Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі Географиялық жағынан қашық орналасқан офисінің қызметін үйлестірушінің позициясына конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы ақпан - 2023 жылғы ақпан аралығында Дания Корольдігі Копенгаген қаласындағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросына маманды іссапарға жіберу шартымен Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан офистің қызметін үйлестіруші бос лауазымына кандидатты іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

 

Копенгаген қаласындағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросына іссапарға жіберу шартымен маманды (Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан офис қызметінің үйлестірушісін) іріктеуді жүргізу шарттары мен мерзімдері

 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – ҚР ДСМ) «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы Қазақстан Республикасының Алматы қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан офисін ашу туралы келісімді ратификациялау туралы» 2015 жылғы 1 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы негізінде Дания Корольдігі Копенгаген қаласындағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросына (бұдан әрі – ДДҰ ЕӨБ) іссапарға жіберу шартымен маманды (Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан офистің  (бұдан әрі – ДДҰ ГҚО) қызметін үйлестірушіні) іріктеуді (бұдан әрі - іріктеу) жүргізеді.

БҰҰ агенттіктері үшін P3 санатындағы позицияларға қойылатын, https://www.who.int/careers/who-we-need/requirements/en/ мекенжайы бойынша орналасқан талаптарға сәйкес маманның (ДДҰ-ның МСАК жөніндегі ГҚО қызметін үйлестірушісінің) бос лауазымына үміткерлерге қойылатын талаптар мыналарды қамтиды:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  • қоғамдық денсаулық сақтау/ денсаулық сақтау менеджменті/ медицина саласындағы магистр дәрежесі;
  • денсаулық сақтау саласында, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ұйымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • ағылшын тілін меңгерудің кәсіби деңгейі (IELTS 7.0, TOEFL IBT 94 және одан жоғары), шетелде ағылшын тілінде алынған жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда ағылшын тілін меңгеру деңгейін растау туралы сертификат ұсынылмайды.

Қосымша (қалаулы) талаптар: іріктеуді жүргізу кезінде мынадай кәсіби қасиеттерді көрсеткен кандидатқа артықшылық беріледі:

             1) БҰҰ-ның тағы бір ресми тілін (араб, испан, қытай, орыс, француз) еркін меңгеру;

             2) тиісті денсаулық сақтау саласындағы рецензияланатын ұлттық, халықаралық баспа басылымдарында ғылыми жарияланымдардың болуы;

             3) ғылыми дәреженің болуы;

             4) ұлттық деңгейде денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдағы жұмыс тәжірибесі (кемінде 3 жыл).

Іріктеуге қатысу үшін мынадай құжаттарды тапсыру қажет:

1) дербес деректерді жинауға, сақтауға және таратуға келісімін және ұсынылған ақпараттың дәйектілігін растауды қамтитын еркін нысандағы өтініш;

2) түйіндеме;

3) ағылшын тілінде «Role of primary health care in pandemic preparedness and response» тақырыбына эссе, 500 сөзден артық емес;

4) азаматтыққа, білімге, жұмыс тәжірибесіне, тілдерді білуге қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелері және қалаған талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар (бар болса);

5) соттылығының жоқтығын, оның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда соттылығының жоқтығын растайтын құжат;

6) психоневрологиялық және наркологиялық ұйымнан диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтама;

7) екі ұсыныс хат.

Құжаттар пакеті хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде кейіннен іріктеу жеңімпазы үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсына отырып, сканерленген түрде vacancy@dsm.gov.kz электрондық мекенжайына ұсынылады. Іріктеуге қатысты сұрақтар бойынша кандидаттар 8(7172)743-164 телефоны арқылы хабарласа алады.

Маманның (МСАК жөніндегі ДДҰ ГҚО қызметін үйлестірушінің) бос лауазымына кандидаттарды іріктеуді жүргізу мерзімдері:

1) құжаттарды қабылдаудың басталу күні – ҚР ДСМ интернет-ресурсында іріктеу өткізу туралы хабарландыруды орналастыру күні

2) кандидаттардан құжаттар пакетін қабылдау мерзімі іріктеу өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде.

ҚР Денсаулық сақтау министрімен немесе оны алмастыратын адаммен, сондай-ақ ДДҰ ЕӨБ директорымен онлайн әңгімелесуді өткізу мерзімі туралы іріктеудің барлық алдыңғы кезеңдерінен сәтті өткен кандидаттарға ғана қосымша хабарланатын болады.

Маман (ДДҰ-ның МСАК жөніндегі ГҚО қызметін үйлестіруші) осы мерзімді ұзарту мүмкіндігімен 2021 жылғы ақпаннан бастап 2023 жылғы ақпанға дейінгі кезеңге 2 жылға жұмысқа қабылданады.

Маманның (МСАК жөніндегі ДДҰ ГҚО қызметін үйлестірушінің) өз міндеттемелерін орындауына кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, ҚР ДСМ маман (МСАК жөніндегі ГҚО қызметін үйлестіруші) лауазымына кандидаттарды жаңадан іріктеуді жүргізеді.

 

 

Дата публикации
22 декабря 2020
Дата обновления
22 декабря 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
01 июля 2026
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің жүйелері туралы жариялануға жататын мәліметтер
Хабарлама
05 июня 2026
Публичные слушания
Ақпарат
25 ноября 2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарованың Алматы қаласына жұмыс сапары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы