Құрметті Асқар Ұзақпайұлы!
Құрметті жиналысқа қатысушылар!
2-слайд
Әлемде COVID-19 бойынша сырқаттанушылық пен өлім жағдайы әлі де күрделі. Бүгінгі күні әлемде КВИ-дің 171 млн. астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 390 мыңнан астам жағдай тіркелуде. 3,5 млн. астам адам қайтыс болды, өлім көрсеткіші – екі бүтін оннан бір пайыз (2,1 %).
3-слайд
Әлемдік рейтингке сәйкес Қазақстан (екі жүз жиырма бір) 221 елдің ішінде сырқаттанушылық көрсеткіші бойынша (жүзі бесінші) 104 орында, ал өлім көрсеткіші бойынша соңғы төрт аптада Қазақстанның позициясы 5 бірлікке жақсарды (жүз жетінші) 107-ші орыннан (жүз он екінші) 112-ші орынға ауысты.
4-слайд
Қазақстанда 1 маусымға CОVID-19-дың оң нәтижесімен 387 672 (үш жүз сексен жеті мың алты жүз жетпіс екі) науқас және КВИ-дің теріс нәтижесімен (елу бес мың екі жүз алпыс үш) 55 263 жағдай тіркелді.
Анықтама: оның ішінде соңғы тәулікте КВИ-дің оң нәтижесімен (мың жүз жиырма үш) 1 123 жағдай және КВИ-дің теріс нәтижесімен (он бір) 11 жағдай тіркелді, оның ішінде 22 (жиырма екісі) өліммен аяқталған (19-ы – КВИ+, 3-уі – КВИ).
5-слайд
Қазақстан Республикасы сары аймақта тұр.
Қызыл аймақта 3 өңір бар, олар: Нұр-Сұлтан, Ақмола және Қарағанды облыстары.
Сары аймақта 6 өңір бар, олар: Алматы қаласы, Павлодар, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Қалған 8 өңір жасыл аймақта тұр.
6-слайд
Жалпы республикада коронавирустық инфекцияның төмендеуі жалғасуда.
Соңғы аптада өткен екі аптамен салыстырғанда КВИ жағдайларының саны 15 мыңнан 12 мыңға дейін 21 пайызға төмендеді.
Жалпы соңғы айда сырқаттанушылық 1,6 есеге төмендеді.
7-слайд
Өңірлер бөлінісінде төсек-орындармен қамтылуға жүргізілген күн сайынғы мониторингіге сәйкес ағымдағы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша республика бойынша инфекциялық төсек-орындармен қамту –28%-ды (9984 төсек), реанимациялық төсек-орындармен қамту 24%-ды (777 төсек) құрайды.
8-слайд
Сондай-ақ, инфекциялық және реанимациялық төсек-орындармен қамту оң динамикасын айтиап өткім келеді, мамыр аайында сәуірмен сатыстырғанда инфекциялық және реанимациялық төсек-орындармен қамтуы 1,5 және 1,2 есеге төмендеді.
Инфекциялық төсек-орындармен қамтудың төмендеуі Алматы қаласында – 2,3 есеге, Алматы облысында 1,9 есеге, Ақтөбе облысында 1,8 есеге, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарда 1,6 есеге төмендеді.
9-слайд
Соңғы 2 аптада ем қабылдап жатқан науқастар санының 12 мыңға азайғаны байқалады.
Анықтама ретінде: 17 мамырдағы 38 мың адамнан 1 маусымдағы 26 мың адамға дейін азайғаны байқалады, оның ішінде стационарлық ем қабылдап жатқан науқастардың саны 14 мың науқастан 10 мың науқасқа дейін, амбулаториялық ем қабылдап жүрген науқастар саны 24 мың науқастан 16 мың науқасқа дейін төмендеген.
Халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялау жалғасуда.
Бүгінгі күні вакцинаның 3,2 млн дозасы пайдаланылды, оның 1-компоненті бойынша 2 131 519 адам егілді, бұл тиісті халықтың 21%-ын құрайды. Екінші компонентпен 1 074 954 адам қамтылды.
Бүгінгі күні егу пунктерінде вакцинаның саны жеткілікті, бірінші компоненттің 330 мың доза, екінші компоненттің 811 мың доза вакцина бар.
10-слайд
Құрметті Асқар Ұзақпайұлы!
«Ashyq» жобасын масштабтау бүкіл ел бойынша жүргізіліп жатыр. Жобаның қатысушыларының саны 8 мыңнан асты және соңғы екі аптада 2 мыңға өсті. Пайдаланушылардың саны 2 аптада 1,4 млн-нан 2 млн-ға дейін өсті.
Сонымен қатар, Ашық еңгізгеннен бастап 3 556-ы ПТР тестінің оң нәтижесі бар науқастар және 3 012-і байланыста болған адамдар.
Бұл статистика, өкінішке орай, кейбір азаматтар үйде оқшаулау режимін сақтамайтынын, халық көп жиналатын объектілерге баратынын, осылайша басқа келушілер мен ұшақ жолаушылар үшін ауру жұқтыру қаупін тудыратынын көрсетіп отыр.
Жобаны еңгізгеннен бастап оң нәтижені және оның одан әрі жүзеге асырылуы «Атамекен» ҰКП бірігіп жобаның көшбасшыларды мадақтау критерийлері әзірленді.
Жобаның көшбасшылары объектіде екі апта бойы қызмет түріне байланысты тіркелу саны бойынша анықталады.
Анықтама ретінде: көп келетінобъектілер үшін (қоғамдық тамақтану, караоке, компьютерлік және и лотоклубтар, сауналар, спорт кешендер (шаралар), фитнес-орталықтар, театрлар, кинотеатрлар, көрмелер, туристік тасымалдау)- 2 аптада Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларда 2000 астам тіркелу, қалған аумақтарға - 1000 фиксациядан жоғары.
Бильярд, боулинг, СПА-орталықтар, репетициялар – 2 аптада Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларда 1000 фиксациядан жоғары қалған аумақтарға - 500 фиксациядан жоғары.
Бұл тәсіл астананың және республикалық маңызы бар қалалардың ерекшелігін ескереді.
«Ashyq» жобасының Көшбасшысы мәртебесін алған қатысушылар жұмыс уақыты және шарты бойынша қосымша жеңілдіктер алады.
Анықтама ретінде: «қызыл» аймақтағы қатысушылар «сары» аймақ шарты бойынша жұмыс жасайды;
«сары» аймақтағы қатысушылар «жасыл» аймақ шарты бойынша жұмыс жасайды;
«жасыл» аймақтағы қатысушыларға қосымша жұмыс тәртібі 2 сағатқа ұлғаяды, толтырылуы 10 пайызға өседі.
Сонымен қатар «Ashyq» жобасына туристік орындар, оқыту орталықтарды, балал сауықтыру ұйымдар объектірелін қосу сұрағы қарастырылуда.
Құрметті Асқар Ұзақпайұлы!
Бүгінгі күні республикада коронавирустықө ифнкция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалып жатыр, аумақтардың біртіндеп қызыл аймақтан шығуы байқалып жатыр, сырқаттану болжамның реслистік сценарийі бойынша дамып жатыр.
Тұрақты жағдайды сақтау үшін жергілікті атқарушы органдар вакцинация темпін ұлғайту және халық арасында ақпараттандыру-түсіндіру жұмысын жүргізу қажет.
Баяндама аяқталды.
Назарларыңызға рахмет.