Құрметті журналистер
Құрметті қазақстандықтар
КВИ бойынша жағдай
Әлемде коронавирус инфекциясы әлі де тіркелуде, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, соңғы аптада жалпы алғанда, әлемде сырқаттанушылықтың 3%-ға төмендегені байқалады, сырқаттанушылықтың өсуі Америкада және Тынық мұхитының батыс бөлігінде (Австралия, Вьетнам, Камбоджа, Қытай, Малайзия, Моңғолия, Корея, Сингапур, Жапония) байқалады, қалған 4 өңірде (Еуропа, Оңтүстік Шығыс Азия, Африка, Шығыс Жерорта теңізі) сырқаттанушылық 16%-дан 36%-ға дейін төмендеді.
Соңғы аптада әлемнің 54 елінде сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, оның ішінде Грузияда соңғы аптада сырқаттанушылық 71%-ға (431 жағдайдан 735 жағдайға дейін), Молдовада 31%-ға (4 мың жағдайдан 5 мың жағдайға дейін), Румынияда 16% (2924 жағдайдан 3386 жағдайға дейін), Германияда 4%-ға (221 мың жағдайдан 231 мың жағдайға дейін), Үндістанда 3%-ға (1135 жағдайдан 1170 жағдайға дейін), Әзербайжанда 3%-ға (536 жағдайдан 556 жағдайға дейін) өскені байқалады.
COVID-19 штаммының Омикрон нұсқасы әлемде айналымда жүрген басым нұсқа болып отыр, зерттелген үлгілердің 87%-ы осы нұсқаға (оның ішінде ВА..5 – 70,0%, ВА.4 – 2,0%, ВА.2 – 9,6%, BQ.1 – 36%) тиесілі.
Қазақстанда SARS-CoV-2 вирусының генетикалық сипаттамасын анықтау кезінде ағымдағы жылдың қараша айында Омикрон нұсқасының айналымы да анықталды, оның 0,5%-нда BQ 1.1 (Цербер) субгенетикалық желісі, 99,5%-да – Омикрон штаммының басқа нұсқалары анықталды.
Цербер нұсқасы қазіргі уақытта әлемнің 65-тен астам елінде анықталған және омикронның бұрынғы кіші түрлерінен айырмашылығы жоқ. Ауру көбінесе жедел респираторлық ауру түрінде жеңіл өтеді.
Қазақстанда желтоқсан айында қараша айымен салыстырғанда сырқаттанушылықтың (2169 жағдайдан 5127 жағдайға дейін) 2,3 есе өсуі байқалады.
Тәулігіне 300-ге дейін КВИ+ және 20 жағдайға дейін КВИ- жағдайы тіркелуде.
Анықтама үшін: 28 желтоқсандағы жағдай бойынша КВИ-дің оң нәтижесімен 1 402 049 науқас және КВИ-дің теріс нәтижесімен 90 512 жағдай тіркелді.
Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 12 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы және барлық өңірлер жасыл аймақта орналасқан, алайда, R көрсеткішінің бір бірліктен жоғары болуы еліміздің 15 өңірінде байқалады, бұл инфекцияның таралуының өскенін көрсетіп отыр.
Министрліктің атына қолданыстағы және жоспарланатын шектеу шаралары туралы көптеген сұрақтар келіп түседі, сондықтан қолданыстағы шектеулер туралы айта кеткім келеді.
Қолданыстағы шектеу шараларына сәйкес, R көрсеткіші 1-ден жоғары тіркелген кезде халық көп жиналатын жерлерде маска кию ұсынылады.
Өңір сары аймаққа көшкен кезде ұжымдарды бір-бірінен ажыратуға бағытталған шаралар қабылданатын болады, бұл жақын байланыстағы адамдарды, вакцинациялауға абсолютті қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс түріне ауыстыру, білім беру ұйымдарында топтарды қоса отырып, іс-шаралар өткізуді болдырмау болып табылады.
Өңір қызыл аймаққа көшкен кезде инфекцияның таралуына және емдеуге жатқызылған адамдардың санына байланысты жиналыстарды онлайн форматқа көшіру, жабық үй-жайларда, көліктің барлық түрлерінде маскаларды міндетті түрде пайдалану, жабық мекемелерге баруға шектеулер енгізу, объектілерде «Ashyq» қосымшасын міндетті түрде пайдалану, қызметкерлердің 30%-ын қашықтан жұмыс істеу форматына көшіру, іс-шараларды өткізу кезінде объектілердің толтырылуын 50%-дан асырмау сияқты шектеу шаралары қабылданатын болады.
Анықтама үшін:
* Жасыл – 100 000 тұрғынға шаққанда емдеуге жатқызылған адамдар санының көрсеткіші 12.5-тен кем, сондай-ақ R репродуктивті саны 1-ден кем болған кезде 100 000 тұрғынға шаққанда емдеуге жатқызылған адамдар санының көрсеткіші 12.5-тен 25-ке дейін;
Шаралар: халық көп жиналатын орындарда (әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО-лар, банктер, көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар), ұйымдасқан ұжымдарда, көліктің барлық түрлерінде (қоғамдық көлік, авиакомпания, теміржол, халықаралық автобус тасымалы) медициналық немесе матадан тігілген маскаларын киюді ұсыну.
* Сары – 100 000 тұрғынға шаққанда емдеуге жатқызылған адамдар санының көрсеткіші 12.5-тен 25-ке дейін, R репродуктивті санының көрсеткіші 1-ден жоғары болған кезде, сондай-ақ R репродуктивті санының көрсеткіші 1-ден төмен болған кезде 100 000 тұрғынға шаққанда емдеуге жатқызылған адамдар санының көрсеткіші 25-тен 50-ге дейін;
Мыналарды қамтамасыз ету қажет:
- міндеттерін орындау қашықтықтан форматта мүмкін болмайтын қызметкерлерді қоспағанда, жақын байланыста болған адамдарды қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру;
- міндеттерін орындау қашықтықтан форматта мүмкін болмайтын қызметкерлерді қоспағанда, COVID-19 пациентімен байланыста болған кезде COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға абсолютті қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру;
- білім беру ұйымдарында топтарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуді болдырмау (топтарда іс-шаралар өткізуге рұқсат етілген);
- желдету және ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі, желдету режимін сақтау, адамдардың көп жиналуы мүмкін объектілерде, көліктің барлық түрлерінде санитариялық-дезинфекциялық іс-шараларды күшейту;
халық көп жиналатын орындарда (әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО-лар, банктер, көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар), ұйымдасқан ұжымдарда, көліктің барлық түрлерінде (қоғамдық көлік, авиа, теміржол, халықаралық автобус тасымалы) медициналық немесе матадан тігілген маскаларын пайдалануды ұсыну.
* Қызыл – 100 000 тұрғынға шаққанда емдеуге жатқызылған адамдар санының көрсеткіші 25-тен 50-ге дейін, R репродуктивті саны 1-ден жоғары болған кезде, сондай-ақ 100 000 тұрғынға шаққанда емдеуге жатқызылған адамдар санының көрсеткіші 50-ден 200-ге дейін;
1) төсек-орынмен қамту көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 25,0-ден 50,0-ге дейін және R 1-ден артық болған кезде:
- 10-нан астам адам қатысатын кеңестерді онлайн форматқа көшіру;
- жабық үй-жайларда, көліктің барлық түрлерінде медициналық немесе матадан тігілген маскаларды міндетті түрде пайдалану;
- жабық мекемелерге (МӘС, ҚАЖК және басқалар) баруға шектеулер енгізу;
2) төсек-орындармен қамту көрсеткіші R-ге қарамастан 100 мың тұрғынға шаққанда 50,0-ден артық болған кезде мыналарды қамтамасыз ету қажет:
- объектілерде «Ashyq» қосымшасын міндетті түрде пайдалану, тек «жасыл және «көк» мәртебесі бар адамдарға ғана кіруге рұқсат ету;
- мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің 30%-ын қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру;
- объектілердің толымдылығын 50%-дан асырмай, адамдар көп жиналатын іс-шараларды (салтанатты, естелік, отбасылық іс-шаралар, көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар, конференциялар, форумдар, ойын-сауық және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шаралар) өткізу.
Инфекциялық төсек-орынмен қамту 13%-ды (309 төсек), реанимациялық төсек-орынмен қамту 4%-ды (17 төсек) құрайды.
Анықтама үшін: ӨЖЖ аппаратында – 3 науқас (Астана қ.), инвазивті емес өкпені жасанды желдету аппаратына 2 науқас қосылған, 12 пациент өздігінен тыныс алуда.
Барлық науқастардың ілеспе аурулары бар. Оның ішінде қан айналымы жүйесінің ауруларымен, тыныс алу органдарының ауруларымен, қант диабетімен, семіздікпен және т.б. ауыратын науқастар.
Республикада 172 инфекциялық аурухана стационарлық көмек көрсетеді, олардың қуаты 2 378 төсек-орын.
Инфекциялық ауруларға арналған бос емес төсек-орынның көлемі Жамбыл облысында - 70%, Астана қаласында - 52%, Алматы қаласында – 30%.
Бос емес реанимациялық төсек-орын Астана қаласында - 28%, Шымкент қаласында – 10%.
