Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Басқарма төрағасы лауазымына конкурстық іріктеу өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Байқау кеңесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Басқарма төрағасы (бұлан әрі – Басшы) бос лауазымына іріктеу бойынша конкурс (бұдан әрі – Конкурс) жариялайды.
Конкурс өткізу күні: ресми бұқаралық ақпарат құралдарында немесе тиісті саланың уәкілетті органының интернет-ресурсында хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде.
Конкурс өткізу орны: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қорғалжын шоссесі, 13/2 ғимарат, 2 т.е.б.
Кәсіпорын атауы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын).
Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қорғалжын шоссесі, 13/2 ғимарат, 2 т.е.б., телефон 8 (7172) 701-703, электронды пошта мекенжайы info@emcrk.kz.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
1) Қазақстан Республикасының халқына санитариялық авиация нысанында шұғыл медициналық көмек көрсету және жедел медициналық жәрдем және шұғыл медициналық көмек көрсететін қабылдау бөлімшелері стационарларының қызметін үйлестіру.
Кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері:
1) тиісті саланың уәкілетті органы және байқау кеңесі шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;
2) үшінші тұлғалармен қатынастарда Кәсіпорын атынан әрекет етеді;
3) банктік шоттар ашады, барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
4) үшінші тұлғалармен қатынастар Кәсіпорынның мүддесін білдіру құқығына сенімхат береді;
5) Мемлекеттік мүлік туралы заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Кәсіпорын қызметкерлерін қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;
6) өзі болмаған жағдайда өз міндеттерін атқаруды Басқарма мүшелерінің біріне жүктейді;
7) Басқарма мүшелерінің арасында міндеттерді, сондай-ақ өкілеттіктер саласын және жауапкершілікті бөледі;
8) жеке жауаптылықта болады:
Қаржы-шаруашылық қызметіне және Кәсіпорын мүлкінің сақталуы үшін;
Кәсіпорынның даму жоспарын іске асырудың нәтижелілігіне және тиімділігіне;
Таза табыстың белгіленген бөлігін уақытылы бюджетке аудармағаны үшін;
9) Кәсіпорынның Жарғысымен айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Медицина саласында жоғары білімінің;
«Қоғамдық денсаулық сақтау»/ «Денсаулық сақтау менеджменті»/ «Фармация» мамандықтары бойынша немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшіліктендіру саласында екінші жоғары білімінің немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті», «Фармация» «Менеджмент» немесе «Медицина» (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін)/ "Бизнес әкімшіліктендіру", «Іскерлік әкімшіліктендіру», «Экономика», «Қаржы және кредит» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы немесе PhD докторы дәрежесінің болуы.
Басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқару жүйесі мен денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, халық үшін санитарлық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды, адамның өмір сүру ортасының факторларын, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлық-экономикалық және қаржылық қызметтерінің негіздерін, қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесінің негіздерін, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес белгілі бір лауазымға тұру немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айырылған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол берілмейді.
Мыналарға:
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына басқару функцияларын орындаумен байланысты лауазымға бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды;
кәмелетке толмағандардың қатысуымен білім беру, тәрбиелеу және дамыту, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене шынықтыру және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласындағы ұйымдарға: адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе лаңкестік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларының негізінде оларға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда) адамдарды жұмысқа орналастыруға жол берілмейді
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдауды бастау және аяқтау күні: ресми бұқаралық ақпарат құралдарында немесе тиісті саланың уәкілетті органының интернет-ресурсында хабарландыру жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу жөніндегі өтінім;
2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
4) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтан үзінді көшірме не еңбек өтілін растайтын басқа құжат;
5) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 086/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурсты жариялаған Кәсіпорынға хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күнге дейін электрондық түрде құжаттарды ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталар алдында бір сағат бұрын кешіктірмей ұсынылады. Оларды ұсынбаған жағдайда ол адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурсқа қатысушы оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби даярлығы туралы қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстар және т.б.).