Меню

Страницы

Статья

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: медициналық көмектің бірыңғай пакетіне көшу медициналық қызметтердің қайталануын болдырмауға бағытталған

«Міндетті медициналық сақтандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына реттеуші саясаттың консультациялық құжаты туралы
Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес «Бюджеттің мүмкіндіктері мен міндеттемелері тұрғысынан теңдестірілген базалық мемлекеттік медициналық көмектің бірыңғай пакетін қалыптастыру» тапсырылды. Оның үстіндегі барлық нәрсе сақтандыру жүйесі арқылы төленуі керек.».
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) «Міндетті медициналық сақтандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына (бұдан әрі - Заң жобасы) реттеушілік Саясаттың консультациялық құжатын (бұдан әрі – РСКҚ) әзірледі.
Заң жобасында кепілдендірілген және сақтандырылған медициналық қызметтерінің қайталануын болдырмауға, сондай-ақ азаматтардың оны қабылдауының қарапайымдылығы мен түсінігіне бағытталған медициналық көмектің бірыңғай пакетіне көшу көзделген.
Осы пакетті енгізуді 2027 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асыру ұсынылады.

ТМККК-ның ағымдағы медициналық көмек пакетін бюджеттің мүмкіндіктері мен міндеттемелері тұрғысынан жетілдіру қаржыландыруды жедел және тиімді басқаруға және халық үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, мынадай оң нәтижелер қамтамасыз етілетін болады:
- ТМККК және МӘМС пакеттері нақты бөлініп, аралас пакеттер алынып тасталады;
- Онкологиялық ауруларға скринингтер сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық азаматтар үшін қолжетімді болады;
- Пациенттің сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық әлеуметтік мәні бар ауруларға күдік туындаған жағдайда тексерулер тегін болады;
- Медициналық қызметтерге тарифтер нақты шығындарға сәйкес түзетіледі.

Дата публикации
01 ноября 2024
Дата обновления
01 ноября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 июля 2026
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің жүйелері туралы жариялануға жататын мәліметтер
Хабарлама
05 июня 2026
Публичные слушания
Ақпарат
25 ноября 2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарованың Алматы қаласына жұмыс сапары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы