Меню

Страницы

Статья

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҮШІН ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ІРІКТЕУ БОЙЫНША КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтау саласындағы Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды («Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы ҚР Заңына және Қоғамдық кеңес туралы 2021 жылғы               26 ақпандағы №69 Үлгілік ережеге сәйкес).

Конкурс Қазақстан Республикасының азаматтары мен коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері арасында өткізіледі.

Құжаттар 2023 жылғы 20-қазанға дейін қабылданады.

Жұмыс тобының сандық құрамы 9 адам, оның ішінде 2 – мемлекеттік органның өкілдері, 7 – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының азаматтары.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

1) Азаматтың Жұмыс тобының құрамына кандидатура ұсыну туралы нысанға сәйкес өтініші (1-қосымша);

2) Кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер (2-қосымша);

3) Коммерциялық емес ұйымның Жұмыс тобының мүшелігіне кандидатураны ілгерлету бойынша жазбаша ұсынысы (бар болса) (3-қосымша);

4) Қазақстан Республикасының азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Жұмыс тобының отырыстарына қатысуға үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралымдарың, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жіберілетініне назар аударамыз.

Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам, берілген нысан бойынша өтініш бере алады (4-қосымша).

Құжаттар электрондық поштаға жіберіледі – s.kopeev@dsm.gov.kz

Анықтама телефоны: 8 7172 74 34 98

 

Дата публикации
10 октября 2023
Дата обновления
10 октября 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
01 июля 2026
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің жүйелері туралы жариялануға жататын мәліметтер
Хабарлама
05 июня 2026
Публичные слушания
Ақпарат
25 ноября 2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарованың Алматы қаласына жұмыс сапары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы