Меню

Страницы

Статья

ҚАЗАҚСТАНДА ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ТАПШЫЛЫҒЫ 19%-ҒА ҚЫСҚАРДЫ

2025 жылы медициналық жоғары оқу орындарын 11 626 маман бітірді. Оның ішінде 1333 жас дәрігер ауылдық медициналық ұйымдарға жіберілді – бұл өткен жылмен салыстырғанда төрт есе көп (370 адам).

Медициналық кадрларды қолдау:

2024 жылдың қазан айынан бастап 13 аса тапшы мамандық бойынша 254 дәрігер ауылдық жерде жұмыс істегені үшін 8,5 млн теңге мөлшерінде біржолғы төлем алды

дәрігерлердің тапшылығы 19%-ға, орта медицина қызметкерлерінің тапшылығы 7%-ға қысқарды. Ауылдарда тапшылық 16%-ға төмендеді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша резидентурада қосымша 1000 грант бөлінді


Оқытудың жаңа тәсілдері:

1 қыркүйектен бастап интернатурада 6 мамандық бойынша даярлық басталады: ЖПД, терапия, педиатрия, хирургия, балалар хирургиясы, акушерлік және гинекология
- балалар бейіні мамандарының тапшылығын азайту үшін резидентурада 14 бала мамандығы бойынша оқыту басталады;

жалпы білім беру есебінен базалық пәндерге 10 кредитке ұлғайту жағына қарай дипломға дейінгі деңгейде дәрігерлік кадрларды даярлаудың білім беру бағдарламалары қайта қаралды;

медициналық білім берудің барлық деңгейлері үшін стипендиялар 20%-ға көтерілді.

Халықаралық интеграция

1 қыркүйекте Қарағанды медицина және Қазан федералдық университеттерінің арасындағы меморандумның шеңберінде қос дипломды бағдарламаға бакалаврларды алғашқы қабылдау өтеді.

Пәкістанда Қазақстан медицина университетінің филиалы ашылады. Бұл мықты студенттерді іріктеуге, білім беру жүйесін жосықсыз рекрутингтен қорғауға және қазақстандық медициналық білімнің халықаралық рейтингтердегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

Дата публикации
04 сентября 2025
Дата обновления
04 сентября 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
01 июля 2026
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің жүйелері туралы жариялануға жататын мәліметтер
Хабарлама
05 июня 2026
Публичные слушания
Ақпарат
25 ноября 2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарованың Алматы қаласына жұмыс сапары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы