланғандар санының сәуір-маусым айлары аралығында 1,3 млн. адамнан 3,2 млн. адамға дейін өсуімен сырқаттанушылықтың 2 есеге төмендегіні байқалады.

Осыған байланысты, Дельта штамының пайда болуын және аталған штамға қарсы вакциналардың тиімділігін зертделеудің жалғасып жатқанын ескере отырып, вакцинация елдегі эпидемиологиялық жағдайға жағымды әсер ететінін айта кеткен дұрыс.

Баяндама аяқталды.

Назарларыңызға рахмет.

Дата публикации
29 июня 2021
Дата обновления
06 декабря 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
01 июля 2026
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің жүйелері туралы жариялануға жататын мәліметтер
Хабарлама
05 июня 2026
Публичные слушания
Ақпарат
25 ноября 2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарованың Алматы қаласына жұмыс сапары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы