Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі - Кәсіпорын) бас директорының бос лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды.
Конкурстың өтетін орны мен күні: Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 13/3, 2021 жылғы 25 қаңтардан бастап 2021 жылғы 8 ақпанға дейін.
Кәсіпорынның орналасқан жері: Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 13/3, телефон (7172) 24-88-55 (1011), электрондық адресі: office@ezdrav.kz.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Денсаулық сақтау жүйесінің ақпараттық инфрақұрылымын (электрондық денсаулық сақтау) және медициналық статистиканы жетілдіру жолымен денсаулық сақтау жүйесін дамытуға жәрдемдесу.
Кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері:
Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржылық-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.
Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынышты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен келісімшарттар жасайды, мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.
Конкурсқа қатысушылар келесі талаптарға сай болуы тиіс:
1) «Денсаулық сақтау» және (немесе) «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» және (немесе) «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білімі және (немесе) «Денсаулық сақтау» және (немесе) «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және (немесе) «Бизнес және құқық» даярлау бағыты бойынша немесе МВА executive немесе full time дәрежесі, Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты, басшылық лауазымдардағы кемінде 5 жылдық жұмыс өтілі;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттарды қабылдауды бастау және аяқтау күні: 2021 жылғы 25 қаңтардан бастап 2021 жылғы 8 ақпанға дейін.
Конкурсқа қатысу үшін келесі тұлғалар қабылданбайды:
1) он сегіз жастан кіші;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқығын бұзушылықты жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы бар.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының көшірмесі, немесе еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардың көшірмелері, немесе жұмыс өтілін растайтын басқа да құжат;
6) денсаулық жағдайы туралы анықтама (086 / у нысан);
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін жоғарылату, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.
Құжаттар ресми бұқаралық ақпарат құралдарында немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурстарында хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде электрондық түрде office@ezdrav.kz электрондық адресіне ұсынылуы тиіс. Құжаттардың түпнұсқалары сұхбат басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Анықтама телефондары: (7172) 24-89-56 (1089).
Конкурсқа жіберілген кандидаттармен сұхбатты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК-ның Байқау кеңесі жүргізеді.