Меню

Страницы

Статья

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы баяндамасы

Құрметті Асқар Ұзақпайұлы!

Құрметті жиналысқа қатысушылар!

2-слайд

Әлемде COVID-19 бойынша сырқаттанушылық пен өлім жағдайы әлі де күрделі. Бүгінгі күні әлемде КВИ-дің 174 млн. астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 350 мыңнан астам жағдай тіркелуде. 3,7 млн. астам адам қайтыс болды, өлім көрсеткіші –  екі бүтін оннан бір пайыз (2,1 %).

3-слайд

Әлемдік рейтингке сәйкес Қазақстан  (екі жүз жиырма бір) 221 елдің ішінде сырқаттанушылық көрсеткіші бойынша (жүзі бесінші) 105 орында, ал өлім көрсеткіші бойынша соңғы төрт аптада Қазақстанның позициясы 4 бірлікке жақсарды (жүз жетінші) 107-ші орыннан (жүз он бірінші) 111-ші орынға ауысты.

4-слайд

Қазақстанда 10 маусымға CОVID-19-дың оң нәтижесімен 397 976 (үш жүз тоқсан жеті мың тоғыз жүз жетпіс алты) науқас және КВИ-дің теріс нәтижесімен (елу бес мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз) 55 999  жағдай тіркелді.

Анықтама: оның ішінде соңғы тәулікте КВИ-дің оң нәтижесімен (мың жүз қырық төрт) 1 144 жағдай және КВИ-дің теріс нәтижесімен (жетпіс бір) 71 жағдай тіркелді, оның ішінде 15 (он бесі) өліммен аяқталған (13-і – КВИ+, 2-уі – КВИ).

5-слайд

Қазақстан Республикасы 6 маусымнан бастап жасыл аймақта тұр.

Қызыл аймақта тек қана Нұр-Сұлтан қаласы.

Сары аймақта 6 өңір бар, олар: Алматы қаласы, Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары.

Өткен аптада жасыл аймаққа Қостанай облысы өтті және бүгінгі күнге  10 өңір тұр.

6-слайд

Жалпы республикада коронавирустық инфекцияның төмендеуі жалғасуда.

Соңғы аптада өткен екі аптамен салыстырғанда КВИ жағдайларының саны 11 мыңнан 8 мыңға дейін 1,3 есеге төмендеді.

Жалпы мамыр айындағы эпиджағдайме салыстырғанда сырқаттанушылық 2,1 есеге (19 653-тен 9 067 жағдайға дейін) төмендеді.

7-слайд

 Өңірлер бөлінісінде төсек-орындармен қамтылуға жүргізілген күн сайынғы мониторингіге сәйкес ағымдағы жылғы 10 маусымдағы жағдай бойынша республика бойынша инфекциялық төсек-орындармен қамту –24%-ды (7 576 төсек), реанимациялық төсек-орындармен қамту 21%-ды (629 төсек) құрайды.

                 

  8-слайд

Сондай-ақ, инфекциялық және реанимациялық төсек-орындармен қамту оң динамикасын айтиап өткім келеді, мамыр аайында сәуірмен сатыстырғанда инфекциялық және реанимациялық төсек-орындармен қамтуы 1,9 және 1,5 есеге төмендеді.

 Инфекциялық төсек-орындармен қамтудың төмендеуі барлық аумақтарда байқалады, оның ішінен Алматы қаласында – 4 есеге, Ақтөбе облысында 3 есеге, Алматы облысында 2,5 есеге, Түркістан және Қызылорда, Жамбыл облыстарда 2 есеге төмендеді.

9-слайд

Соңғы айда ем қабылдап жатқан науқастар санының 20 мыңға немесе 2 есе азайғаны байқалады.

Анықтама ретінде: 6  мамырдағы 42 мың адамнан 10 маусымдағы  22 мың адамға дейін азайғаны байқалады, оның ішінде стационарлық ем қабылдап жатқан науқастардың саны 14 мың науқастан 7,5 мың науқасқа дейін, амбулаториялық ем қабылдап жүрген науқастар саны 27 мың науқастан 15 мың науқасқа дейін төмендеген.

Халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялау жалғасуда.

Бүгінгі күні вакцинаның 3,6 млн дозасы пайдаланылды, оның 1-компоненті бойынша 2 371 178 адам егілді, бұл тиісті халықтың 24%-ын құрайды. Екінші компонентпен 1 264 247 адам қамтылды.

Бүгінгі күні егу пунктерінде вакцинаның саны жеткілікті, бірінші компоненттің 1,2 млн доза, екінші компоненттің 835 мың доза вакцина бар. Вакцинаның жеткізілуі одан әрі жалғасуда.

Жергілікті атқарушы органдар халық арасында ақпараттандыру-түсіндіру жұмысын жүргізу қажет.   

10-слайд

Құрметті Асқар Ұзақпайұлы!

 Бүгінгі күні республикада коронавирустықө инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалып жатыр, аумақтардың біртіндеп қызыл аймақтан шығуы байқалып жатыр, сырқаттану болжамның оптимистік сценарийі бойынша (тәулігіне 1260 жағдайға дейін) дамып жатыр.

Жағдай Министерліктің бақылауында тұр.         

Баяндама аяқталды.

Назарларыңызға рахмет.

Дата публикации
06 декабря 2021
Дата обновления
06 декабря 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
01 июля 2026
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің жүйелері туралы жариялануға жататын мәліметтер
Хабарлама
05 июня 2026
Публичные слушания
Ақпарат
25 ноября 2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарованың Алматы қаласына жұмыс сапары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы