Меню

Страницы

Статья

АСТАНАДА В ЖӘНЕ С ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТТЕРІН ЭЛИМИНАЦИЯЛАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ БАҒДАРЛАМА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Бүгін вице-министр Вячеслав Дудниктің төрағалығымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде CDAF ауруларды талдау орталығы Қорының өкілдерімен кездесу өтті. 10 000 адамды қамти отырып, Астана қаласында В және С вирустық гепатиттерін жою жөніндегі пилоттық бағдарламаны іске асыруды талқылауға ауруларды талдау орталығы (CDAF) Қорының Басқарушы директоры Хоми Разави, Өзбекстан Республикасының CDAF өкілі Садирова Шахло, ҚР ДСМ құрылымдық бөлімшелерінің мамандары (МКҰД,ЖБ Д), сондай-ақ осы жобаның кураторы «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС қатысты.

Вячеслав Дудник өзінің құттықтау сөзінде бұл жобаны Қазақстанда іске асырудың маңыздылығын атап өтті, өйткені бүгінгі таңда вирустық гепатиттермен сырқаттану проблемасы біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемде өзекті болып тұр. Вирустық гепатит бауырдың ауыр ауруын және гепатоцеллюлярлық карциноманы тудырады. Сондай-ақ, ол вирустық гепатиттердің профилактикасы бойынша барлық ұйымдастырушылық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, оның ішінде СӨС аспектілері бірлесіп пысықталатынына және пилоттық жоба қысқа мерзімде басталатынына сендірді.

Осы жобаны іске асырудың арқасында С вирустық гепатитін уақтылы анықтау, емдеу және оның асқынуларының алдын алу үшін халықты жалпыға бірдей скринингтеу мәселесі пысықталатын болады, бұл цирроз мен бауыр обырынан болатын өлімді азайтуға мүмкіндік береді.

Дата публикации
28 января 2023
Дата обновления
28 января 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
01 июля 2026
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің жүйелері туралы жариялануға жататын мәліметтер
Хабарлама
05 июня 2026
Публичные слушания
Ақпарат
25 ноября 2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарованың Алматы қаласына жұмыс сапары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы