Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласындағы Қоғамдық кеңестің мүшелерін сайлау бойынша жұмыс тобының мүшелерін сайлауға конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласындағы Қоғамдық кеңестің мүшелерін сайлау бойынша жұмыс тобының мүшелерін сайлауға конкурс жариялайды

 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысына сәйкес Қоғамдық кеңестер мемлекеттік органдардың өкілдерінен және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, азаматтардан тұратын жұмыс тобымен (бұдан әрі – Жұмыс тобы) қалыптастырады.

Өзінің ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсына алады.

Конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 күн мерзімде  коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне   жазбаша түрде жұмыс тобына кандидатуралар бойынша  ұсыныстарын жіберсін.

Жұмыс тобының өкілеттіктері.

Жұмыс тобы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

        1) халықты Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау туралы конкурс туралы хабардар етеді;

        2) қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын айқындайды;

        3) қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін өткізеді;

        4) қоғамдық кеңес туралы ереже жобасын осы Үлгілік ереже негізінде әзірлейді.

Азаматтық қоғамнан жұмыс тобына кандидаттарға 2015 жылғы  2 қарашадағы № 383-V ҚРЗ «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады:

Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде қалыптастырылған жағдайда – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

1) сотталғандығыс болмауы;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

Қоғамдық кеңестерге сайлану үшін белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар конкурсқа жіберілмейді.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2020 жылғы 25 тамызға дейін.

Электрондық мекен-жайға құжаттарды қабылдау: A.Koshkarbaeva@dsm.gov.kz ескерту.

Дата публикации
11 августа 2020
Дата обновления
11 августа 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
01 июля 2026
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің жүйелері туралы жариялануға жататын мәліметтер
Хабарлама
05 июня 2026
Публичные слушания
Ақпарат
25 ноября 2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарованың Алматы қаласына жұмыс сапары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы