Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Кәсіпорын) Байқау кеңесі Кәсіпорынның Басқарма Төрағасының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Конкурсты өткізу орны: Нұр-Султан қаласы, Б.Момышұлы данғылы, 2/11, анықтама телефоны 8 (7172) 76 81 65.
Кәсіпорынның орналасқан жері: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Б.Момышұлы данғылы, 2/11, Avenue бизнес орталығы.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: қоғамдық денсаулықты сақтауға және жақсартуға, ерте анықтауды қоса алғанда, аурулардың алдын алуға бағытталған денсаулық сақтау және ғылыми зерттеулер саласындағы қызметті жүзеге асыру.
Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты қоғамдық денсаулық сақтау әлеуетін нығайту, қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі жедел функцияларын жүзеге асыру және қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушылар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс:
«Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша жоғары білім және «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша қайта дайындық туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәлік; немесе «Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) «Бизнес, басқару және құқық»; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру «Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша және (немесе) «Бизнес және құқық»; немесе МВА executive немесе full time дәрежесі; денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының болуы; тиісті мамандық бойынша жоғары санатының болуы; басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
Конкурсқа қатысушылар мынаны білуі тиіс: Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы;
қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері;
денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;
басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау;
медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы;
денсаулық сақтаудағы адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелер;
халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері;
отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері; денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары;
төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру;
Конкурсқа бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар қабылданбайды.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде резюме;
3) еркін түрде жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) енбек кітапшасының немесе еңбек шартының көшірмесі не сонғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың үзінді көшірмелері;
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама»;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы;
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтан ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар кәсіпорынға құжаттарын электронды түрде электрондық почта мекенжайына ұсынады: secretariat@hls.kz, құжаттарды қабылдау аяқталғанға дейін.
Құжаттарды қабылдаудың басталу күні - 2021 жылғы 15 ақпан.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде Нұр-сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Момышұлы даңғылы 2/11, Avenue бизнес орталығына тапсырылуы тиіс. Анықтама телефондары: 8 (7172) 76 81 65.
Конкурсқа жіберілген кандидаттар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бақылау кеңесінде әңгімелесуден өтеді.