Құрметті журналистер
Құрметті қазақстандықтар
КВИ-ге қарсы ревакцинация әлі де инфекциядан қорғанудың жалғыз тәсілі болып отыр. Республикада халықты вакцинациялау және ревакцинациялау жалғасуда.
Анықтама үшін: бүгінгі күні КВИ-ге қарсы вакцинациямен ересек тұрғындардың шамамен 81,1% - ы немесе еліміздің тұрғындарының 57% - дан астамы қамтылған.
Алғашқы ревакцинацияны 5,7 млн. адам немесе егілуге тиісті халықтың 70,5%-ы, қайта ревакцинацияны – 1,2 млн. адам немесе егілуге тиісті халықтың 54,8%-ы алды.
Бірінші ревакцинациямен тәулігіне орта есеппен 2600 адам, қайта ревакцинациямен – 4300 адам егіледі.
Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациямен тәулігіне орташа 120 адам егіледі.
Қазіргі уақытта Қазақстанда халықты вакцинациялау және ревакцинациялау үшін вакциналардың 3 түрі бар: Казвак, Sinofarm және Pfizer. Егу пункттерінде 98 мың доза КазВак, 306 мың доза Sinofarm және 71 мың Pfizer қалдығы бар.
Құрметті журналистер
Құрметті қазақстандықтар
Тұмау жағдайы
Қазір тұмау және жіті респираторлық вирустық инфекция бойынша эпиджағдай туралы хабарлағым келеді.
Қазіргі уақытта ЖРВИ және тұмау ауруларының маусымдық өсуі байқалады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірінің мәліметтері бойынша, COVID-19 пандемиясына дейінгі маусымдарға қарағанда барлық өңір бойынша тұмау белсенділігі ерте өсуде. Елдерде айналымдағы вирустардың аралас таралуы байқалады.
Әлемнің 125 елінде тұмаудың 100 мыңға жуық жағдайы зертханалық расталды, оның 97,9% - ы А тұмауы және 2,1% - ы В тұмауы болып табылады.
Қазақстанда эпидемиологиялық маусым басталғалы бері (2022 жылғы 1 қазаннан бастап) ЖРВИ-дың 2,2 млн жағдайы және тұмаудың 2 284 жағдайы ( В тұмауы – 2002, А(H3N2) тұмауы – 14, А(H1N1) - 268) тіркелген. Ауырғандардың 65%-ы 14 жасқа дейінгі балалар құрайды.
ЖРВИ және тұмау маусымы жыл сайын қазан-сәуір айларында өтеді, ағымдағы эпидемиологиялық маусым тұмау вирусының айналымының ерте басталуымен сипатталды
Өткен жылдың осыған кезеңімен салыстырғанда ЖРВИ-мен сырқаттанушылық 10% - ға өсті (2021 жылдың осыған ұқсас кезеңінде ЖРВИ-дің 1 988 692 жағдайы тіркелген).
Қазан айында республика бойынша тұмауға қарсы 2,4 млн адам немесе республиканың жалпы халқының 12,7%-ы егілді, оның ішінде: 14 жасқа дейінгі балалар – 518 мың (22%), ересектер – 1,8 млн (78 %).
Анықтама үшін: сырқаттанушылықтың ең көп өсуі Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Атырау, Алматы облыстарында және сырқаттанушылық 20%-дан 40%-ға дейін өскен Алматы және Астана қалаларында байқалады, Ақтөбе облысын қоспағанда, қалған өңірлерде сырқаттанушылық 10% - ға өсті.
Жалпы алғанда, 2022-2023 жылғы эпидемиологиялық маусымда тұмауға қарсы «Гриппол плюс» вакцинасының 2 282 824 дозасы сатып алынды.
Егілген адамдардың ішінде: жергілікті бюджет қаражатынан 2 274 518 адам (94,5%); жұмыс берушілер есебінен – 74 538 (3,0%); ақылы негізде – 57 628 (2,5%) адам егілген.
(2021-2022 эпидемиологиялық маусымда 2 699 430 адам егілді, халықтың 14,0% - ы қамтылды).
Қазақстанда тұмауға қарсы тағы 7 вакцина, оның ішінде Ресейде өндірілген 3 вакцина (Гриппол квадри, Ультрикс квадри, Флю-М), Голландияда өндірілген 2 вакцинае (Аббот өндірісінің Инфлювак тетра және Инфлювак), 1 вакцинадан Францияда өндірілген (Санофи-Пастер өндірісінің «Ваксигрип Тетра») және Қытайда өндірілген (Синовак биотек өндірісінің тұмауға қарсы вакцинасы) тіркелген.
Сондай-ақ респираторлық вирустық инфекциялардың ішінде риновирустық, РС вирустық және аденовирустық инфекциялар басым, олар оң үлгілердің 30%-на дейін тіркелуде (10 469 үлгі зерттелді, оң – 1032 үлгі).
Медико санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарында сүзгі кабинеттерінің жұмысы қамтамасыз етілген, санитариялық-дезинфекциялық және эпидемиологиялық режим сақталады, штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
Науқастардың 90%-ы амбулаториялық деңгейде емделуде.
Республикада медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін 5695 объекті жұмыс істейді.
Анықтама: оның ішінде дәрігерлік амбулаториялар - 1327, ФАП - 819, медициналық пункттер – 2924, МСАК орталықтары мен емханалар – 625 (статистикалық жинақ деректері бойынша).
МСАК ұйымдарында 12 678 учаске бар, оның ішінде 1913 педиатриялық, 1129 терапиялық және 9636 жалпы практика дәрігерінің (ЖПД) учаскесі.
МСАК ұйымдарында 108 909 медицина қызметкері жұмыс істейді, оның ішінде 33 787 дәрігер, 75 122 орта медицина қызметкері. МСАК-тың кадр резервінде 1273 дәрігер, 2876 орта медицина қызметкері бар.
ЖРВИ-мен ауыратын және КВИ-ға күдікті пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін МСАК ұйымдарында 2289 мобильді бригада жұмыс істейді, оның ішінде ауылда – 1022, резервте – 1521.
Анықтама: жарақтандыру нормативіне сәйкес мобильді бригада 5 мың тұрғынға есептеліп құрылады.
2022 жылдың 10 айында мобильді бригадалар 919 174 рет шықты. Олардың ең көп саны Қарағанды облысында және Астана мен Алматы қалаларында жүзеге асырылған.
Медико санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарында 739 Call-орталық құрылды, 2739 сүзгі кабинеті орналастырылды. Шұғыл медициналық көмек көрсету үшін 1492 жедел медициналық жәрдем бригадасы бар (2295 бірлік медициналық автокөлік бар).
Тыныс алу ағзаларының ауруларымен 15 826 адам стационарлық ем алып жатыр, оның ішінде ЖРВИ диагнозымен – 8202 (52%), тұмаумен - 19 (0,12%).
Мен ЖРВИ-ден болатын тұмаудың клиникалық көріністерін еске салғым келеді, тұмау қысқа инкубациялық кезеңмен сипатталады, ол 1,5 күнге дейін созылады, ал КВИ және басқа ЖРВИ-де ол 10 күнге дейін созылады. Сондай-ақ, ЖРВИ-мен салыстырғанда тұмау жіті басталады және дене температурасының 39°C дейін көтерілуімен, қалтырау, бұлшықет және бас ауруы, бүкіл дененің ауыруы, төс сүйегінің артындағы ауырсынумен құрғақ жөтелмен сипатталады.
Тұмау мен ЖРВИ эпидемиологиялық маусымының күрделенуін ескере отырып, ЖРВИ, тұмау және КВИ алдын алу мақсатында алдағы жаңа жылдық мерекелерде халыққа мынадай ұсынымдар беремін:
- халық көп жиналатын жерлерде маскаларды қолдану:
– адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық бөлмелерге, әсіресе балалармен баруды шектеу;
- үй-жайларды үнемі желдетіп отыру;
- қолды өңдеу үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық сулықтарды қолдану;
- науқас адамдармен байланысты шектеу;
- тұмау және ЖРВИ белгілері пайда болған кезде балаларды үйде қалдыруға және ұйымдасқан ұжымдарға (мектепке дейінгі ұйымдарға, мектептерге) жібермеу, дәрігерді үйге шақыру.
Тұмау асқынулармен қауіпті, сондықтан респираторлық аурулардың алғашқы белгілері пайда болған кезде өздігінен емделуге болмайды, дереу дәрігерге қаралу керек.
Құрметті журналистер
Құрметті қазақстандықтар
Жаңа жылдық ұзақ мерекелер қарсаңында Сіздерден, тамақтан уланудың алдын алу бойынша ұсынымдарыма назар аударуды сұраймын:
- рұқсат етілмеген сауда орындарында азық-түлік сатып алмаңыз;
- дайындалған тағамды ұзақ уақыт бойы сақтамаңыз;
- жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді тұтынбаңыз;
- азық-түлікті тасымалдау және сақтау үшін таза қаптаманы (полиэтилен, қағаз, азық-түлік контейнерлері) пайдаланыңыз;
- тағамдарды (әсіресе ет, балық, теңіз өнімдері мен жұмыртқаны пайдалана отырып) дайындаудың температуралық режимін сақтаңыз;
- жеке гигиена ережелерін сақтаңыз;
Сөзімді қорыта келе, өз денсаулықтарыңызды күтуді және жақындарыңызды қорғауды сұраймын.
Назарларыңызға рахмет!