Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Министрліктің жанындағы жеке кәсіпкерлік субьектілері бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізетіні туралы хабарлайды.
Өтiнiш берушi аккредиттеу алу үшiн Министрлікке мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидалары, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібінде белгіленген нысандағы өтініш;
2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
3) бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмi.
Мерзімсіз негізде аккредиттеу туралы куәлік алу үшін өтініш беруші өзі жүгінетін мемлекеттік органға аккредиттеу туралы куәліктің үш көшірмесін де ұсынады.
Жеке кәсіпкерлік субьектілерінің аккредиттелген бірлестіктері Министрлік жанындағы кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптамалық кеңестің қызметі шеңберінде жеке кәсіпкерлердің мүдделерін қамтитын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жасауға құқылы болады.
Министрлікте аккредиттеуге өтініш берген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерінен құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жоғарыда аталған құжаттарды
Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, 5-кіреберіс мекен-жайында ұсынады.
Телефон: 743582.