Меню

Страницы

Статья

Баспасөз-релизі Қазақстандағы COVID-19 бойынша жаңартылған статистиканың алғашқы нәтижесі туралы

02.08.2020 жыл                                                                 Нұр-Сұлтан қаласы

COVID–19 және пневмонияға шалдыққан науқастар туралы мәлімет  барынша ашық болу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 18 шілдеден бастап статистикалық деректерді есепке алу мен қалыптастырудың жаңа тәсілдерін анықтады.

ДДСҰ-ның Еуропалық аймақтық Бюросымен бірқатар техникалық консультация жүргізілгенннен кейін, COVID-19 аурулардың халықаралық жіктемесінің жаңа коды бойынша кодтау және есепке алу туралы шешім қабылданды.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап  зертханада анықталған COVID-19 бен  ПТР-тест нәтижесі таза, бірақ коронавирус инфекциясының клиникалық және эпидемиологиялық белгілері бар пневмония бірге есепке алынады.

КВИ және пневмонияны есепке алудың жаңа тәсілі дұрыс болжам жасауға, қажетті ресурстарды: медициналық кадр, төсек-орын, медициналық жабдық, дәрілік заттарды  жоспарлауға, сондай-ақ статистиканың ашық болуына мүмкіндік береді. Бұл  мемлекетіміздің  пандемияға бірге күресуге және оның салдарын халықаралық қауымдастықпен тығыз байланыста зерттеуге дайын екенін көрсетеді.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясы бойынша статистиканы дұрыс қалыптастыру үшін Кодтау алгоритмі мен деректерді ақпараттық жүйелерге енгізудің  нұсқаулығын әзірледі, медицина қызметкерлерін COVID-19 кодтарын АХЖ-10 жіктемесі бойынша әзірлеуге  оқытты.

Осылайша, 2020 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша, 1 226 адамнан COVID-19 анықталып, соңғы тәулікте 36 адам қайтыс болды. 5 181 науқас зертханада анықталмаған, бірақ коронавирус инфекциясының клиникалық және эпидемиологиялық белгілері бар пневмонияға шалдыққан. Өткен тәулікте осы диагноздан 30 пациент қайтыс болды.

 

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің Ақпарат орталығы

Press_mz@mail.ru

Т:+77015515690

Дата публикации
02 августа 2020
Дата обновления
02 августа 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
01 июля 2026
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің жүйелері туралы жариялануға жататын мәліметтер
Хабарлама
05 июня 2026
Публичные слушания
Ақпарат
25 ноября 2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарованың Алматы қаласына жұмыс сапары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы