Меню

Страницы

Статья

«СК-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тексеру комиссиясы төрағасының бос лауазымына құжаттарды қабылдау туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «СК-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тексеру комиссиясы төрағасының бос лауазымына құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды.

 

Құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу мерзімі:

2021 жылғы 1сәуірдің сағат 12.00-ге дейін.

 

Кәсіпорынның атауы: «СК-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – Серіктестік).

 

Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-сұлтан Қ., Достық к-сі 13/3 телефон 8 (7172) 74 35 93,

 

құжаттарды тапсыру үшін электрондық пошта мекенжайы: nu.azimbaev@dsm.gov.kz

 

Ревизиялық комиссиясының төрағасы болуы тиіс:

1) жоғары кәсіби (қаржы-экономикалық) білім;

2) аудит және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе қаржы саласындағы жұмыс тәжірибесі-кемінде 5 жыл;

3) басшылық лауазымдағы жұмыс тәжірибесі-кемінде 3 жыл;

4) ішкі аудиторлар институты (The Institute of Internal Auditors Inc) әзірлеген Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын және ішкі аудиттің халықаралық қаржылық кәсіптік стандарттарын білуі);

5) мынадай куәліктердің немесе сертификаттардың бірінің болуы: CIA ішкі аудит саласындағы сертификаты (Certified Internal Auditor); аудитордың біліктілік куәлігі немесе АССА (Association of Certified Chartered Accountants) алқаби бухгалтерінің сертификаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіби бухгалтер сертификаты немесе DipIFR (Diploma in International Financial Reporting) дипломы немесе CIPA (Certified International Professional Accountant); CISA (Certified information systems auditor) немесе CISM (Certified information security manager) немесе ITIL (Information technology infrastructure library) сертификаты; өзге де осыған ұқсас халықаралық танылған куәлік немесе сертификат;

6) мүмкіндігінше мемлекеттік және шет тілдерін білуі.

Ревизиялық комиссиясының мүшесі, әдетте, мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс, атап айтқанда:

1) Экономика және қаржы және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе аудит саласындағы жоғары кәсіптік білім;

2) Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген салалардағы жұмыс тәжірибесі – кемінде үш жыл;

3) ішкі аудиторлар институты (The Institute of Internal Auditors Inc) әзірлеген Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын және халықаралық қаржылық кәсіби ішкі аудит стандарттарын білуі);

4) аудит және/немесе қаржылық есептілік саласында арнайы даярлық бойынша сертификаттың және/немесе біліктіліктің болуы; мүмкіндігінше мемлекеттік және шет тілдерін білуі.

 

Дата публикации
01 апреля 2021
Дата обновления
01 апреля 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
01 июля 2026
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің жүйелері туралы жариялануға жататын мәліметтер
Хабарлама
05 июня 2026
Публичные слушания
Ақпарат
25 ноября 2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарованың Алматы қаласына жұмыс сапары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы