Құрметті Асқар Ұзақпайұлы!
Құрметті жиналысқа қатысушылар!
2-слайд
Әлемде COVID-19 бойынша сырқаттанушылық пен өлім жағдайы әлі де күрделі. Бүгінгі күні әлемде КВИ-дің 163 млн. астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 500 мыңнан астам жағдай тіркелуде. 3,3 млн. астам адам қайтыс болды, өлім көрсеткіші – екі бүтін оннан бір пайыз (2,1 %).
3-слайд
Әлемдік рейтингке сәйкес Қазақстан (екі жүз жиырма бір) 221 елдің ішінде сырқаттанушылық көрсеткіші бойынша (жүзі бесінші) 105 орында, ал өлім көрсеткіші бойынша (жүз алтыншы) 106 орында тұр.
4-слайд
Қазақстанда 18 мамырда CОVID-19-дың оң нәтижесімен 362 030 (үш алпыс екі мың отыз) науқас және КВИ-дің теріс нәтижесімен (елу төрт мың жүз елу үш) 54 153 жағдай тіркелді.
Анықтама: оның ішінде соңғы тәулікте КВИ-дің оң нәтижесімен (мың сегіз жүз отыз жеті) 1 837 жағдай және КВИ-дің теріс нәтижесімен (бір) 1 жағдай тіркелді, оның ішінде 25 (жиырма бесі) өліммен аяқталған (22-і – КВИ+, 3-уі – КВИ-).
5-слайд
Қазақстан Республикасы сары аймақта тұр.
Қызыл аймақта 6 өңір бар, олар: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Атырау облыстары.
Сары аймақта 6 өңір бар, олар: Ақтөбе, Павлодар, Алматы, Қостанай облыстары және Шымкент қаласы.
Қалған 6 өңір жасыл аймақта тұр.
6-слайд
Қазіргі уақытта сырқаттанушылықтың төмендеуінің оң динамикасы және эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалады.
Соңғы екі аптада өткен екі аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 20% - ға төмендеді.
7-слайд
Өңірлер бөлінісінде төсек-орындармен қамтылуға жүргізілген күн сайынғы мониторингіге сәйкес ағымдағы жылғы 18 мамырдағы жағдай бойынша республика бойынша инфекциялық төсек-орындармен қамту –36%-ды (13 768 төсек), реанимациялық төсек-орындармен қамту 28%-ды (948 төсек) құрайды.
Инфекциялық төсектер-орындармен жоғары қамтылуы Нұр-Сұлтан қаласында - 49% (1068 төсек) және Алматы облысында - 45% (1966 төсек), реанимациялық төсектер-орындармен жоғары қамтылуы Нұр-Сұлтан қаласында - 52% (99 төсек) және Алматы қаласында - 47 % (210 төсек) екені байқалады.
8-слайд
Сондай-ақ, ем қабылдап жатқан науқастар санының 10 мамырдағы 41 мың адамнан 17 мамырда 38 мың адамға дейін азайғаны байқалады, оның ішінде стационарлық ем қабылдап жатқан науқастардың саны 15 мың науқастан 13 800 науқасқа дейін, амбулаториялық ем қабылдап жүрген науқастар саны 26 мың науқастан 24 300 науқасқа дейін төмендеген.
Халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялау жалғасуда.
Бүгінгі күні вакцинаның 2,6 млн дозасы пайдаланылды, оның 1-компоненті бойынша 1 871 823 адам егілді, бұл тиісті халықтың 19%-ын құрайды. Екінші компонентпен 778 345 адам қамтылды.
Сондай-ақ бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына бірішні дозадан кейін 21 күннен 90 күнге дейін кезеңде екінші компонентпен вакцинация жүргізу мүмкіншілігі бойыншаөзгерістер енгізілді.
Бүгінгі күні егу пунктерінде вакцинаның саны жеткілікті, бірінші компоненттің 465 мың доза, екінші компоненттің 457 мың доза вакцина бар.
Вакцинаны жеткізу кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
14 мамырда КФК-не Спутник V дайындау үшін субстанция түсті, қазіргі уақытта кезең-кезеңмен 1 млн 200 мың доза өңдеу жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар ай соңына дейін KazVac қазақстандық вакцина және БАӘ өндірілген Хаят Вак вакцинасының әкелінуі күтуде.
9-слайд
Құрметті Асқар Ұзақпайұлы!
Кәсіпкерлік объектілер мен эпидемиологиялық жағдай арасындағы теңгерім мен қызметті сақтау мақсатында 18 қаңтардан бастап пилоттық режимде «Ashyq» жобасы іске қосылды, ол 26 сәуірден бастап бүкіл елге таралды.
Бүгінгі күні «Ашық» жүйесі барлық қызмет саласындағы 5 908 объектіні, 1 млн 400 мың пайдаланушыны қамтиды.
«Ашық» жүйесі енгізілген сәттен бастап қызыл және сары мәртебесі бар 3256 келуші анықталды, оның ішінде 1 867-і ПТР тестінің оң нәтижесі бар науқастар және 1389-і байланыста болған адамдар.
Сонымен қатар, 12 мамырдан бастап пилоттық режимде Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының әуежайларында «Ашық» қосымшасы пайдаланылады, бұл 74 ПТР тестінің оң нәтижесі бар науқастар және 74 байланыста болған адамдарды анықтауға мүмкіндік берді.
Бұл статистика, өкінішке орай, кейбір азаматтар үйде оқшаулау режимін сақтамайтынын, халық көп жиналатын объектілерге баратынын, осылайша басқа келушілер мен ұшақ жолаушылар үшін ауру жұқтыру қаупін тудыратынын көрсетіп отыр.
Құрметті Асқар Ұзақпайұлы!
Вакцинациямен қамтудың өсуі, бақылау объектілерінде цифрлық технологияларды енгізу елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Баяндама аяқталды.
Назарларыңызға рахмет.