Қазақстан Республикасы
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру» Жобасы
Адами әлеуетін дамыту
№ 8617 KZ ХҚДБ қарызы
Келісімшарт атауы: «Техникалық тапсырмасы. Шұғыл медициналық көмек көрсету үшін медициналық жабдықты /симуляциялық оқу жабдығын сатып алу (Симуляциялық жабдық пен анатомиялық модельдер)»
№ SHIP-2-3/ME-01-2.
1. Қазақстан Республикасына Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» Жобасының шығындарын өтеу үшін қарыз алынған болатын, және сол қарыздың бөлігін № SHIP-2-3/ME-01-2 Шұғыл медициналық көмек көрсету үшін медициналық жабдықты /симуляциялық оқу жабдығын сатып алу (Симуляциялық жабдық пен анатомиялық модельдер)келісімшарты бөйынша төлемдерге жұмсауға ниеттенеді.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі таңда саудаластықтың заңды және кәсіби қатысушыларын шұғыл медициналық көмек көрсетуге бағытталған медициналық жабдықты /симуляциялық оқу жабдығын (Симуляциялық жабдық пен анатомиялық модельдер) жеткізуге өздерінің мөр қойылған ұсыныстарын беруге шақырады.
3. Саудаластық - Дүниежүзілік Банк Нұсқаулығында көрсетілгендей: ХҚДБ қарыздары және ХДҚ несиелері бойынша сатып алу - Халықаралық конкурстық саудаластық (ICB) процедураларына сәйкес өткізіледі, және барлық тиімді мемлекеттен саудаластыққа қатысушылардың барлығына ашық, бұл Дүниежүзілік Банк Нұсқаулығының 1.6 және 1.7 тармақтарында белгіленген, сонымен қатар Дүниежүзілік банктің мүдделер қайшылығы туралы саясаты көрсетілген.
4. Қызығушылық білдірген заңды саудаластыққа қатысушы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінде, Жобаның Ұлттық Үйлестірушісі –Болат Төкежановтың назарына, kazhealth.procurement@gmail.com электрондық мекен-жайы бойынша қосымша ақпарат алу мүмкіндіктері бар, сонымен қатар, төменде көрсетілген мекен-жай бойынша сағат 09.00 ден 12.30 ға дейін және 14.30 дан 18.00 ге дейін күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін, ресми мейрамдар кундерден тыс саудаластыққа арналған құжаттармен танысу мумкіндіктері бар.
Сауда қатысушысымен белгіленген өкіл тендер алдында өтетін конференцияда қатысуға шақырылады. Конференция мақсаты — осы кезеңде пайда болатын сұрақтарға жауап беру және сұрақтарды түсіндіру. Сауда қатысушы барлық сұрақтарды жазбаша түрде конференцияға бір апта бұрын Сатып алушыға жіберу қажет, Конференция 2020 жылғы 5 Маусым сағат 11-00 да, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 18 үй, 4 қабат, 77 офис мекен-жай бойынша өтеді.
5. Саудаластыққа арналған құжаттардың толық пакетін (ағылшын тілінде pdf форматында) қызығушылық білдірген саудаластыққа қатысушыға электрондық форматта жіберу мүмкіндігі бар, бұл үшін Жобаны басқару тобына kazhealth.procurement@gmail.com электрондық мекен-жайы бойынша жазбаша өтініш жіберу керек.
6. Саудаластық ұсыныстары төменде көрсетілген мекен-жай бойынша 2020 жылдың 19 Маусым күні сағат 16.00 ден кешікпей жеткізілуі тиіс. Электрондық саудаластық өткізу тиым салынады. Кешіктірген ұсыныстар қабылданбайды. Саудаластық ұсыныстар сол саудаластыққа қатысушылардың өкілдері көзінше ашылады, бұл өкілдер 2020 жылдың 19 Маусым күні сағат 16.00 де төменде көрсетілген мекен- жай бойынша өздері қатысамын дегендер. Барлық саудаластық ұсыныстар 30 000 АҚШ доллар сомасын құрайтын кепілдендірілген ұсыныспен немесе соған баламалы сомадағы еркін айырбасталатын валютамен қос беруі тиіс
7. Жүгіну мекен-жайы:
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Жобаны басқару тобы
Болат Төкежанов – Жобаның Ұлттық Үйлестірушісі
010000, Қазақстан Республикасы, Нур – Султан қаласы, Достық 18 көшесі, 4 қабат, 77 кеңсе
телефон: + 7172 472 936
E-mail: kazhealth.procurement@gmail.com