Қоғамдық мәні бар мәселелері бойынша азаматтық қоғамның ой-пікірін білдіру, мемлекеттік органдардың халық алдында есеп беруі, мемлекеттік органдар басшыларының жария сөз сөйлеуін қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылғы қарашада Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы қабылданды.
Жұмыс тобы Қоғамдық кеңестерді мемлекеттік органдардың өкілдері және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар арасынан қалыптастырады.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 615 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Кандидаттарға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы (жеке куәлік неме төлқұжат) кандидат бола алады.
Одан басқа кандидат:
1) сотталғандығы болмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.
Коммерциялық емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстары жазбаша түрде кандидаттың ТАӘ көрсете отырып суреті көрсетілген өмірбаянымен бірге оның жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын кұжаттары қоса беріледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2020 жылғы 8 қазанға дейін.
Құжаттарды қабылдау - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне мынадай мекен-жай бойынша ұсынылады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 1208 кабинет (электрондық пошта: s.kopeev@dsm.gov.kz).
Ескерту. Өз ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым мен азамат бір ғана кандидат ұсына алады.