Меню

Страницы

Статья

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі баяндамасы

   

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Құрметті жиналысқа қатысушылар!

 

2-слайд

Әлемде COVID-19 бойынша сырқаттанушылық пен өлім жағдайы әлі де күрделі. Бүгінгі күні әлемде КВИ-дің 141 млн. астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 700 мыңнан астам жағдай тіркелуде. 3,0 млн. астам адам қайтыс болды, өлім көрсеткіші – 2,1 %.

ДДҰ-ның алты өңірінің бесеуінде (Америка, Еуропа, Тынық мұхитының батыс бөлігі, Шығыс Жерорта Теңізі, Оңтүстік Шығыс Азия) сырқаттанушылықтың өсу тенденциясы байқалады.

Слайд 2

Әлемде COVID-19-бен сырқаттанушылық пен өлім-жітім бойынша жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Бүгінгі таңда әлемде КВИ-дің 141 млн.астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 700 мыңнан астам жағдай тіркеледі. 3,0 млн. астам адам қайтыс болды, өлім көрсеткіші 2,1%–ды құрады.

ДДҰ-ның алты өңірінің бесеуінде (Америка, Еуропа, Тынық мұхитының батыс бөлігі, Шығыс Жерорта теңізі, Оңтүстік-Шығыс Азия) сырқаттанушылықтың өсу үрдісі байқалады. 

  

Слайд 3

221 ел қатысатын әлемдік рейтингке сәйкес Қазақстан сырқаттанушылық көрсеткіші бойынша 110-орында, ал өлім көрсеткіші бойынша 107-орында.

 

Слайд 4

Қазақстанда 20 сәуірдегі жағдай бойынша COVID-19-ға оң нәтиже берген 292 250 науқас және КВИ- 51 890 жағдайы тіркелді.

Анықтама үшін: Оның ішінде соңғы тәулікте КВИ+ 2 530 жағдайы және КВИ- 11 жағдайы тіркелді, оның ішінде 33 өліммен аяқталды (30-ы КВИ+, 3-уі КВИ-).

Слайд 5

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика 22 күн бойы қызыл аймақта.

Сондай – ақ, қызыл аймақта 8 өңір бар - слайдта көрсетілген:

     Анықтама үшін: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Ақтөбе облыстары.

Сонымен қатар, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары қызыл аймақта 42 күн, Батыс Қазақстан облысы бір айдан астам, Атырау облысы  27 күн, Ақтөбе облысы соңғы 20 күнде, Ақмола, Қарағанды  15 күн, Шымкент қаласы соңғы 5 күнде.

Жасыл аймақта тек Түркістан және Қостанай облыстары ғана бар.

Қалған аймақтар сары аймақта.

Анықтама үшін: Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстары.

Слайд 6

Жылдың наурыз айының соңынан бастап эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалады, бұл апта сайынғы сырқаттанушылық алдыңғы аптамен салыстырғанда 46% - ға өсті.

Алайда, ағымдағы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда апталық сырқаттанушылықтың өсу қарқынының наурыз айының соңынан 46% - дан өткен аптада 6% - ға дейін төмендеу үрдісі байқалады.

Өткен аптада өлім-жітімнің өсуі алдыңғы аптаға қарағанда 22% - дан 8% - ға дейін төмендеді.

Бүгінгі таңда барлық өңірлер қоғамдық тамақтану объектілерінің толтырылуын қысқартуға, кәсіпкерлік және (немесе) өзге де халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін объектілердің жұмыс кестесін қысқартуға, локдаундтарды сақтауға бағытталған күшейтілген шараларды қабылдады.

Слайд 7

Дәстүрлі формат енгізілген сәттен бастап оқушылар арасында КВИ ауруының өсуі байқалады.

4 тоқсанның басталуымен 3 706 оқушы ауырды, оның ішінде офлайн оқитын оқушылар арасында - 1093, онлайн режимде - 2613. Оның ішінде дәстүрлі форматта оқитын оқушылардың ең көп пайызы 4 тоқсанда Қарағанды (0,4%), Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында (0,3%-дан) байқалады. Онлайн режимде оқитындар арасында: Нұр-Сұлтан (0,7%) және Алматы (0,3%) қалалары.

Осыған байланысты, аумақ әкімдері білім беру ұйымдарында сан-эпид талаптарының сақталуына және КВИ профилактикасының негізгі шараларының орындалуына тұрақты бақылауды қамтамасыз етуі қажет, мысалы, таңертеңгі сүзгі өткізу, персоналдың маска режимін сақтауы, үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау жүргізу, сондай-ақ қызыл аймақтағы өңірлерде офлайн режимде оқытуды бастамау.

Слайд 8

Өңірлер бөлінісінде төсек-орындардың күнделікті қамтылу мониторингіне сәйкес ағымдағы жылғы 20 сәуірдегі жағдай бойынша республика бойынша инфекциялық төсек– орындардың қамтылуы – 41% (13 836 төсек), реанимациялық төсек-орындар 27% (839 төсек) құрайды.

Инфекциялық төсектердің ең көп қамтылуы Батыс Қазақстан облысында - 63%, Алматы облысында - 61% және Алматы қаласында – 56% байқалады.

Реанимациялық төсек-орындардың ең көп қамтылуы Алматы қ. - 53% және Нұр-Сұлтан қ. - 56%.

 

 Слайд 9

19 сәуірдегі жағдай бойынша ҚР стационарларында 14 147 пациент бар, оның ішінде 775 адам немесе 5% ауыр және өте ауыр науқастар.

Ауыр науқастардың 46%– ы Алматы қаласына - 32%-ы (254), Нұр-Сұлтан қаласына - 13%-ы (102), Алматы облысына - 6 %-ы (50) келеді..

Анықтама үшін: АРҚТБ-дағы 775 пациенттің 176-сы өте ауыр науқастар (22%). ӨЖЖ-да 99 пациент бар (12,8%). 2021 жылғы 19 наурыздағы жағдай бойынша – АРҚТБ-дағы пациенттер саны - 311 пациент болды

587 бала (барлығы орташа).

Ауырлығы орташа дәрежедегі КВИ пациенттері 13 372 (95%).

 

Слайд 10

2021 жылы 2 мыңнан астам шалғайдағы ауылдық елді мекендерде жылжымалы медициналық кешендермен 2,6 млн. астам тұрғынды медициналық көмекпен қамту жоспарлануда.

Анықтама үшін: қазіргі уақытта барлық өңірлер климаттық-географиялық жағдайларды ескере отырып, 2021 жылға арналған ЖМК-ның ауылдық елді мекендерге шығу кестесін бекітті. ЖМК-ның шалғай ауылдық елді мекендерге шығуы қазірдің өзінде барлық өңірлерде басталды. 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында 149 ЖМК 99 елді мекенді қамтыды, 95 605 медициналық қызмет көрсетілді, 29 859 диагностикалық зерттеулер, 16 096 зертханалық зерттеулер жүргізілді, бейінді мамандардың 49 650 консультациясы өткізілді, 3 096 науқас анықталды, оның ішінде 1 300 пациент есепке алынды.

Ауыл тұрғындары үшін вакцинацияның қолжетімділігін арттыру мақсатында вакцинацияның жылжымалы медициналық кешендерді пайдалана отырып ұйымдастырылуы да мүмкін.      

Анықтама үшін: МСАК деңгейінде медициналық көмек көрсету үшін 3 683 көшпелі мобильді бригада жұмыс істейді, оның 49% - ы ауылда.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 15 сәуіріне дейін мобильді бригадалар 693 171 шығуды жүзеге асырды.

Ең  көп шығу Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында және Алматы қаласында жүзеге асырылды.

 

Слайд 11

Бүгінгі таңда өңірлерде шамамен 188 мың доза вакцина бар. Вакцинаны жеткізу кестеге сәйкес кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.

Вакцинациялау қарқынының өсуі байқалады, вакцинациялаумен қамту тәулігіне 70 мыңнан астам адамға дейін ұлғайды.

Бүгінгі күні І компонентпен 733 980 адам егілді.

Жұмыс жалғасуда.     

 

        Слайд 12

Өңірлерде вакцинациялаудың күнделікті жоспарын орындау мониторингі қамтамасыз етіледі.

3 өңір кестеден қалып отыр: Нұр-Сұлтан қаласы, Маңғыстау және Қарағанды облыстары.

Осыған байланысты аталған өңірлердің әкімдігі вакцинация кестесінің сақталуын және вакцина пайдаланылмаған жағдайда қамтамасыз етуі қажет, оны басқа өңірлерге қайта бөлу бойынша шаралар қабылданатын болады.

        

         Слайд 13

Қажеттілікті ескере отырып, егу пункттерінің саны үнемі өсіп келе жатқанын атап өткім келеді. Бүгінгі таңда өңірлерде иммундау 1051 егу пунктінде жүргізілуде.

Бұдан басқа, алыс аудандарда, ұйымдасқан ұжымдарда, адамдар көп жиналатын жерлерде КВИ-ге қарсы вакцинация жүргізу үшін 303 көшпелі егу бригадасы жұмылдырылды. Иммундау науқанына 10 мыңнан астам медицина қызметкері тартылды.

Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Қарағанды қалаларында егу пункттері сауда орталықтарында, базарларда, ұйымдастырылған ұжымдарда ашылған, онда вакцинация демалыс күндері де қолжетімді, бұл халықтың вакцинацияға қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

           

Cлайд 14

Денсаулық сақтау министрлігі халықты вакцинациялаумен қамтуды ескере отырып, КВИ таралуының даму болжамын өзектендіруде.

Оптимистік сценарий бойынша вакцинацияны кестеге сәйкес жалғастырған кезде тәулігіне 3000-ға дейін жағдай тіркеліп, сәуір айының соңында шыңы болады деп күтілуде.

Реалистік сценарий бойынша вакцинация жалғастырылған жағдайда тәулігіне 3000-ға жуық жағдай тіркеледі деп күтілуде. Реалистік сценарий кезінде және кестеге сәйкес вакцинациямен қамтылған жағдайда тіркеу шыңы мамыр айының ортасына келіп, күніне 4000 жағдайға жетуі мүмкін.

Вакцинациядан болатын әсер бірінші кезеңде иммунитетті қалыптастыруға қажетті уақытпен және халықтың көп санын бір мезетте вакцинациялаудың мүмкін еместігімен шектелетін болады. Кейіннен вакцинацияның әсері күшейіп, елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына әсер етеді.

 

Баяндама аяқталды.

Назарларыңызға рақмет.

Дата публикации
06 декабря 2021
Дата обновления
06 декабря 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
01 июля 2026
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің жүйелері туралы жариялануға жататын мәліметтер
Хабарлама
05 июня 2026
Публичные слушания
Ақпарат
25 ноября 2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарованың Алматы қаласына жұмыс сапары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы